Қыс қызығы

Ақтөбе қаласы, №30″Ұрпақ”мектепке дейінгі ұйым
Тәрбиеші: Раушан Бисенова Талгатовна

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас     Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қыс қызығы   Мақсаты: Балалар қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін ормандағы аңдарды көрсету арқылы олардың ой-қиялдарын дамыту. Серуен кезіндегі көріп келген «Аққала» бейнесін көк түсті қағазға, ақ түсті қағазды жапсыру мақсатында оқу іс – әрекетке деген қызығушылығын одан әрі арттыра отырып , табиғатқа деген қызығушылығымен қатар қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотевациялық қозғаушы -Балалар бүгін бізге қонақтар келді.Қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік. 

 

– Балалар жылдың қай мезгілі ?

– Қыс айларын атайық

-Қыстың белгілерін кім айтады?

-Иә, дұрыс айттық.

 

 

 

– Ал, қыста қандай ойындар ойнаймыз?

-Балалар сендер қыс мезгілі туралы және қыс ойындары туралы өте жақсы айтып өттіңдер.

-Ал, енді сендер қысқы орманға саяхатқа шыққыларын келе ме?

 

Қуан, шаттан,алақай!Қуанатын кез келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

 

-Қыс мезгілі

 

-Желтоқсан,қаңтар , ақпан

 

-Қыста күн суық болады,қар жауады, боран соғады, аяз болады, адамдар жылы киінеді.

 

-Аққала соғу,биіктен сырғанау, шаңғы тебу.

 

 

 

 

-Иә шыққымыз келеді.

Іздену ұйымдастырушы Табиғат өзгерістерін әңгімелей келіп , балаларды «Қысқы орманға саяхат»тақырыбына байланысты серуенге алып шығу.Ауа райын әңгімелей отырып «Бұл қай кезде болады?»өлеңін тәрбиеші айтып береді.Аяз қысып,өрнек сызып Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып

Сырғып жастар ойнайды

Кейде ұлып,кейде жұлып

Ұйытқып боран соғады

Айтыңдаршы балаларым

Бұл қай кезде болады?

-Ал балалар қыс мезгіліне байланысты тақпақ білесіңдер ме?

 

 

 

 

 

 

 

-Кім сырғанақ туралы тақпақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торғай,қарға сөздерін атау шиқылын тыңдату, ағаштардың қар басқанын әңгімелеу,балалардан құстар туралы тақпақ сұрау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы кезде жұмбақ жасыру.

Тәрбиеші:

Түсі қызыл, ұзын құйрық, алдайды күліп

Бұл не?

-Ой, түлкіжан.Сен өзің көп балық алыпсың,балалар қараңдаршы түлкі неше балық аулаған,кім маған санап береді?

Балық санап салыстыру

Тәрбиеші:

Түлкі бізбен бірге жүр.Балабақшада сабақ оқып,ойын ойнаймыз,көңіл көтересің.

Аюды көру.Аюды ұйқысынан оятып ,аюмен амандасып оған бал беру.

Тәрбиеші:

Балалар аю қалай жүреді?

Аюға аранап кім таппақ айтып береді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

Қоянға кім тақпақ айтады?

Тәрбиеші балаларға аққаланың қандай екенін аузы, қолы, мұрны, бар екенін сұрап әңгімелеу.

Одан әрі келе жатып алдарынан ақшақар билеп шығады.

Ақшақар: менің аппақ ұлпаларым маған қарай ұшыңдар деп қарды шашады.

 

Балалар сәлеметсіздер ме!Орманда не істеп жүрсіңдер ?

-Ендеше балалар келіңдер бірге ойнайық

-Ойын:

«Мұзшық»

-Ой, балалар,жарайсыңдар. Мен сендерге ойыннан басқа тағы тапсырмам бар.

Мына жерде үш түрлі қиылған домалақ қағаздан маған аққала жасап беріңдер. Жаңағы ормандағы аққаланы еске түсірейік.

Балалар жарайсыңдар.Менің сендерге арнаған ойыным ұнады ма?Ендеше мен кетейін.Сау болыңдар!

Шығар алдында қуыршақ Айдарды жылы кейіндіріп, ойыншық шанаға отырғызып бірге алып жүру.Балалардың қолында жем салғыш , ыдыстағы бал, кәрзенкедегі сәбіз бар. 

 

 

-Қыс мезгілінде болады,

-деп жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

1-бала :

Қырды жапты күміс қар,

Далада жаңа тыныс бар,

Бұталар жалт-жұлт етеді

Кәдімгі бейне хрусталь

2-бала:

Біздің байтақ далада

Асқар тауда қалада

Биыл ғажап іс болды

Таңғажайып қыс болды.

Серуендеп келе жатып, сырғанақты көру.Оған қуыршақты сырғанату.

3-бала:

Біз тебеміз сырғанақ

Таудан төмен сырғанап

Бір шанада екеуміз

Құламайды екенбіз

4-бала:

Сырғанаққа мығымбыз

Шыныққанбыз шымырмыз

Таудан төмен сырғанап

Біз тебеміз сырғанақ

5-бала:

Торғай торғай, торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын теріп ал

Сонда аязға тоңбайсың

6-бала:

Торғай торғай, тоқылдақ

Жерден тары шоқып ақ

Бөтекесі томпайып,

Шиық-шиық етіп отырмақ

Балалар қолындағы жемсалғышқа жем салып ағаш бұтағына ілу,құстарды қамқорлау. Одан әрі қарай келе жатып, көл жанындағы мұз үстінде қармақпен балық аулап отырған түлкіні кездестіреді.

 

-Түлкі

-Түлкі:

-Өзім бір айлакер қумын

-Жүрген жерім айқай шу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-бала

-Кезіп жүріп орманды

Кетіп қалма қорбаңдап

Қалың мидан бал татып

Қаңғи берме балпаңдап

Аюды да балабақшаға алып кетеді.Серуендеп келе жатып, үйшігінің алдында секіріп жүрген қоянды көру.Балаларға қоянның түсін, жүнінің үлпілдек екенін әңгімелеу.

8-бала

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді

 

9-бала:

Аққоян ау аққоян

Үркек қоян,сақ қоян

Қаша берсең қалыңға

Қорқағым деп ат қоям

Балалар кәрзеңкедегі сәбізді қоянға беріп,оларға бізбен бірге балабақшаға жүруді өтінеді.Одан әрі келе жатып жасаулы тұрған аққаланы көру.

 

 

 

Қыс қызықтарын тамашалап жүрміз

Ойынды ойнайды

Балалар аққаланы жапсырады.

 

 

 

 

 

-Ұнады.

 

 

-Сау болыңыз.

Рефлексивті коррекциялаушы Тәрбиеші:-Балалар біз қайда серуенге шықтық?-Орманда не істедік?

 

 

 

-Және қандай аңдармен дос болдық?

Жарайсыңдар балалар.Сендер тоңған боларсыңдар енді достарымызды ертіп өзіміздің балабақшаға барайық.

-Ән: «Қыс қызығы»

-Бүгін біз орманға саяхатқа шықтық.-Қуыршақ Айдарға сырғанақ тепкіздік, құстарға жем салдық,аңдарға аранап тақпақ айттық.

-түлкі,аю,қоян.

 

Күтілетін нәтиже: Балалар қыс мезгілі туралы толық мағұлмат алды.

Нені біледі: Аңдар туралы тақпақтарды айтып біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Саяхатта көрген – білгендерін толық айта білді.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше