Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
№ 3 мектеп-лицейдің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Абдрасилова Салима Мүсілімқызы
Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталуып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері мынадай:
• Адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
• Қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпе қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Өзiн-өзi тануды оқыту процесiнде бiрқатар әдiстемелiк тәсiлдер қолданады:
“Шаттық шеңберi”, “Тыныштық сәтi”, “Оқу ақпараты”, “Сабақтың дәйексөзi”, “Әңгiмелесу”, “Ойын”, “Жаттығу”, “Шағармашылық жұмыс”, “Жағдаяттар кезiнде ойлану”, “Бейнематериалдар көру”, “Ән шырқайық, достар!”, “Сергiту сәтi”, “Сахналау”, “Қорытындылау”,“Жүректен жүрекке” шеңберi, “Үй тапсырмасы”.
1 сабақ Ізгілікке бастар жол
Мақсаты: Оқушылардың өзін өзі танудың мәнділік жөніндегі ұғымдарын кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру:
-оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету
-мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу
Көнекілігі: аудиокассета
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір бірімен көргеніне қуанышты екенін білдіріп, жақсы тілек айтады.
-Сәлеметсің бе ….!Мен сені кргеніме қуаныштымын.Саған…….тілеймін.
Содан соң балалар қол ұстасып, көңілді қимылдар жасап, «Ризашылық» әнін айтады.
Әңгімелесу
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдары әңгімелесу өткізу мақсатында ұсынылады. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:
Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қаиеттерді үйрендің?
Осы қасиеттер іс жүзінде қалай көрініс табады?
Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сені қандай сезімге бөлейді.
Жазғы демалыста істеген ізгі істерің туралы айтып беріңдер.
Әңгімелесудің мақсаты оқушылардың өзін өзі тану сабақтарынан алған білім біліктерін естеріне түсіріп, жинақтау. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әңгімелесу үшін берілген сұрақтарға жауап іздестіру арқылы өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйренгендерін тізбектеп айтып шығады, осы қасиеттердік іс жүзінде қалай көрініс тапқанын тәжібибелерінен мысалдыр келтіреді, ізгілік көрсетудің қандай сезімге бөлейтінін ортаға салады, өздері жазғы демалыс кезінде кезінде қандай ізгі істер жасай алғандары туралы сыныптастарымен ой бөліседі.
Мұғалім оқушыларды 6 сыныпқа арналған «Өзін өзі тану» оқулығының мазмұнынан кеңірек хабардар етеді. «Өзін-өзі тану» оқулығының мазмұны «Таным жоланда», «Қарым-қатынас мәдениеті», «Адам және әлем тұтастығы», «Жасампаздық жарасымы» атты төрт тараудан тұрады.Мұғалім өзін-өзі тану сабақтарынан оушылардың меңгерген білімдері мен біліктерін толықтырып, жаңа ұғымдармен танысып, өздері үшін көптеген жаңалықтар ашып,ағлұматтар алатынын айтады.
Оқу ақпараты
«Оқу ақпараты» оқушылардың «Ізгілік» құндылығы жөніндегі білімдерін айқындай түседі.
«Адам өмірі мен іс әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгеге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды, Ізгілік іс игілікке жеткізеді.» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.
Оқу ақпаратымен оқушылар өз бетінше оқып танысып, ондағы әрбір айтылған тұжырымның мағынасын ой елегінен өткізеді.Мұғалім жетекші сұрақтары арқылы әрбір ақпаратқа талдау жасайды. Оқу ақпарат барысында мұғалім оқушылардың «жағымды қарым-қатынасты» таратып айтып берулерін, «сүйіспеншілк» қалайша ізгілік сезімін тудыратын, өзіңе, өзгелерге жасаған «Ізгілік жасау» дегенді қалай түсінетіндерін өз түсініктері мен пайымдаулары бойынша жеткізіп айтуларын сұрайды.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарымен ұсынылған оқу материалдары оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек меңгерту мақсатын көздейді.
Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік»атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін мұғалім оқушыларға оқып талдауды ұсынады.
Өлеңді мұғалімнің өзі немесе жеке оқушы дауыстап оқып береді.Содан соң оқушылар өлеңді өз бетінше оқып шығады.Өлең мазмұнындағы ізгілік құндылығының мәнін жете меңгеу үшін мұғалім оқушылардың назарын негізгі мәселелерге аударады.
Өлеңде айтылған
«Ізгілік не? Тегі қандайТүсі қандай өзінің?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің?»
Деген сауалдарға өлең мазмұнына сүйене отырып, жауап іздеуді тапсырады.
Тыныштық сәті
Тыныштық сәті- өзін-өзі тану сабақтарында баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін қолданылатын тәсіл.Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі неесе баяу музыка қоюға болады.Осы жаттығуды орындату барысында мұғалім балалардың дене қалпын еркін ұстап,дұрыс тыныс ала білуіне баса назар аударуы тиіс.Балалардың көңіл күйінің көтеріңкі болып, өздерін жақсы сезінуіне тыныштық сәтінің пайдасы мол.
Тапсырма
Сабақта тапсырма берудәң мақсаты – оқушылардың оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіту.
Оқулықта мынпдпй тапсырма берілген:
Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңыздар.Оқушылар тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде орындауларына болады
Мысалы ізгілікті болу үшін:
-мейірімді бол
-үлкендерді сыйлап-құрметтеу
-өзіңді қоршаған адамдарға көңіл бөлу
-әлсіздерге көмектесуге ұмтылу
-достарыңмен ізгілікті қарым-қатынаста болу
Түйіндеме
Мұғалім оқушыларды түйіндемемен таныстырады
Адамнаң мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Нақыл сөзді оқыңдар
Мен кіммін: Менің өмірдегі мақсатым не:деген сұрақтар негізінде ой тұжырымдарыңды жасаңдар
2- тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Өз өмірлік мұраттарыңды мәтіндегі пікірмен сәйкестендіріп аласыңдар ма: Мысалдармен дәлелдеп айтып беріңдер
Жүректен жүрекке
Сабақты қорытындылап, аяқтау мақсатында оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады.
Оқушылар сабақ тақырыбында тиянақтау үшін кезекпен «Ізгілік дегеніміз,меніңше….» — деген ойды жалғатырып, өз тұжырымдарын жасайды.
2 – сабақ. Ізгілікке бастар жол
Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.
Міндеттері:
-оқушаларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру
-оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету
-мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірімен сәлемдеседі.Оқушылар кезекпен «Ізгі іс» дегенді қалай түсінетіндіктерін айтып шығады:
«Мен үшін ізгі іс- ол….»
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін аңыз әңгімені оқып талдау ұсынылады. Аңыз әңгімені мұғалым ауызша әңгімелеп беруіне болады немесе алдын ала тапсырылған оқушылардың айтуына болады.Содан соң балалар әңгімені өз бетінше оқып шығады.Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек түсіндіру мақсатында әңгіме мазмұнындағы түйінді жақтарға, яғни диуананың «айтар сөзі, берер батасы «жақсылық етсең өзіңе,жамандық етсең өзіңе» — деген; кербез айелдің «О, жаман неме, міне саған жақсылықта , жамандық та.Мынаны же де, өліп қал»,- деген;керуен басының «Е, диуана жүрген жерің мейірімді,қайырымды болсын», деген сөздеріне баса назар аудартып, оларға талдау жасатады.Мәтінді оқып болған соң оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Әйелдің жаман ниеті қандай нәтиже береді?
Қайырымдылықпен мейірімділіктің мәні неде?
«Жақсылық етсең өзіңе — өзіңе, жамандық етсең — өзіңе» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын суйсе, өз елін суйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз» деген Мағжан Жұмағұловтың нақыл сөздерінің мағынасын қалай түсінетіндерін мұғалім оқушылардан сұрайды.Оқушылар дәйексөздің мағынасын кеңірек түсіну үшін мұғалім «Алдымен адам өзін сүйе алады, адамның сүю сезімі өзінің жақындарын, туған туыстарын, айналасындағы адамдарды, елін, жерін сүюге, бүкіл адамзат баласын бауырындай сүюі үлкен сүйіспеншілікке ұласады. Міне, осындай адамды «ізгі жан» деп айта аламыз деген ой түйіндейді
Тапсырма
Оқулықта оқушылардың ізгі іс туралы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі:
Еліңе қызмет етудің ізгі іс ретіндегі мәнін мысалдармен дәлелдеңдер.
Оқушылар тапсырманы орындау жолдарын ойластырады.Мұғалім оқушаларға елге қызмет етудің жолдарын ойластырады.Мұғалім оқушыларға елге қызмет етуді осы жас шамаларына лайықты немесе келешекте еліне қандай қызмет ететінін есестете отырып, тапсырманы орындауға бағыт береді.Сондай – ақ мұғалім елде қызмет етудің ізгі іс екенін неден, қалай көруге болатынын оқушылардың сезініп, оны сипаттап айтып берулерін қадағалайды.
Тапсырманы балалар жекелей немесе топпен орындауларына болады.Орындаған тапсырманы сынып алдына жария етеді.
Түйіндеме
Оқушылардың назары «Ақ ниет, кеңпейілдік, адалдық пен қайырымдылық сияқты ізгі бақыт пен дәулетке жеткізеді» тұжырымына аударылады.
Ақ ниетті деп көңілі таза, пейілі ақ, адал пиғылды адамды айтамыз.Ниет ықылас-ынтаны білдіреді.Ол адамның мінезімен, ерік жигерімен, мақсат мүддесімен сабақтасып жатады.Адалдық- шыншылдық, әділдік, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттердің жиынтығы.Адал адамның бойында таза ниет, имандылық, жауапкершілік молынан табылады. Адал адам іс-әрекетті беріктікпен, тазалықпен адал орындайды, басқаға қиянат жасамайды,шындықты қорғайды,Отанға беріле қызмет етеді. Кеңпейілдік- адам бойындағы жақсы қаиет.Кеңпейілдік адам айналасына жайлы, қолы ашық, алды кең, пейілі жомарт болып келеді.Қайырымдылық- адамның асыл қаиеті.Қайырымды кісінің айналасындағы адамдарға ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынасы мол болады.Міне осындай ізгі қасиеттерді бойына дарытып, игілікті іспен айналысу- адамды бақыт пен даулетке, яғни адамның іс-әрекеті мағыналы да болып, мақсатының орындалуына, ризашылық сезіммен өмірдің қызық қуанышына бөленіп, жақсылыққа кенелуіне жетелейді.
