English

Үш деңгейлік оқыту курсы бойынша 5 сыныпқа құрылған сабақ жоспары

Үш деңгейлік оқыту курсы бойынша 5 сыныпқа құрылған сабақ жоспары

Апта

Күні: 18.10

Сабақ 2

Сабақтың тақырыбы

III тарау

How many stamps have you got?

Жалпы мақсаты

 

         зат есімнің көпше түрінің жасалуынтүсіндіру;

         белгісіз есімдік «any» қолданысын   түсіндіру;

         Жаңа сөздерді енгізу.

 

Күтілетін нәтижелер

 

         зат есімнің көпше түрін ажырата алады;

         тиісті жұрнақты жалғайды, біреуге көмектеседі, талқылайды, өз ойын айтады;

         пікір алмаса алады.

Керекті жабдықтар

 

 

Оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

 

Сааақ :езеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

Good afternoon, children! How are you? Take your sits. Who is on duty today? Who is absent? Thank you!

Ең алдымен оқушыларды “coins”, “stamps” болып екі топқа бөлінеді. Тиын мен марканың айырмашылығын тақтадан сурет арқылы түсіндіру.

Бес оқушыдан үй тапсырмасы сұралады. Үйге 54 беттегі 10 жаттығуда “have” етістігін пайдаланып болымды, болымсыз сөйлемдер құрастыру берілді.

Good afternoon, teacher! We are fine. I’m on duty today. All are present.

 

Оқушылар өз топтарына барып жайғасады. Оқушылар суретке қарап түсіндіреді, айырмашылығын айтады.

 

Оқушылар тапсырмалары орындады, бір-бірін тыңдай білді. Мысалы, Тоғжан: «I have got a bike, a computer and a walkman. I have not got a radio and a camera».  Nazerke: “I have got a watch” etc.

Тұсаукесер

 

 

Бүгінгі күннің жадысы, тақырыбы интерактивті тақтаға жазылады. Оқушыға жаңа сөздерді түсіндіремін,  айтамын.

A coin, a stamp, a badge, a model car

 

Оқушылар күннің жадысын, тақырыбын дәптерлеріне жазады.  

Оқушылар менің соңымнан қайталайды сол арқылы тілдерін жаттықтырады.

 

Негізгі бөлім

 

 

 

Балалар зат есім дегеніміз не? Зат есімнің қандай түрлері болады? Зат есімнің көпше түріне ағылшын тілінде –s, -es, -ies жұрнағы жалғанады.  Мысалы a pen- pens, a book- books. Егер сөз –ss, -sh, -ch, -x. әріптеріне аяқталса, онда-es, жалғауы жалғанады.   Мысалы, box-boxes, class- classes. Егер сөз –ss, -sh, -ch, -x. әріптеріне аяқталса, онда-es, жалғауы жалғанады.   Мысалы, box-boxes, class- classes.

Оқушыларға мысал келтіріп зат есімнің көпше түрін айту берілді.

Электрондық оқулықтан зат есім туралы мысалдыр беріледі. Мыс: a bear, one bear, three bears, a cat, one cat, three cats, a fox, one fox, many foxes etc

Ағылшын тілінде зат есімге байланысты өлең тыңдау, (one, two, three, four, five) тілдерін жаттықтыру.

Жаңа сөздерге байланысты жеке жұмыс беріледі.Сәйкестендіру.

 

Жұппен жұмыс беріледі. Диалогты оқып, қазақшаға аудару. Мыс:

— How many coins have you got?

— Seventy

— Has Anar got any stamps?

— No, she has not.

— Has she got any shells?

— Yes, she has got.

Оқушыларға топпен жұмыс беріледі. «Зерттеушілік әңгіме» Берілген тапсырмадан қатесін тауып, дұрыс жауабын жазу, аудару, тақтаға шығып қорғау.

Кейін оқушыларға берілген тапсырманың дұрысын дәлелін табу үшін интерактивтік тақтадағы жауаппен салыстырамыз.

 

Зат есім дегеніміз кім, не деген сұраққа жауап беретін атаулы сөздер.

Зат есімнің көпше түрі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысалы, a pen-pens, pencil-pencils, table- tables т.б.

