Өзін-өзі тану пәні

«Теңізшілер саяхаты». Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта

Ақтөбе қаласы, №30″Ұрпақ»мектепке дейінгі ұйым
Тәрбиеші: Раушан Бисенова Талгатовна

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Білім беру саласы: Бес сала бойынша
Тақырыбы: «Теңізшілер саяхаты».
Мақсаты:
Балаларға теңіз туралы мағұлмат беру.Теңіз жәндіктері балықтары, құстары туралы айтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Тапқырлыққа ,зейінділікке баулу. Барлық саланы қамти отырып, алған білімдерін тиянақтап бекіту.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотевациялық қозғаушы Балалармен амандасу.Қолымызды ұстап бір –бірімізге қуаныш шеңберінде алақан жылуымызбен жылы тілегімізді білдірейік.Балалар бізде бүгін ерекше оқу іс -әрекеті болады. Сендер саяхатқа шыққыларын келе ме?

Ендеше теңізге саяхатқа шығамыз.Ол үшін кемелер тұратын жерге барайық. Бұл жерді біз айлақ деп атаймыз.

Балалар амандасады.Жарық болсын күніміз

Жарқын болсын үніміз

Елін сүйіп ер жетер

Біз болашақ гүліміз

 

 

 

 

-Иә, барғымыз келеді.

-Балалар ден қоя тыңдайды.

 

Іздену ұйымдастырушы Осы кезде теңізшіге жолығады.Теңізші:

Балалар мына айлақта нестеп жүрсіңдер?

Жарайсыңдар балалар!

Бір бірімізге жолсерік болып алыстағы «Сәт сапар» аралына бірге барайық.

Тәрбиеші:

Жарайды теңізші.

Бізбен бірге жүріп жол көрсетіңіз. Жолда кездескен аралдарға соға кетейік.Аралдар берген тапсырманы дұрыс орындап көздеген аралға тез жетейік. Сәт сапар аралына барып өз арманымызды айтып, шын жүректен тілек тілейік. Әуелі екі топқа бөлініп , екі кемеге отырайық. Кеменің капитанын сайлайық. Кемемізге ат қояйық.

Дайынбыз ба?

Жүземіз.Аралдарға соғып, тапсырманы дұрыс орындасақ, теңізшінің бізге берер сыйы бар. Біз аралға келдік.

Қандай арал?

Қане оқиық

Тапсырма:

-Балалар көл, өзен, теңіз барлығы неден тұрады?

-Ал біз сусыз өмір сүре аламыз ба?

-Ендеше су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?

-Дұрыс балалар. Суды үнемдеп таза сақтау керек. Оны ластауға болмайды. Сусыз адамдар өмір сүре алмайды. Қазақстанда көптеген теңіздер бар. Олардың ішінде ең үлкені Арал теңізі мен Каспий теңізі. Өзен теңіз көлдер туралы тақпақ айтайық.

-Жарайсыңдар, балалар!

Тапсырма:

«Тез ойла, сөз ойла» Өздерің бір әріпті алып, сол әріпке бес сөз ойлаймыз .

Суретпен жұмыс.

Енді мына суретке қарап бір буынды, екі буынды, үш буынды сөзді табайық. Осы сөздің ішінде теңіз құсы қай құс?

Әр тапсырманы орындаған сайын теңізшінің сыйы беріледі.

-Келесі аралға қарай жүзейік.

-Қандай арал?

-Оқиық.

Тапсырма:

Ойын кедергілерден өту.

Ойын шартын түсіндіру:

-Суда жүретін құстар балықтарды атайық.

Қандай балықтарды білесіңдер?

-Құстардың қорегі не?

 

 

Теңізшіден сыйын алайық.

Келесі аралымызға жүзейік.

Қандай арал кім оқиды?

Суретпен жұмыс.

Жүземіз шаршамай оңға,солға , алға.

Келесі аралымыз.

Тапсырма:

Логикалық есептер:

 

Көлден ұшты жеті аққу.

Қайтып қонды екі аққу

Қонбады оның нешеуі Қане кім тез шешеді?
Екі сиырдың мүйізі нешеу?