Дәптермен жұмыс
3 – тапсырма
«Ізгілік» сөзжұмбағын шешіңдер
4- тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Ата-ананы, үлкендерді қалай құрметтеу керектігі жөнінде өз ойларыңды айтып беріңдер.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңберге жиналып, «Бақытты балалық шақ» әнін бірге орындайды
Сөзі:Н.Исабековтікі
Әні:С.Қалымовтікі
Біз – бақытты баламыз еркелеген,
Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі,өлең
Туған жердің аймалап самал лебі
Отан – ана біздерді мәпелеген
Қандай жақсы бақытты балалық шақ
Қандай әсем ойнаған қозы-лақ
«Құлыным»,- деп әкешім еркелетсе
«Балапаным», — деп анам жаяр құшақ
Ата- анамның менмін гой бала шағы
Әдептілік балаға жарасады
Жақсы азамат боламын өскенде мен
Балалар гой елімнің болашағы
3- сабақ Өз мүмкіндігімізді таниық
Мақсаты:
әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қасиеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу
Міндеттері
-оқушы адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
-әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету
-өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалрмен еркін қарым қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып «Асыл арман» әнін айтады.
Әңгімелесу
Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегі сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, оларды берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үретуді мақсат етеді.
-Адам алдына қойған мақсактын жүзеге асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
-Адамдардың кейде арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
-Адамның мүмкіндігі мен мақсатының сәйкес келмеуі қажет деп ойлайсыңдар ма?
«Ойланайық, пікірлесейік» айдарындағы сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың адам мүмкіндігі, оны тани білудің маңыздылығы туралы пікірлерін тыңдап, әр оқушының өз мүмкіндіктерін қалай танитындықтарына назар аударады.
Оқушылар бірін бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсе үйренеді.Оқушы проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін пайдаланады.Бұлай ой біріктіру әрбір оқушының біліміне білім қосады.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім «Ойланайық, пікірлесейік» әдісінен кейін оқушылардың пікірлерін ьолықтырып, адам мүмкіндігі, қызығушылығы мен талпыныстары туралы білімін, түсініктерін кеңейту үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Қ.Толыбаевтің шығармасымен танысады.
-Адамның неліктен ойлаған ойына қол жетпейді?
-Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?
-Ғұламаның кеңесін қалай тұжырымдар едің?
-Адамның қиялы оның мүмкіндігіне сәйкес келе ме?
Мұғалім мәтін мазмұнындағы мақсатқа жетудің жолы болып табылатын төмендегі үзіндіге балалардың назарын аудартады: «сезіміңіз бен ойыңызды бір мақсатқа бағындырып, өз мүмкіндігіңізді ескеріңіз. Сол мүмкіндіктеріңізден айырылып қалмауға тырысыңы. Содан кейн мақсатыңызға жету үшін әрекеттеніңіз.Сондай армандаған мұратыңызға қолыңыз жетуі мүмкін», — деп оқушылардың өз ой қорытындыларын шығаруға бағыт береді.
Оқу ақпараты
Балалар мәтін арқылы өз қорытындыларын жасаған соң оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударады.Оқушы берілген ақпаратты қабылдап қана қоймайды,сонымен бірге әңгімелесу әдісіндегі өз шешімі мен ойының дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқаларды ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсінеді.Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап, оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластырады.
Әр адам өзін-өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және қоғамдағы рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды.Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған мақсатына жете алады.Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге жеткізеді.Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді.
Тапсырма
Адам мүмкіндігінің шексіздігін көрсету мақсатында балалардың назарын оқулықта берілген отандық және әлемдік мәдени мұраларға аудартады
(Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,Астана Бәйтерек,Леонардо да винчи «Моно Лиза», Г.Ысмайлова «Жұмбақ қыз»,Гизедегі Хеопс Пирамидасы) Оқушылардың өнер туындыларына салыстырмалы түрде сипаттама беруі үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. көргенде қандай сезімде болдыңдар?
2. Өнер туындыларынан қандай ұқсастықтар мен артықшылықтар байқадыңдар?
3.Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін тағы да немен дәлелдер едіңдер?
4.Адам мүмкіндігінің шексіздігіне қандай мысал келтіре аласыңыдар?
Ойын
Оқушылардың сабақта өткен материалдарымен қоса, олардың жеке тәжірибесі,яғни өз мүмкіндіктерін ой електерінен өткізу мақсатында мұғалім ойын әрекетін ұйымдастыруға болады.Мұғалім оқушылармен «Кел жақынырақ танысайық!»ойынын ұйымдастырады.
Ойынның шарты: балалар шеңбер жасап отырады.Мұғалім балаларға өздерін таныстыру үшін өз бойларындағы жақсы қасиеттерін, нені бағалайтындарын ойлап, ой елегенен өткізуді тапсырады.Әр бала өзінің бойындағы жақсы қасеттерін іштерінен ойлайды. Содан кейн әр бала өз атын атап, өзінің жақсы қасеттері туралы кезек- кезек айтып береді.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрған оқушылар кезек кезек қасындағы сынгыптасына оның ерекше мүмкіндіктерін атап отіп, алдағы армандарына жетуіне тілектестік білдіреді.Сабақты жақсы көніл куймен аяқтайды.
4 — сабақ Өз мүмкіндігімізді таниық
Мақсаты:
әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қасиеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу
Міндеттері
-оқушы адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
-әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуына ықпал ету
-өз мүмкіндіктерін бағалай және іске асыра білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберінде тұрып «Армандастар» әнін хормен айтады.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Б.Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» повесінен үзінді оқу ұсынылады.Оқып болған соң,Қожаның өзіне қойған талаптарын талқылайды.
«Бірінші.Тәртіпсіздік Қожаның жексұрын көрсетіп бітеді екен.Оған көзім әбден жетті.Әрі бұл адамның келешегі үшін зиян.Тәртіпсіз болсаң, комсомолға да алмай қоюы мүмкін.Сондықтан қандай еткенде де тәртіпті болуым керек.Ол үшін:
А) бұдан былай ешкімге тиіспей жайыма жүремін.Досым болсын,қасым болсын, бейбіт қатар өмір сүруге тырысамын.
Ә) Осыдан былай ешқашан тәртіпсіз, тұрпайы сөздер аузыма алмаймын.Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрамын
Екінші.Әрбір тәртіпсіз қылығым үшін дер кезінде аяусыз жазаланып тұруым тиіс.Жазаның түрі төмендегіше болады:
А)егер біреуге тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін.
Ә) біреуді жазықсыз тілдейтін болсам, кезекті демалысымда қия басып шықпаймын, үйде отырам.Яғни өзімді үйде қамаймын деген сөз
Б) сабақ үстінде тыныш отырмағандықтан, мұғалімнің ескерту еститін болсам, ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын
В) Егер біреудің лақ- қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына жолап кетсе, ұрып қуалайтын жыным бар.Бұным да жарамайды,жай айдап жіберуіме де болушы еді ғой.Ендігәрі бұндай қылықтарым қайталанса, жоғары тауық базға демалыстан екі рет жүгіріп барып келем»
Үшінші.Сұлтанмен жолдастық қарым- қатынасым бұдан былай үзіледі.Ол екеуіміздің сертіміз бүгіннен бастап күшін жояды.
Төртінші.Сабақты жақсы оқу – үлгілі оқушыларының бірінші белгісі.Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек.
Бесінші.Жоғарыда қабылданған міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін үлкен сын.Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ.Анам байғұсқа күйгімді тартқыза бермей, адам болатын басқа бір жолды іздеп табуым керек».
-Қожаның өз қателіктерін түзетуге мүмкіндігі бар ма?
-Қожаның өз мінез құлқы жайлы ойлауына не мажбүр етті?
-Қожаның орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?
Дәйексөз
Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Әл-Машини қанатты сөзі қолданылады.
Адам. Ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары- іздеген мәңгі сана
Өзіңді-өзің танысаң – істің басы
Түзеген өз ғаламын болған дана
Мұғалім дәйексөздегі «Жан құмары», «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деген сөз тіркестерінің мағынасын талқылатады.
Жүректен жүрекке
Сабақты аяқтау үшін оқушылар бір-бірімен пәкір алмасады. Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушыларға қоштасар алдында бір-біріне тілек айтуды ұсынады.
5- сабақ. Өз мүмкіндігімізді таниық
Мақсаты:
Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, оларды қабілеттеріне орай дамытуға жағдай туғызу
Міндеттері:
-оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік беру
-әр оқушының өз мүмкіндігін танып, дамытуға ықпал ету
-өз мүмкіндіктерін бағалай білуғе және оны іске асыра білуге тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырып, төмендегідей мазмұнда бастауы мүмкін:
— Қайырлы күн балалар!Күніміз сәтті болсын!Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары, ақ жарқын болып тұрсыңдар.Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. «Жақсы сөз жанды жадыратады», демекші, біз бүгін бір-бірімізге мақтау айтайық.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың адам мүмкіндігі туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқуға арналған мәтін ұсанады Оқулықта екі мәтін қатар берілген өз еліміздегі көрнекті тұлғалармен қатар әлемдік танымал адамдар туралы да танымдық мәліметтер беру мақсатында Л.С.Рувинскийдің мәтіні беріліп отыр.
Мұғалім мәтінді жеке бөліктерге бөліп оқытуға да болады.Мысалы мәтінді жеке бөліктерге бөліп оқытуға болады.Мысалы сыныпта топтық жұмыс жүргізіп,әрбір топ мәтіннің белгілі бір бөлімін оқып, ол бойынша сұрақтар дайындайды.Мәтіннің негізгі мазмұны әрбір топ тезис түрінде сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.