Оқушы электрондық оқулықтағы мысалды қарайды, көрсетілген суретке қарап аударады.

 

Оқушылар әнді бірге шырқайды.

 

Оқушылар тапсырманы орындайды сағат тілі бағытымен тапсырманы көршісіне беріп, бірін-бірі бағалайды.

Оқушылар диалогті оқып аударады:

 

Сенде қанша тиын бар?

Жетпіс

Анарда марка бар ма?

Жоқ.

Ұлу қабыршағы бар ма?

Ия, бар.

Тоғжан өз тобынын атынан шығып, тапсырманы қорғайды.

 

 

Оқушылар жұмысын тексереді.

Қортынды

 

 

 

Үйге тапсырма: жаңа сөздікті жаттау.

Кітаптағы 57 беттегі 14 жаттығуда берілген сөздердің көпше түрін жазып келу берілді.

Бағалау: Оқушыларға жұппен бағалау парағы ұсынылады. Оқушылар бағаны қалай, неге қойғаны туралы біріне бірі айтып береді. Оқушы күнделігіне баға қою.

 

Сабақтың өзіндік талдауы

Мектептегі тәжірибемнің екінші аптасының екінші күні зерттеуге алған 5 сыныбыма 

«How many stamps have you got?» тақырыбы бойынша ағылшын тілі пәнінен екінші сабағымды өткіздім. Сабағымның негізгі мақсатына сәйкес топтық ережені естеріне түсіріп және де осы ережелерді әрдайым ұстануымыз әрі сақтауымыз керек екендігі туралы айтылды. Сабақ басталар алдында оқушыларды екі топқа бөлдім. Үй тапсырмасын сұрау барысында Төрежан, зерттеуге алған оқушым Тоғжан (жоғары деңгей), Назерке, Ұлан сабаққа белсене қатысты.  Күннің тақырыбы интерактивті тақтаға жазылды, оқушыларға жаңа сөздер суреттер арқылы түсіндірілді, жаңа сөздерді қайталады, пысықтады.

Грамматикалық тақырып электрондық оқулық арқылы түсіндірілді, оқушылар мысалды оқыды, аударды. Зат есімге байланысты оқушылардың тілдік тосқауылын жеңу мақсатында оқушылар видеороликпен қосылып, ән шырқады. Ән шырқауда оқушылардың арасындағы достық, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Жаңа сөздерге байланысты жеке жұмыс берілді, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындады. Жұппен жұмыс тапсырмасынад диалогты оқып, қазақшаға аудару. Мыс:

— How many coins have you got?

— Seventy

— Has Anar got any stamps?

— No, she has not.

— Has she got any shells?

Yes, she has got.

Әр топқа сыни ойлау қабілетін артуда оқушыларға А)Жаңа сөздерден сөйлем құрастыру В) Диалог құрастыру С)  «Зерттеушілік әңгіме» топпен жұмыс тапсырмалары берілді.. «Мектепте және паркте» тақырыбы бойынша екі топқа диалог құрып көрініс көрсету тапсырмасы берілді. Бұл кезде әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанады. Жұмыстану барысында:

— танымдық қызметі қалыптасады;                                                                                                 

— ойлау қабілеті артады;

— айтып беруді үйренеді;

ағылшын тілінде сқйлеуге дағдыланады.

Топта әр оқушы белсенді және қызыға жұмыс жасағаны көрініп тұрды. Әсіресе Тоғжан, Шерхан, Сәулет көшбасшылық танытты. Оқушылар ортаға шығып берілген тапсырмаларын қорғады. Тапсырманы орындауда топтық ережені сақтағаны көрініп тұрды.

Оқушылар өз жауаптарымен мені таңғалдырды, өз ойларын айтты. Оқушылар жұппен бірін бірі  бағалады. Оқушылар бағалаған кезде, шынайы бағалай білді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырды.

Оқушылар бұл сабаққа қызыға қатысты, сабақ үстінде белсендіктері байқалды. Сабақта топтық, жеке, жұптық жұмыста оқушылардың бір-бірімен пікір алмасу, ой бөлісуі тиісті деңгейде болды.

Сабақ бойынша өзгертулер

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.