Екі тиінның құлағы нешеу?

Екі иттің құйрығы нешеу?

Екі мысықтың құлағы нешеу?

Аулада жүр бір тауық    оң жағында үш балапан, сол жағында жеті балапан болады енді неше балапан?

 

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам

Алдым үзіп бесеуін

Тағы алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін?

 

-Санамақ айта білеміз бе?

 

Теңізші берген балықтарды санайық.

Қай топ көп жинады екен,салыстырайық.

Жарайсыңдар балалар.

Келесі көздеген аралға да жеттік.

Аты қалай оқиық?

Тапсырма:

Мына түрлі түсті қағаздар арқылы біз жырту әдісін пайдаланып жүрекшелерді жыртамыз.Сол жүрекшеге қарап өз арманымызды айтамыз.

-Ал балалар осы жүрекшелерді Сәт сапар аралына қалдырайық. Теңізшіге рахмет айтып қоштасайық.

 

Теңізге саяхатқа шықтық.

 

 

 

 

Бірге барайық.

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқандарын мұхият тыңдап, естеріне сақтайды.

 

 

 

Екі топ болып бөлініп, екі кемеге отырады. Капитандарын сайлап, кемелерге ат қояды.

  1. Тапқырлар
  2. Алғырлар

-Иә, арқашан дайынбыз.

 

Балалар жүзіп келе жатқандай екі жаққа қисайып қимылдайды.

 

-Бүлдіршін аралы.

 

 

—         Судан тұрады

-Жоқ сусыз өмір жоқ.

-Суды сапырма

-Суға түкірме

-Түнде суды төкпе

-Түнде суға барма

-Судың да сұрауы бар

1-бала

Ақсу, көксу, сарысу

Бұл сумен түстеп танысу

Ырғыз, Торғай , Аягөз

Сай саланың бәрі су.

2-бала

Есіліп Есіл ағады

Жайылып Жайық барады

Сылаң қақса сыр сұлу

Шу шулап атой салады.

 

С                       Б

Сағат               Балық

Сегіз               Бала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ай,Күн,Қарбыз,Бота,Шағала,Қарлығаш.

 

 

-Шағала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балбөбек аралы.

 

 

 

 

Ойынды қызыға белсене ойнайды.

-Аққұтан , Шағала

 

 

-Сазан,Жайын,Бекіре,Шортан Алабұға

-Жағалауға шыққан балықтар, жәндіктер.

 

 

 

 

Балдырған аралы.

Сегіз аяқ, шаян .Сурет арқылы әңгімелеу.Су асты жәндіктері.

 

Балауса аралы

 

 

Балалар ойлана отырып жауабын береді.

Алғырлар:

Бір дегенім – бесік….

Тапқырлар:

Бір дегенім бүркіт….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар салыстырып дұрысын айтады.

 

 

 

 

 

 

Сәт сапар аралы.

 

 

 

 

Менің арманым мектепте жақсы оқу.

Менің арманым спортшы болу.

Менің арманым күшті болып өсу.

 

 

 

 

 

Сау болыңыз теңізші.

Рефлексивті коррекциялаушы Тәрбиеші балалармен өз балабақшаларына оралады. Жолда келе жатып «Біз бақытты баламыз» әнін орындайды.Келген соң сұрақ жауап әдісі арқылы берілген тапсырмаларды естеріне түсіреді. Теңізші берген балықтарды аквариумға салып, ұжымдық жұмыс арқылы балалар марапатталады.  

 

 

Әнді көңілдетіп айтып, балабақшаға да жетеді.

Берілген сұрақтар арқылы дұрыс жауап беріп алған білімдерін тиянақтап бекітеді.

 

Күтілетін нәтиже: Теңіз туралы толық мағұлмат алды.

Нені біледі: Теңіз жәндіктерін, балықтарын, құстарын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Суды ысырапсыз пайдаланбай,тыйым сөздер арқылы үнемдеу түсінігін игерді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Әр бір қойылған сұрақтарға ойлана дұрыс жауап беруді меңгерді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.