Тапсырма
Мәтінді оқып, талдау барысында адам мүмкіндігін танып, дамытуға әсер ететін қасиеттерді атап, талқылап, талдап, бір қоытындыға келеді.Содан кейн мұғалім адам мүмкіндігін танып, дамытуға әсер ететін қасиеттердіқосымша таныстырып, танымдық процестерін дамыту мақсатында оқулықта берілген төмендегі тапсырманы орындайды
Ұғым Анықтамалары
1.Білуге құштарлық
2.Еңбекқорлық
3.Қабілеттілік
4.Дарындылық
5.Табандылық А)Адам қабілетінің ерекше дамыған түрі,Ол адамның белгілі бір ғылым,өнер т.б.
Салаларда ерекше жетістікке жетуінен байқалады.
Ә)Адамның жаңа білім, жаңа шеберлік,жаңа әдіс іздеуге жетелейтін қасиет.Осы ізденуде адам өмірін мақсатты ететін қуаттылық пен тұрақталық пайда болады.
Б) Адамның бойындағы жағымды қасиет………..
Тапсырманы сыныпта оқушылар жұптасып орындап, әрбір сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасын көрсетілгендей етіп белгілеуі тиіс.Мысалы: «Еңбекқорлық – адам бойындағы жағымды қасиет.Еңбекті құрметтеп, еңбек мәдениетін үйренуге бейімділік, еңбекқорлық, еңбексүйгіштік қасиеті.»
Түйіндеме
Оқулықта тақырыпты түйіндеп, қоытындылау мақсатында «назар аударайық» айдарында меңгертуге тиісті құндылық туралы түйінді идея беріледі.Мұғалім қарастырылып отырған мәселені оқушылардың меңгерген білімдерімен алынған жауаптарымен байланыстыра карау мақсатын көздеуі керек
Тапсырма
Оқулықта адамның мақсатына жетуге септігін тигізетін қасиеттерді өз беттерінше іріктеп алып, ой қорытындысын шығарып, оқушылардың логикалық ойлауына, теорияны өмірмен жақын қарауына көмектесу мақсатында төмендегідей тапсырма берілген:
Мәтінді оқыңдар.Кейіпкерлердің мүмкіндіктерінің шексіздігін дәлелдейтін әрекеттер мен қасиеттерді іріктеп алып,қорытынды шығарыңдар.
Шығармашық жұмыс
Оқулықта берілген «Шығармашылық жұмыс» айдарымен оқушыларға алған білімдерін пайдалана отырып, өз ой қорытындысын ұсынысын жасату мақсатында төмендегідей тапсырма берілген:
Адамның бойындағы мүмкіндіктерді ашуға көмектесетін қасиеттерді атап оны дамытудың жолдарын ұсынып, өз ұсыныстарыңды жүйелеңдер.
Өзіммен өзім
Мұғалім оқушылардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімдерін нығайтып, танып білуге деген құштарлықтарын, қабілеттерінің дамуын ынталандыру мақсатында Динейк әдістемесін былай пайдалануға болады.
Көздеріңді жұмып манаураған қалыпқа келіңдер.
Демдеріңді ішке салып сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.Дем шығарғанда «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық ашу-ыза», —бірге кетті деп айтыңдар.5-10 рет кайталау керек.
Дәптермен жұмыс
Сабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында оқушы дәптеріндегі 4- сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындайды.
Жүректен жүрекке
Оқу сабаған аяқтау мақсатында мұғалім оқушылармен шеңберге тұрып, бір біріне жағымды сөздер айтады.Мысалы: Сен бүгін әдемі бантик тағып алыпсын!
6-сабақ Іздеген жетер мұратқа
Мақсаты:
Оқушыларды өз бетінше танып – білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске үйрету
Міндеттері:
-оқушыларды мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру
-оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;
-Еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Көрекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер жасайды, үнтаспаға қосылып М.Мақатаевтің «аңса жаным» өлеңіне қосылып балаларда ән шырқайды.
Шеңбер бойымен сағат тілінің қозғалысы бойынша әрбір оқушы өз қалауы бойынша «аңса жаным», «мен тілеймін» деген өлең жолдарына назар аударып, кері байланыс жасайды.Осы сөз тіркестерін жалғастырып айтады.
Мысалы: Аңса жаным тыныштық, бейбіт өмірді.
Аңса жаным мейірімді адамдардың көп болғанын
Мен адамдарға бақыт тілеймін
Мен адамдарға бірлік тілеймін
Әңгімелесу
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен тақырыпқа байланысты балалардың ойларымен сезімдерін беталыстарын білу мақсатында төмендегідей сұрақтармен әңгімелеседі.
-адам баласы неліктен үнемі талпыныс, ізденісте болады?
-ізденіс болмаған жағдайда не болады деп ойлайсыңдар?
-Адам көзеген мақсатына жету үшін қандай әрекеттер жасайды?
-адамды қандай қасиеттер табысқа жеткізеді?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім пікіралмасудан соң оқушыларға танып-білуге құштарлық, талпыныс, ізденістің адам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уалиханов туралы досы Г.Потениннің естелігін оқулықтан оқып береді.
-Шоқанның жетістікке жетуге қандай қасиеті ықпал етті?
-Шоқанның қиындыққа мойымауының себебі неде?
Оқу ақпараты
Балалардың өз беттерінше пайымдаулары мен мәтіннен кейін мұғалім оқулықта «Жаңа ақпарат» айдарымен берілген ақпаратқа оқушының назарын аударады.
Өз бетімен танып-білуге құштарлық,талпыныс, ізденіс адам еркі мен мінезін шынықтырып,шыңдайды. Өмірдегі әр түрлі жағдайларды қиындықтарға қарамай, мақсатқа жетуге көмектеседі.Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа ұмтылып, талпындырады.
Дәйексөз
Жаман әдеттен құтылуға ,
Жақсы әдетті табуға шара бар.
Ол шара – табандылық, қажырлылық.
Қажет қасиеттің бірі, өзіңе өзің сенімділік
Ж.Аймауытов
Өзіммен-өзім
Мұғалім оқушыларды тыныш отырғызып:
«Көзіңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын.Менің қолымнан бари келеді және ешнәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым күшті және мықтымын»
Тапсырма
Оқулықта балаларға адамның ойлаған ойы мен алдына қойған мақсатына жету жолын, онда кездесетін қиындық жолын түсіндіру мақсатында тапсырма беріледі.
Мәтінді оқып кейіпкердің мақсатына жету жолын талдап, қорытындысын шығарыңдар.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге тұрып төмендегі өлең жолдарын барлығы хормен айтуына болады.
Жігер деген-МЕН
Күш деген- МЕН
Махаббат деген-МЕН
Кешірім деген-МЕН
Жастық деген-МЕН
Денсаулық деген-МЕН
Жарқындық деген-МЕН
Бар ғажайып деген-МЕН
Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда
7- сабақ Іздеген жетер мұратқа
Мақсаты:
оқушыларды өз бетінше танып білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске уйрету.
Міндеттері
-оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру
-оқушының ерік-күшін дамытуға ықпал ету
-еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылардың өз-өздеріне деген сенімдерін нығайтып бойларындағы сенімділік, алаңдаушылық, алаңдаушылықты сейілту мақсатында шаттық шеңберін төмендегідей ұйымдасытырады.
-мен жайдары, ақкөңіл және белсендімін
-Менің қолымнан бәрі келеді
-Мен бақыттымын
Әңгімелесу
Оқушылардың өз көзқарастарын, пікірлерін қалыптастыру, мұратқа, мақсатқа жету, адам мұратына жеткізетін адами қасиеттер туралы түсінік беру мақсатында төмендегідей сұрақтар койылған
-іздеген жетер мұратқа дегенді қалай түсінесің?
-мақсатқа ұмтылушылықтың мәні неде?
-Адамның мұратын жетуіне қандай қасиеттер жетелейді?
Мәтінмен жұмыс
Балалар өзара пікір алмасып, ой тұжырымдарын жасағаннан соң оқулықтағы оқып үйренейік айдарымен берілген А.Мырзабаев,Д.Манатауовтың «әйгілі химиктер» кітабынан алынған үзіндіні оқуға беруге болады.
Оқу ақпараты
Балаларлың мұратқа жету, адам мұратына жеткізетін адами қасиеттер туралы ойларын тексеріп, талқыланады.
Адамның өз ынтасымен талап- мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныс, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де қоршаған ортаға да пайда келтіреді.Ұдайы іздеген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
Түйіндеме
«Егер есті кісілердің қатарынан болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса, жұмасына бір, ең болмаса айына бір рет өз өзіңнен есеп ал.» Абай
Сахналау
Оқулықта Қ.Толыбаевтің «Құштарлық» әңгімесін оқушылардың рөлдерге бөліп сахналап көрсетуі тапсырылған.Қатысушылар:автор, Әбунасыр ғұлама, Мүтәліп бала
Өзіммен өзім
Көздеріңді жұмып манаураған қалыпқа келіңдер
«мен өз ағзамның қоғаныс күшіне сенемін».
«мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола аламын!»
«Менде бәрі жақсы, өзім ойлағандай – мен бақыттымын»
Жаттығу
Қара сөзді оқып, түйінді ойларды іріктеп алыңдар.Олардың маңыздылығын дәлелдеп беріңдер.
Дәйексөз
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы
Кімсің сен, қайда тұрағың
Енді қайда барасың
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үндаспаға қосылып Е.Өтетілеуовтің «Жас дәуірдің түлегіміз» өлеңін айтады.
8 – сабақ Әсемдікке ұмтылайық
Мақсаты:
Оқушыларға әсемдік, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы туралы түсінік беру
-оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету
-оқушыларды сұлулықты, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері:
Бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес өзі үшін ненің әсем екенін айтып шығады.
Содан кейін «әдемі» әнін шырқайды.
Әңгімелесу
-адамды сұлу ететін нарсе?
-Әсем, сұлу нарсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
-жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?
Тапсырма
Ш.Сариевтің «Сұлулық» өлеңін оқып, сұлулықты қалай түсінетіндерін әңгімелеп айтып беру тапсырылады.
Оқу ақпараты
«Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра білуге, бағалай білуге үйретеді»
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар «Қыз Жібек» жырынан үзінді оқып, мазмұнымен танысады.
-Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар
-Сұлулықтан қандай әсер алдыңдар
Тапсырма
Егер сендерге жер бетіндегі ең әсем, ең сұлу нәрсені табу тапсырылса, өз ізденістеріңді неден бастар едіңдер?
Оқушылар сипаттап жазады,кейін талқыға салынып, пікір алмасады.
Дәйексөз
«Сырты сұлуға көз қызығады, ішкі сұлуға жүрек қызғанады»
Ғ.Мұстафин
Дәптермен жұмыс
Мәтінді оқыңдар.Ал өздерің сұлулықты көргенде қандай сезімде боласыңдар?Ойларыңмен бөлісіңдер. Мәтінде берілген автордың ішкі сезімін қалай қабылдар едіңдер?Өз ойларын эссе ретінде жазады.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып, «….сен сұлусың, маған сенің…… ұнайды»
9 — сабақ. Әсемдікке ұмтылу
Мақсаты:
Оқушылардың әсемдік,жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларға қоршаған ортаның әсемдігі,адамның сұлулығы туралы түсінік беру;
-оқушының эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету.
-оқушыларды сұлулыққа, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Оқушылар кезектесіп әсемдік өздерін қандай сезімге бөлейтінін төмендегі сөйлемді жалғастыру арқылы айтып шығады:
«Әсемдік менің жанымды…..бөлейді»
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған Мағжан Жұмабаевтің «Сұлулық сезімдері» атты мәтінін оқушылар өз бетінше оқып шығады.
Тапсырма
Мағжан Жұмабаевтің «Сұлулық сезімдері» мәтінін оқып сұлулықты сипаттайтын сөздерді іріктеп алыңдар, жаратылыстың қандай құбылыстары сұлулық сезімін тудыратынын айтып беруңдер.
Өзіммен — өзім
«Өзіммен-өзім» тәсілі баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне сертігін тигізе отырып, сезімі мен эмоциясына жайлы әсер етеді.Мұғалім оқушыларға көру, есту сезімдері арқылы сұлулық сезімдерін оятатын сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу, ән, музыка, поэзия, күй сықылды өнер әлеміне, өнердің сұлулыққа толы тылсым құдіретінен жан тербейтін ләззат күйін сезіну үшін бір сәт өз қалауларымен өзімен өзі болып қиялмен сапар шегуді ұсынады.
Тапсырма
Өнер мұқият қарап шығыңдар, әрқайсысындағы сұлулықтың мәнін ашыңдар.Оқушылар өнер туындыларын мұқият қарап отырып әрбір өнер туындысынан сұлулық мәнін іздейді.Осы сұлулықты қалай сезініп, қабылдағаны туралы айтып береді
Ұғыммен жұмыс жүргізу технологиясы
Оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша берілетін ұғымдарды тереңірек ұғындыру мақсатында ұғыммен жұмыс жүргізу технологиясын ұсынудың әдістемелік тұрғыдан пайдасы мол.
Дәптермен жұмыс
2 – тапсырма
Сұлулықты суретші, сазгер, ақын, мүсінші болып суреттеп айтып беріңдер
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңберге жинап, Қ.Қазыбековтің сөзіне жазылған М.Омаровтың «Қыз сыны»
әнін орындайды.
10 – сабақ Әдептен озбайық
Мақсаты:
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері
-оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету
-оқушылардың эстетикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал етеді
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен үлкен шеңберге тұрып, Қ.Ыдырысовтың «Келші келші балапаным» өлеңін бірігіп орындайды
Әңгімелесу
Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа да адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында оқулықтың «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізі пікір алмасу ұйымдастырылады.
-әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?
-әдептілік адамның іс-әрекетінде қандай көрініс табады
Оқу ақпараты
Адамның айналамен қарым-қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі. Әдептілікке елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегенділік, инабаттылық, кішіпейілдік және басқада жақсы, сүйкімді қылықтар жатады.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген мәтін көлемі үлкен болғандықтан, мәтінді оқытудың топтық жұмыс жүргізіледі.Мұғалім мәтінді бөліктерге бөліп, әр топқа сұрақтар дайындауды тапсырады.Оқушылар мәтіннің негізі мазмұнын қысқаша мазмұндап береді.
-жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?
-бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?
-жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?
Тапсырма
«Әдеп», «Әдептілік» ұғымдырын тереңірек түсіндіру мақөсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген:
Мәтінді оқып, талдаңдар.Ой тұжырымын жасаңдар.
Дәйексөз
Адамда жақсы қасиет болмаса
Оған бақ та, бақыт та қонбайды
Тапсырма
Адамның жақсы қасиеттерінің тізбегін жасаңдар.Олардың антонимдерін табыңдар.
Балалардың жақсы қасиеттерді салыстыра отырып, олардың жалпы маңызды белгілерін анықтай алулары үшін берілген.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сыныптағы балалардың қарым қатынасын жақсарту мақсатында ойын жаттығуды пайлдалануға болады.Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.Олардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» деп көршісінің атын айтып, қолын қысады.Жақсы көруді қабылдаушы оған күлімдеп жауап береді және соны өз көршісіне қайталайды.
11- сабақ Әдептен озбайық
Мақсаты:
Оқушыларды қарым қатынас мәдениетіне үйрету, олардың туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету
-оқушылардың эстетикалық қарым-қатынасын дамытуға ықпал ету
-оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім әрбір баланы өздеріне таныс үлкен достық шеңберіне тұрғызып,өздеріне сенім артып және өзгелердің де сеніміне ие болғанын сезіндіру мақсатында бүгінгі шаттық шеңберін әрқайсысының жеке басындағы қасиеттеріне тағы бір зер салып қарап, өз-өздеріне есеп беру мақсатында ұйымдастырады.
Әңгімелесу
«Әдеп», «Әдеп сақтау», «әдептілік» сөздері мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашып, жан-жақты тиянақтап алғаннан соң ендігі кезекте бұл құндылықтың адам өміріндегі мәні мене қажеттілігін түсіндіру мақасында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегідей сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізіледі.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта оқып үйренейік айдарымен берілген өлеңді оқып береді.Өлеңдегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді оқушыларға тапқызып, мағынасын талқылатуға болады.
Ойын
Оқушылардың сыныпта құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту мақсатында «Бір- бірімізді мадақтайық» атты ойынды ойнатуға болады. Бұл ойын барысында сыныптағы барлық балалар өзгелер тарапынан жақсы сөздер, мадақтаулар естуге мүмкіндік алады.
Тапсырма
Оқулықта берілген бұл тапсырманы ң мақсаты оқушыларды логикалық ойлаудың негізгі әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ізденуін ұйымдастыру.
Нақыл сөзді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытынды жасаңдар.
Ізгі мінез, түзу құлақ болғанда,
Пайда түгіл екі бірдей жалғанда.
Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,
Үшеуімен ел көгерер түсінші
Биязыны халық сүйіп, ұғады.
Ісі түзу кісі төрге шығады
Түйіндеме
Мұғалім сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап, жүйелеп, тиянақтау мақсатында «Назар аударайық» айдарындағы ақпаратқа оқушылардың назарын аударып, талқалатады.
Дәптермен жұмыс
Сабақтаға меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойлаырын жинақтап мақсатында оқушы дәптеріне 10 сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындату керек.
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып, А.Асылбековтің «Мен әдепті боламын» өлеңін хормен айтады.
12-сабақ. Бауырмалдық және кең пейілдік
Мақсаты:
Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдылық, сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп, олардың бойындағы мейірімділік, қайырымдылық сезімдерін дамыту
Міндеттері
-Оқушыларға кеңпейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;
-Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал етеді.
-Оқушыларды көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: Слайд
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен еркін қарым-қатынас жасау мақсатында шеңбер құрып, Н.Шәкеновтің «Кел достар»өлеңін айтады.
Әңгімелесу
Балалардың өзіндік ой-пікірлерін өзгелермен ашық та еркін бөлісуіне қажетті алғышарттар жасау мақсатында балалармен әңгімелесу, пікір алмасу ұйымдастырады.
«Кеңпейілдік» сөзін естігенде қандай ой түседі?
Бауырмалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Кең пейілдік бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқадыңдар?
Оқу ақпараты
Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы – бауырмалдықты білдіреді.Ол- адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап,қамқорлақ көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді.
Мәтінмен жұмыс
Адамдардың жан жылуы, мейірбандығы мен бауырмалдығын көрсету мақсатында оқулықта «Оқып үйренейік» айдарымен берілген мәтінді оқиды. «Бір атаның балалары» (Повестен үзінді) М.Мағауин
Тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерінің қайсысын бауырмалдық деп айтар едіңдер,неліктен?
Берілген сөз тіркестеріне оқушылар тоқталып, талдап береді.
Дәйексөз
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады.
Жүректен жүрекке
Сыныптағы балалар бір-бірінің бойынан бауырмалдықты, ізгілікті, жақсылықты көріп, оны бағалай білуге және жасай білуге үйрету мақсатында жүректен жүрекке шеңберін ұйымдастыруға болады.
13- сабақ Бауырмалдық пен кең пейілдік
Мақсаты:
Оқушыларға кең пейілділік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;
Міндеттері:
-оқушыларға кең пейілдік, бауырмалдық ұғымдары туралы түсінік беру;
-оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың қамқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
-оқушыларды көпшіл,қамқор болуға тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен шеңбер құрып Н.Шәкеновтің «Кел достар» өлеңін айтады.
Әңгімелесу
Мұғалім өткен сабақта «бауырмалдық», «кеңпейілдік» сөздерінің мағынасын түсіндірген соң, бұл сабақта аталған қасиеттердің қалай туындайтынын , қажеттілігі мен мәнін түсінуге күш салады.
-кең пейілдік қандай ізгі қасиеттердің негізінде туындайды ?
-кең пейілдік, бауырмалдық сияқты қасиеттер қандай істерден көрінеді?
Мәтінмен жұмыс
Оқулықта берілген «Оқып үйренейік» айдарымен берілген өсиет әңгімені мұғалім оқушыларға әрбір жасаған жақсылықты, кең пейілділікті бағалау қажеттігін, не нәрсенің болса да шегі бар екендігін түсіндіру мақсатында оқып береді.
Өзіммен өзім
Мұғалім «Өзіммен өзім» әдістемелік тәсілін төмендегідей формада ұйымдастыруына болады.
— Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа елестетіңдер, сендер қолдарыңда өте әдемі айна бар.Абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Адамдар арасындағы бауырмалдық, сыйластық яғни қарым қатынас осындай жұқа әрі нәзік.Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді.
Түйіндеме
Мұғалім оқушылармен бірге оқулықтағы «Назар аударайық» айдарымен ақпаратты мұқият қарап шығып, онымен қаншалықты келісетіндіктері талқыланып, балаларға жадында сақтау тапсырылады.
Тапсырма
Өздеріңнің жеке өміріңнен бауырмалдық, кеңпейілдік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп, мысалмен айтып беріңдер
Дәптермен жұмыс
Сабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында оқушы дәптеріне 12 сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындату керек.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Қ.Жұмалиевтің «Жастар әнін» айтады.
14- сабақ. Жанашырлық – жанға қуат.
Мақсаты:
Оқушыларға жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың бойындағы жанашырлық сезімдерін дамыту.
Міндеттері
-оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік беру
-оқушылардың бойында сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ет;
-оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу.
Шаттық щеңбері
Мұғалім оқушылармен бірге үлкен шеңберге жиналып, Н.Назарбаевтің «Қазағым менің» өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.
Әңгімелесу
Бүгінгі өтіп отырған тақырып жайында ойлануға мүмкіндік туғызу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылып балалардан жауап тыңдалады.
-жанашырлық танытудың мәні неде?
-жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқу ақпараты
Ниеттес, тіліектес, сыйлас адамдардың бір біріне деген ниеттестігі мен тілектестігін білдіретін көңіл күйі жанашырлық болып табылады.Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған адамдарға қамқорлық көрсету жәрдем беру де жанашырлықтың белгісі.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақта жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оны нақты мысалдармен бекіте түсуі тиіс. Күнделікті өмірде кімге және қашан жанашырлық қандай болатынын ұғындыру үшін оқушыларға оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқып беруге болады. Ш.Айтматовтың әңгімесі.
-Шығарманы оқып шыққаннан кейн қандай сезімде болдыңдар?
-Шығармада кімге жанашырлық танытар едіңдер№
-Өздеріңді әңгіменің кейіпкерлерінің орнына қойыпкөріңдер?
Тапсырма
Жанашырлықтың (Сөзбен, іспен) ара жігін ажырата білуге үйрету сақсатында оқулықта төмендегідей төмендегідей тапсырма берілген.
Мәтінді оқып, негізгі идеясын табыңдар.
Дәйексөз
А. Йүгінекидің төмендегідей қанатты сөзі беріледі:
«Өзіңе де өзгеге де жақсылық тіле…»
Жүректен жүрекке
Мұғалім «Жүректен жүрекке» тәсілін төмендегідей түрде ұйымдастыруына болады. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрып тұрады. Олардың ішінен біреуі «Мен саған жақсылық тілеймін» — деп көршісінің атын атап, қолынан қысады.
15- сабақ. Жанашырлық жанға қуат
Мақсаты:
Оқушалар жанашырлық туралы түсінік беріп, олардың бойында жанашырлық сезімдерін дамыту.
Міндеттері
-оқушыларға жанашырлық ұғымы туралы түсінік береді.
-оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-оқушылардыы ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу
Шатттық шеңбері
Мұғалім балаларды шаттық шеңберіне шақырады.Өтен сабақты естеріне түсіре отырып, балаларға мынадай сұрақ қоюына болады. «Сен айналаңа не үшін жанашырлық танытар едің?» немесе «Мен….жанашырлық танытар едім, өйткені…» деген сөйлемді өз пайымдаулары бойынша жалғастырып айтады.
Әңгімелесу
Мұғалім оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтарды пайдалана отырып, қарастырып отырған мәселені талқылауда оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында берілген оқу мәтінмен жұмыс жасауда мәтін соңында сұрақтар басшылққа алынады.
-Арноның өз өміріне риза болмау себебі неде?
-Арноның жүрегін жылытып, өмірге басқа көзқараспен қарай бастады?
-Арно жан рақатын қалай тапты?
Өзіммен-өзім
Маужырағап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар.Ыстықтан абден қалжырап, тиіпті саусағыңды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Басқа тітіркендіргіштер әсер етпес үшін көзді жұму керек.
Дәйексөз
Сабақта берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта «Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің» халық нақылы дәйексөз ретінде пайдаланады.
Жағдаяттарды талдау
Мұғалім сабақта қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне әсер ететін жағдайлар туғызуы тиіс. Сол себепті әр түрлі жағдаяттар беріліп, оны оқушылардың өздеріне талқылау, жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекуіне жағдай жасау мақсатында оқулықта тапсырмала берілген:Жағдаятты талдаңдар.
Түйіндеме
Оқулықта «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпараттар балалардың мұқият қарап, талқылып, пікір таласады.
Басына іс түскен адамдарда жанашыр бола біл. Жанашырлықпен сөзбен ғана емес, іспен де, мінез-құлықпен де таныту қажет – ең бастысы осы.
Дәптермен жұмыс
11-12 сабақтардағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап , оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында оқушы дәптерінде 14 – сабақта берілген «Менің түйгенім» тапсырмасын орындату керек.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Ұ.Есдәулетовтің «Құс жолы» өлеңін айтады
16-сабақ. Ынтымақ түбі — береке
Мақсаты:
Оқушылардың ұйымшылдық, береке – бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру
-оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал етеді;
-оқушыларды татулыққа, ауыз біршілікке, достыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, Қ.Шаңғытбаевтьің «Тыныштық әлемге» өлеңін үнтаспаға қосылып орындайды
Әңгімелесу
-ынтымақ дегенді қалай түсінесіңдер ?
-ынтымақтастық дегенді қалай?
-татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық ұғымдарының ұқсастығы неде?
Оқу ақпараты
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке – бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өзара бірлікке келіп, бірлесіп әрекет етеді.Татулық орнайды. Ұжымдағы, ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп, болашағымызды баянды етеді.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқушыларға «Ынтымақ» құндылығының жеке адам мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып береді
-жігіттер неліктен Қызыр, Бақ, Дәулетті қонақ қылудан бас тартты?
-Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?
-Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
— «Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
Оқулықта сабаққа берілген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында «Игілік – басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» деген халық мақалы берілген.
Жүректен жүрекке
Мұғалім балаларды шеңберге жинап, қолдарына гүлдерді таратып, оның нәзіктігіне, әдемілігіне назарларын аудартады.Мұғалім өз гүлін тілегін айтып, жанындағы балаға береді, ол гүлді өз гүлімен қосып, тілегін қосып, тілегін айтып келесі оқушыға ұсынады. Гүлдер бірте бірте үлкейіп, гүл шоғына оқушыға ұсынады.
17- сыбық.Ынтымақ түбі – береке
Мақсаты:
Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру
-оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншліктерін дамытуға ықпал етеді.
-оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу
Шаттақ шеңбері
Мұғалім оқушылардың шаттық шеңберіне шақырады.Мұғалім оқушыларға бір – бірінің көзіне күлімдей қарап, сәлемдесуге әртүрлерін пайданалана отырып, тілек айтуды тапсырады.
Әңгімелесу
-Ынтымақты дегенді қалай түсінесіңдер?
-ынтымақ түбі – береке деп айтуда қандай мән бар?
-ынтымақтастыққа мысал келтіріңдер?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім адамдар арасындағы татулық, ауызбіршілік, ұйымшылдық сияқты қасиеттердің ынтымаққа, бірлікке жеткізетінін ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып береді.
Тапсырма
Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қажетті қасиеттер (Татулық, достық, ауызбіршілік, бірлік) туралы балаларға қосымша білім беру мақсатында тапсырырма береді.
Ұғым Анықтамалары
1.Татулық
2.Достық
3.Ауызбіршілік
4.Бірлік
5.Ынтымақтастық А)Адамдардың бір-біріне адал, қалқытсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті
Ә)Адамның берік бірлігі, сыйысымдылығы
Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі………….
Өзіммен – өзім
Мұғалім «өзіммен өзім» әдістемелік тәсілін өткізеді. Маужырағап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар.Ыстықтан абден қалжырап, тиіпті саусағыңды да қимылдата алмайтындай әсер болғаны дұрыс. Басқа тітіркендіргіштер әсер етпес үшін көзді жұму керек.
Мәтінмен жұмыс
Отанымыз-Қазақстан әрбір адамға сол өздерің іздеген, армандаған құт мекен бола алатынын айтып, оқушылардың ойларын түйіндеп, бір қоытындыға келтіру үшін оқулықта берілген М.Мақатаевтің «Құт мекен» өлеңін оқып береді.
Түйіндеме
«Бірлігі берік ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды»
Тапсырма
Мақал мәтелдерді оқып, мағынасын мысалдармен түсіндіріңдер.
1.Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса
Төбедегі келеді.
Дәйексөз
«Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.»
Шығармашлық жұмыс
Еліміздегі ынтымақ, бірлік туралы құрбы- құрдастарыңның арасында сауанама жүргізіңдер.Бұл тапсырманы орындатудағы мақсат- оқушыға білім беріп қана қоймай, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Дәптермен жұмыс
14-15 сабақтарға меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойларын жинақтау мақсатында оқушы дәптерінде 15- сабақта берілген «Менің түйгенім» тапысрмасын орындату керек.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, үнтаспаға қосылып Н.Шәкеновтың «Бейбітшілік сақталады» өлеңін айтады.
18-сабақ. Армысың, кең дүние!
Мақсаты.
Оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзкарастарын дамыту.
Міндеттері:
-оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік теру
-оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын табақ білуге ықпал ету;
-ізгілкке, жақсылыққа тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңберге тұрып Ш.Сариевтің сөзіне жазылған Ж.Тұяқбаевтің «Айналдым сенен Атамекен!» әнін орындайды.
Әңгімелесу
— «Дүние», «Әлем», «Қоршаған орта» деген ұғымды қалай түсінесің?
— Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні неде?
— Адамның қоршаған ортаға қарым қатынасы қалай болу керек?
— Өзіңнің дүниеге деген көзқарасың қандай?
— Дүниенің кеңдігін қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс ретінде «Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт» ертегісін ұсынады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің басты идеясын түсінуге тырысады.
-Бұлбұлдың үнін өшіруге жарқанатты неліктен қарақұртты шақырды?
-Бұлбұл кең дүниеге өз сезімін қалай білдіреді?
-Қарақұртқа кең дүниенің кереметтігі қалай әсер етеді?
Оқу ақпараты
Көп қырлы, сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең дүние – әсем, шексіз әрі мәңгі. Ақ көңіл, таза ниетпен келбеті толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін түсініп, орнын табуға көмектеседі.
Дәптермен жұмыс
2-тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Өздеріңнің дүниеге көзқарастарыңды әңгімелеп беріңдер.
Жүректен жүрекке
Оқушылар кезекпен бір-бірінің шеңберге жиналып, барынша әлемді кең дүниені қалай қабылдайтындарын былыйша білдіреді.
-Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін.Әлем маған бар байлығын сыйлады.Мен әлемді көркейтуге бар ықыласыммен дайынмын.
19- сабақ Армысың, кең дүние!
Мақсаты:
Оқушыларға туралы түсінік беру, дүниеге деген жағымды көзқарастарын дамыту.
Міндеттері
-оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» түсінік беру.
-оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету
-ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірімен сәлемдеседі.Өздерінің әлемді қалай түсінетіндерін, өзі үшін әлем деген нені білдіретінін айтып шығады.
Дәйексөз
«Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалықты өзін тани түседі.» Иоганн Гетенің нақыл сөзі берілген.Оқушылар нақыл сөзді талқылайды.
Тапсырма
Барша әлемге, күллі адамзат баласына алыстағы достарға, басқа адамдарға арнап жылы сөз, жақсы тілек жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс
Оқуға ұсынылған «Қабуснамадан» үзіндіні өз бетінше оқуды тапсырады.Мұғалім мәтінде берілген «дүние заңдылықтарына немқұрайлы бейтарап қарауға болмайды», «ойлаған мақсатың орындалмаса оған жұлдыздар немесе заман айыпты деп ойлама» деген түйінді ойларға оқушылардың назарын аудартып, оны өз ойларымен түсіндіріп айтып берулеріне болады.
Тыныштық сәті:
Сабақта тыныштық сәті ұйымдастырылады.
-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмасаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы, шипалы ауаның тұлға бойларында толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Дәптермен жұмыс.
3 тапсырма
«Әлем» анаграммасын шешіңдер.
Жүректен жүрекке
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, Н.Баймұхамедовтың сөзіне жазылған «Ақ көгершін әнін орындайды.»
20- сабақ Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ
Мақсаты:
Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту
Міндеттері
-оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту
-оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-табиғатқа сүйіспеншілікпен, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен бірге шеңберге тұрады.Оқушылар мұғаліммен бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар қосылып, «Аралдан ұшқан аққулар» әнін шырқайды.
Әңгімелесу
-Табиғаттың адам өміріне маңызы неде?
-Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер
— Табиғатқа өз қарым қатынасыңды қалай білдіресіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» атты әңгімесән оқу ұсынылады. Әңгімені оқу барысында
Оқушылардыңтабиғатқа қарым-қатынасы туралы білімбері арта түседі.Өйтені әңгімеден оқушылар адамның табиғатқа қарым қатынасына көп нарсені біледі.
-хан жарлығы мен ел жұрт әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
-Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?
Тапсырма
Оқушылар тапсырманы орындау үшін табиғат туралы білімдерін еске түсіріп ойланады.
Тапсырма: Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтыа, оның мәнділігін дәлелдеңдер.
Оқу ақпараты
Оқулықта «Жер бетінде өлі және тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, өзара үйлесімде тіршілік етеді.Осы тіршіліктегі тепе теңдік бұзылса, табиғат апатқа ұшырайды.Оның зияны адам баласының өміріне қауіп тудырады.Сондықтан табиғат заңдылығын бұзуға болмайды.» деп ақпарат берілген.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма
1-тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Табиға пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырап жазыңдар.
2- тапсырма
Табиғаттарғы «Жасыл достарға» арнап достық тілек жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар кезекпен кезек шеңбер бойымен жиналып, ұсынылған сөйлемді өз ойларымен жалғасытырып айтады.
— Мен үшін табиғат маңызды, өйтені….
21- сабақ. Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ
Мақсаты:
Оқушылардың табиғаттаң тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;
Міндеттері
-оқушылардың адам мен табиғатарасындағғы үйлесімділік туралы түсініктерін кеңейту;
-оқушылаордың табиғатты сақтау,аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңбнрге шақырып, бір-бірімен сәлемдеседі.оқушылар төмендегші ойды жалғастырады:
-мен табиғатты аялап, сақтаймын.Табиғатты қорғамау…..
Тапсырма
Мәтінді оқыңдарүТүйінді бөліктерге бөліп мазмұнына сай ерекшеліктерін анықтап ат қойыңдар.
Түйіндеме
Адамдар табиғатқа перзенті екенін әрдайымәрдайым есте ұстап, табиғат анаға ерекше қарым-қөатынас жасауының қаншалықты маңызды екенін, табиғаттың адамзат баласына сый-тарту шексіз екенін оқушылар оқулықта ұсынылған түйіндеме арқылы ұғынады.
Мәтінмен жұмыс
А.Сейдімбектің табиғат туралы ой-талғамын оқушылар оқып түсіну арқылы білімдерін тереңдете түседі.
Тапсырма
Табиғат аясында өзіңді өзің ұстай білу ережесінің жобасын тізіңдер
Шығармашылық жұмыс
Оқулықта шығармашылық жұмыс:
Өздерің тұраптын жерлердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай қамқорлықты қажет ететін жағдаяттарды шешудің жобасын жасап, жария етіңдер.
Оқу ақпараты
Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады. Ауаның жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы – қоршаған ортаның ластануы. Олар Адамның денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Дәйексөз
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат – деген нақыл сөз Фариза Оңғарсыныованың дәйексөз ретніде қолданады.
Өзіммен өзім
Мұғалім оқушыларға ойға беріліп, қиялға шарықтатып, туған еліміздің, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады.Мұғалім оқушылардың туған жердің көркем де әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, еліміздің экологиялық ахуалын қалай жақсартуға болатынын, қандай нақты шаралар жасау керектігін, өздерінің қандай нақты шаралар жасау керектігін өздерінің қандай ұсыныс немесе жоба ұсынатындай ойлануды тапсырады.
Дәптермен жұмыс.
4- тапсырма
Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.
5- тапсырма
«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап, жария етіңдер.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге «Жүректен жүрекке» шеңберіне жиналады.
Оқушылар М.Мақатаевтің «Өмір сүрейік алмасып,» өлеңін оқиды.
22- сабақ. Денім сау болсын десең…
Мақсаты:
Оқушыларға жан саулығының тән саулыгының әсері туралы түсінік беру.
Міндеттері
-оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру
-оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
-өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберіне жиналып балалармен бірге «ешқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.
Әңгімелесу
«Бірінші байлық- денсаулық» деп неліктен айтқан? Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар? «Тәні саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? Ал жан саулығының тән саулығына әсері бар ма? Деген сұрақтарды қойып әңгімелеседі.
Мәтінмен жұмыс
«Денсаулықтың он құпиясы» атты мәтінмен жұмыс істеу оқушылардың денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызығушылығын арттырады.
Тапсырма
Тапсырманы орындау оқушылардың адам денсаулығына ой тазалығымен таза ниетіне әсері туралы түсініктерін пайымдауға мүмкіндік береді.
Денсаулық құпияларын өз пайымдауымен толықтырылып, ой қорытындысын жасаңдар.
Оқу ақпараты
Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты,Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл ой салауаттылықтың белгісі.
Жағдаяттарды талдау
Оқулықта берілген жағдаяттарды шешу оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне жағдай жасайды.Оқушылар жағдаяттарды шешу арқылы күнделікті күнделікті кездесіп жүрген жататын түрлі жағдаяттардың мәнін ұғынып, оны денсаулығына тікелей әсер ететін түсініп, ойланады, өз ойларын ортаға салады.
Дәйексөз
Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір….» атты нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген.Мұғалім оқушыларды дәйексөзбен таныстырып, деннің саулығы, ақыл, адалдық адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігі мағынасын ашып түсіндіру арқылы ұғындырады.
Дәптермен жұмыс
1- Тапсырма
Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көніл – үшеуімен болады бақытты өмір…» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойларыңды жазыңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге қол ұстасып, шеңбер құрады. Барлығы бірге қосылып, «Денсаулық- зор байлық. Жаны саудың – тәні сау» деп айтады.
23- сабақ. Денім сау болсын десең….
Мақсаты:
Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік
Міндеттері
-оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру.
-оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
-өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Оқушылар бір-бірімен сәлемдескен соң, барлығы қосылып, «Мен ниетімнің таза, денсаулығымның мықты болуына ықыластымын» -деп айтады.
Түйіндеме
Денсауылықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында. Денсаулықтың мықты, данының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байлансыты.
Әңгімелесу
Әңгімелесу жүргізуге арналған сұрақтар салауатты өмір салтын ұстану, яғни жан тазалығы мен тән тазалығын сақтау үшін зиянды әрекеттерден аулық болу жағына қарай бағыттай отырып, оқушылардың сұрақтарға жауап берулеріне жағдай туғызады.
-Денсаулығың өз қолыңда дегенді қалай түсінесіңдер?
-Салауаттылық – саулық негізі деудің мәні неде?
-Салауатты өмір салты не үшін керек?
-Сатып алған ауруға дауа жоқ?
Мәтінмен жұмыс
«Зиянды әдеттер» атты мәтінмен жұмыс арқылы оқушылар зиянды әдеттерден адам денсаулығына қандай қауіп төндіретінін , зиянды заттарға тәуелді болудың мәнін түсінеді. Әрбір адам денсаулығының мықты болуын, ұзақ та белсенді өмір сүруін , ұзақ та белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жасайтынын адамгершілік ұстанымдарына негізделген салауатты өмір салтын таңдағаны жөн екені айтылды.
Түйіндеме
Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байлансыты. Осы түйіндеменің мағынасынан оқушылар иықты денсаулық пен ұзақ өмір сүруді, өзін жақсы сезінуді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын ұстану үшін денені үнемі шынықтыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, жақсы әдеттерді игеру, ауыртпалықтарды жеңе білу, алғашқы көмек көрсету негіздерін білу, қоршаған ортаны қорғау, уакытты тиімді пайдалана білумен қатар ең бастысы ойың, ниетің таза болуын, өзіңді рухани – адамгершілік жағынан дамытуға талпынудың мәні зор екенін ұғады.
Тапсырма
Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазыңдар. Оларды болдырмаудың жолдарын ұсыңдар. Ұсыныстарыңды кесте түрінде беріңдер.
Дәйексөз
Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйекісөзі ретінде Т.Карлейльдің «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты нақыл сөзінің мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.
Тапсырма
Нақыл сөздерді оқыңдар. Өздеріңе ұнағандарын таңдап алып, олардың мағынасын мысалдармен түсіндіріңдер.
1. Ердің саулығы – елдің байлығы
2. Денсаулықтың қадірін жастан білу – азаматтық борыш
3. Сырын мен білетін бірден–бір сұлулық – денсаулық.
4. Дені сау адам дегеніміз – табиғаттың аса құнды туындысы.
5. Денінің саулығын тілегінің бірінші парызы – маңайының ауасын тазарту.
Р.Роллан
Шығармашылық жұмыс
«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбында эссе жазыңдар» деген шығармашылық жұмысты оқушылар алған білім–біліктерін ой елегінен өткізе отырып, орындайды.
Тыныштық сәті
Мұғалім:
— Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс ауларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Дәптермен жұмыс
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге қол ұстасып, шеңбер құрып, көңілді қимылдармен өрнектей,
«Бала тілегі» әнін шырқайды.
24-сабақ. Өмірің өз қолында
Мақсаты:
оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
— Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
— Оқушалрдың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
— Еліне, халқына абыройлы қызмет етіге тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар бір-бірімен сәлемдеседі.
Әңгімелесу
«Әңгімелесу» әдісі мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Әңгімелесу сұрақтары баланың тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, пікірін айта алуын жағдай жасайды.
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір адамға несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатын қандай?
Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Мәтінмен жұмыс
Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқып түсіну арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек ушеуінің айтысын талдап, олардың адам үшін артықшылығы неде, адамның мәеді де мағыналы өмір сүруі үшін ненің жақсы, ненің жаманы екенін қалай ажыратуқаны жөн, не нәрсеге мән беріп, нені басшылыққа дұрыс екенін байыптайды.
Оқу ақпараты
Адам деген атқа лайықты өмір сүру өз қолыңда.
Оқу ақпараты оқушылардың өмірге қарым-қатынасындағы ашық жүректілік пен ақыл-ой парасаттылығының қаншалықты маңызды екендігін нықтай келе, адами құндылықтардың адам өміріндегі мәнділігін айқындай түседі.
Дәйекісөз
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.
Тапсырма
Мәтіңді оқыңдар. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сипаттап жазып дәлелдеңдер.
Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Мәтіңді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
— Жақсы адам болуға қандай қасиеттер көмектеседі?
— Қандай нәрседен бойыңды аулақ ұстауға керек?
2-тапсырма
Абайдың өлеңін оқып, оны көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылаңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып, барлығы бірге «Мен өмірді сүйемін. Өмір мені қолдайды. Өмірім өз қолымда», — деп айтады.
25-сабақ. Өмірің өз қолыңда
Мақсаты:
оқушыларға өмір, оның мәні туралы тусінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.
Міндеттері:
— Оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
— Оқшылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
— Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
Шаттық шеңбері
Оқушылар мүғаліммен бірге шеңберге жиналады. Бір-бірімен сәлемдеседі. Барлығы қол ұстасып, бірге «Біз өмірді сүйеміз. Өмір бізді қолдайды», — деп айтады.
Әңгімелесу
Оқушылардың «өмір» қүндылығы жөніндегі білімдерін жинақтау
Мақсатында сұрақтар ұсынылған:
Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
Адам өмірінің маңыздылығына рухани байлық қалай әсер етеді?
Еліңе, халқына абыройлы қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Қ.Қ айсеновтің «Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!» атты өнегесін оқып түсіну оқушылардың өмірдің мәнін пайымдауларына үлкен әсер етеді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар келешек өмір жолдары турасында ойланып, бағыт бағдар алады.
Дәйексөз
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен, — деген С. Торайғыровтың нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген.
Мұғалім сабақтың дәйексөзіне оқушылардың назарын аудара отырып, оның мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.
Тапсырма
Даналық сөздерді оқыңдар. Түйінді ойлар негізінде өздеріңе қажетті кеңестерді тұжырымдаңдар.
Өкінішке душар етпейтін іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін білуге үйрен. Сонда тыныш өмір сүресің.
Пифагор
Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмба.
Пифагор
Ұзақта жемісті өмір сүру құпияларының бірі – әр кеште ұықтар алдында барлық адамдардан кешірім сұрау.
Эсташ Ленобль
Тапсырма
Өлеңді оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларыңды туйіндеп айтыңдар. Өлеңнен өздеріңе ұнаған шумақтарды жаттап алыңдар.
Түйіндеме
Түйіндеме оқушыларға өмірдің мағыналы болуы үшін қандай адами қасиеттер қажет екендігі жөнінде мағұлмат береді.
Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық – өмірдің мағыналы болуының алғышарттары.
Шығармашылық жұмыс
«Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпта шығарма жазыңдар» деген шығармашылық жұмыс оқушылардың ойларын жинақтап , алған білім біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына септігін тигізеді.
Дәптермен жұмыс
4- тақырып
Криптограмманы шешіңдер
26 сабақ Шындық шыңы – ақиқат
Мақсаты:
Оқушылардың төменгі сыныптарда шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
-адами қарым қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру.
-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара – жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
-оқушыларды шындыққа, адалдыққа шынайылыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Сыныптағы бір оқушы немесе мұғалімнің өзі оқулықта берілген «Мұрат етіп шындықты» атты өлеңді мәнерлеп оқиды. Әрбір оқушы шындық туралы өз түсінігін өлең мазмұнына қарай қысқаша айтып шығады.Мұғалім шындықты мұрат ету, ақиқатқа жүгіну сияқты өлең жолдарын түсіндіреді.
Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «Ойланайық пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
-Шындық дегенді қалай түсінесің ?
-Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?
— «өтірік өрге баспаспас,шындық түпте жатпас» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқу ақпараты
Әр адам әділдікті өмірінің басты бағдары етеді.Күнделікті тұрмыстағы, өмірдің әр қилы қалтарыстарындағы көптеген жағдайлардың байыбына зер сала отырып, қандай да болсын мәселенің анықтығын шындық арқылы шешуге болады. Шындықты бағалап, айта білу адамгершілікті көрсетеді. Адамның ойы мен сөзінде алшақтық болмауы үшін қажетті қасиеттің бірі – шыншылдық.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың шындық пен ақиқат туралы түсініктерін мәтін оқу арқылы дамытуды көздейтін бұл әдістің сабақтағы орны ерекше. «Сөздің атасы мен анасы» атты оқуға ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық кідіріспен, үлкен ықылыспен оқып береді.
Тапсырма
Оқушылар үнтаспаға қосылып Ф.Оңғарсынованың «Шындық» атты өлеңін айтады.Мұғалім оқушыларға «шындық – шаң – құзда, жолы да тайғақ» деген өлең жолдарын өз пікірлерімен дәйектеуге көмектеседі.
Дәйексөз
Сабақ әрі қарай оқулықтағы нақыл сөзді талдаумен жалғасады.Мұғалім «шырағы» сөзіне баса назар аударады.Шырақ дегеніміз отпен тең. Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі,ал шындық та от сияқты ашылған сайын нақтылана беретін адамға қажетті құндылық екендігін оқушыларға түсіндіреді. «шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді» Ғ. Мұстафин.
Жағдаятты талдау
Оқушыларға үш түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға, адамдармен жағымды өзара әрекеттестік құра білуге, қай кезде болмасын шындықты айта алуға үйретеді. Жағдаятты оқып, оқиғаны өз ойларыңша өрбітіңдер.
Жүректен жүрекке
Оқушылар Н.Оразалиннің «Шындық» атты өлеңін мәнерлеп оқиды, олар ешкімді алдамау керектігі жөнінде бір-біріне тілек айтып, бір біріне деген ыстық ықыластарын білдіреді.
27- сабақ Шындық шыңы — ақиқат
Мақсаты:
Оқушылардың шындық туралы өткен сабақта алған білімдерін жалғастыру, ақиқаттың құндылық ретндегі мәнін ұғындыру
Міндеттері:
-адами қарым- қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру.
-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықты ара жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
-оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа,шынайылыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Оқушылар ортада шеңбер құрып, шындық пен ақиқатты білдіретін мағыналас сөздерді кезекпен айтады.Олардың адалдық, әділдік, бетке айту , тура сөйлеу тәрізді шынайылықты білдіретін сөзерді айтуы ықтимал.
Әңгімелесу
Оқушылардың өткен сабақтағы шындық туралы алған білімдерін толықтыра түсу үшін мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізеді.
-Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
-Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?
-Ақиқатқа жету қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?
Оқу ақпараты
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинақтап тұжырымдайды. Сабақ ақиқат жөнінде айтылған оқу ақпаратын мұғалім өзі оқып беререді.
Адамгершілікпен туындап, әділдікке ұласқан шындықтан көп нәрсенің ақиқатына көз жеткізуге болады.Ақиқат – адам түсінігінің өмір шындығының сәйкестігі болғандықтан , оның көтерер жүгі де ауыр.
Мәтінмен жұмыс
Берілген мәтінді сыныптағы бір оқушы асықпай, нақышына келтіріп оқиды.Балалар мәтінді оқып, үйрену арқылы оның мазмұнында айтылған ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келетіні және оның мәтінмен жұмыс жасау көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, ақиқаттың пікірлер тоғысын туатын шындық екендігіне көз жіткізеді.
Шығармашылықпен жұмыс
Өлеңді оқыңдар. Өлеңнің мазұны бойынша «Менің түсінігімдегі ақиқат» атты шығарма жазыңдар.Оқушылардың ақиқат жөніндегі түсініктерін тереңдете түсу мақсатында оқулықта берілген М.Мақатаевтің «Ақиқаттың ауылы» атты өлеңін оқу ұсынылады.
Дәйексөз
Нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әділ болсаң – қараға – ақ, аққа – жақ,
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ! Ж.Баласағұни
Ақиқаттың ең сенімді белгісі – қарапайымдылық пен ашықтық
Жалғандық әрқашан қиын, түсініксіз және көпсөзді болады. Л.Толстой
Тыныштық сәті.
Үйге тапсырма.
Оқушылардың өзіндік қызуғылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту үшін «Сен шындықты мойындай аласыңба?» тақырыбында тест ұсынылады.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. Тілектің мазмұнында міндетті түрде шындық пен ақиқатты білдіретін әдемі сөздер болуы керек.
28 сабақ. Жаныңда жүр жақсы адам
Мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру
Міндеттері:
— Оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынастағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету
— Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту
— Оқушыларды сүйіспеншілікке , сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Оқушылар дөңгелене шеңбер құрып төменде берілген өлеңді айтады.Мұғалім оқушылардан өз аталарын естеріне түсіп, атаның балаға деген ыстық махаббатын қалай сезінетіндіктен мына шумақта айтылған ойдың негізінде айтып берулерін сұрайды.
Әңгімелесу
Мұғалім төменде берілген сұрақтарға сәйкес адамдар арасындағы сыйластық, ыстық ықылас, мол мейірім, ізгі ниет, т.б рухани құндылықтарын ізгілікке бастап, жақсылыққа жетелейтіні туралы әңгімелейді.Ол адамның жанын жадыратып, жүрегін нұрға бөлу әр отбасындағы адамдардың біріне- біріне жан жылуын шашып, өзара сыйластық пен құрметтеу сезіміне байланысты болып отыратынына тоқталады.
Мәтінмен жұмыс
Оқу ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық талаптарына орай үлкен ықыласпен оқып береді.Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылар қазақ халқының ұғымдарындағы «қасиет» сөзінің құдіретін, оның адам өміріндегі мәнін ұғынады. Әженің ауызынан шыққан төменде көсетілген қасиет туралы тәлімдік сөздердің әрқайсысын мұғалім мағынасын қарай түсінеді.
Дәйексөз
Мәтінде айтылған ойды жалғай түсу үшін оқулықта берілген Конфуцийдің төмендегі нақыл сөзінен оқушылар жақсы адамның қандай үлгі өнеге алуға болатынын өздерінің ой елегінен өткізеді.Олар сонымен бірге керісінше, жаман адамның бойын аулақ ұстау керектігін де ұғынады.
Оқу ақпараты
Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасағын жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек қорсете алу адамшылықтың белгісі.Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп жаныңды жадыратады.
Түйіндеме
Мұғалім оқушылардың назарын Базар жыраудың өлеңдеріне айтылған өнегелі сөздердің мағынасына үңілуге аударып, олардың есте сақтауға шақырады.Мұғалім өз сөзіне адам үшін туыс пен жанашыр ағайынның өмірдегі орны бөлек екендігіне зер салдырады. Өлеңдегі өзекті ойлардың түйіні қазақ халқының «төрт құбылаң сай болсын» деген тілегінің көрінісі екендігін мұғалім жеткізе білуі тиіс.
Сабақты қорытындылау
Мұғалім сабақта айтылған ойларды жинақтап, тұжырым жасау үшін төмендегідей сұрақтар қояды.
-адамдар арасындағы сыйластықтың қадірін неден көруге болады.
— «Жаныңда жүр жақсы адам» деп неге айтамыз?
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Олар өздерінің жанында жүрген жақсы адамды көз алдарына елестетіп, оларды қандай қасиетіне қарап жақсы адам деп ойлайтындықтарын кезекпен айтып шығады.
29-30 сабақтар.Жаныңда жүр жақсы адам.
Мақсаты:
-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— адамдардың өзара қарым қатынасындағы ынта ықылас, жан жылуы мен жақсылықтысезініп, бағалай алуға үйретуді жалғастыру
— оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірім қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту
-оқушылардың сүйіспеншілік,сезімталдық, сыпайылық, жақсыны сезіне білуге тәрбинлеу
Шаттық шеңбері
Оқушылар дөңгелек шеңбер құрып, «Әже туралы ән» өлеңін мұғаліммен бірге орындайды
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқулықтағы «Оқып үйренейік» атты шартты белгімен берілген төмендегі мәтінді көркемдік тебіреніспен, интонациялық талаптар ға сай оқып береді. Әңгіме түрінде берілген бұл мәтін оқушылардың есту, тыңдау, әңгімелесу, түсіну қорыту тәрізді әрекеттерін дамытады. Мәтінге «Менің Әкем» атты О.Бөкейдің повесінен үзінді берілген.
-Автор әкесі жайында қалай тоғанады?
-Туған жердің адам сезіміне қандай әсері бар?
-Ұрпақ жалғасығы дегенді қалай түсінесің?
Шығармашылықпен жұмыс
Берілген өлең жолдарын пайдалана отырып «Маған қымбат жандар» тақырыбында эссе жазыңдар.
Алтын ұя – Отан қымбат
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Туып өскен елің қымбат.
Дәйексөз
Жақсы деген кісінің
Алды арты бірдей жарық болар
Жақсы деген ісінің
Бас аяғы бірдей анық болар
Бөлтірік би
Мәтінмен жұмыс
Берілген өлеңді оқып, оқушылар адам өмірінің адаммен ғана көрікті, мәнді де сәнді екеніне көз жеткізеді,мұғалім оқушылардың ойын ұштап адам баласының табиғат берген құдірет күші туралы түсінік береді.
Тапсырма
Бұл тапсырма оқушы дәптеріне орындалады.Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады.
Менің ойымша, жақсы адам болу үшін……………………………
Менің досым……………………………………..
Бәріненде менің жақсы көретінім адамның бойында……………………………..
Жүректен жүрекке
Жаныңда жүрген жақсы адам кім десек, біз ойланбастан анамызды айтамыз.Мұғалім ешқандай сезімнің ана махаббатына, ананың ыстық махаббатына тең келмейтінін айтып, жүректен жүрекке әдісін жүргізеді.Соңынан «анаға сәлем»әні орындалады.
31- сабақ Мәдени мұра – халық игілігі
Мақсаты:
-оқушыларға ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде жететін мәдени мұра, атамұра ұғымдарын рухани құндылық ретіндегі маңызын ұғындыру.
Міндеттері
— Оқушыларға әдеби-мәдени мұралар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, атамекен, атакәсіп туралы түсінік беру.
— Оқушылардың ұлттық құндылықтарға, мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал етеді.
— Ата-баба мұрасын асыл қазына ретінде қастерлеуге құрмет тұтуға және олардан тағылым алуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңбер құрып үнтаспадан Р.Рымбаеваның орындауында «Домбыра туралы балладасы» естіліп тұрады.Мұғалім оларға қасиетті қара домбыраның құдіретті күші туралы қазақ халқының өмірлік тарихының домбыра үнінде жалғасып дала дастанындай жыр төгетінін айтады.
Әңгімелесу.
-Мұра атамұра дегенді қалай түсінесің?
-Халықтың данышпандығы арқылы жасалған игілікті адам өмірінің маңызы неде?
-Қандай мұраларды ата-бабалардан қалған мирас дейміз?
-Мәдени мұраларға не жатады?
-Атамұра адамға не үшін керек деп ойлайсың?
Оқу ақпараты
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері мен көркем туындылары ұрпақтан ұрпаққа , атадан балаға мирас ретінде жетіп отырған. Халық зердесіндегі даналық пен данышпандықты көрсететін мұндай өмірлік тартуды атамұра деп атайды.
Мәтінмен жұмыс
«Бабаларым рахмет сендерге!» М.Мақатаевтің өлеңі мұғалім интонациямен талапқа сай мәнерлеп оқып береді.
Дәйексөз
Сабақта айтылған ойларды ұштай түсу үшін М.Жұмабаевтің нақыл сөзі беріліп отыр.
«Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы салт-дәстүрі»
Жүректен жүрекке
Мұғалім атамекеннің, кіндік кескен туған жердің әр адам үшін аса қымбат екенін айтады.Оқушылар Қ.Мырзалиевтің сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындайды.
32 — сабақ Мәдени мұра – халық игілігі.
Мақсаты:
-оқушыларға ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мирас ретінде жететін мәдени мұра, атамекен ұғымдарының рухани құндылық ретінде маңызын ұғындыру.
Міндеттері
— Оқушыларға әдеби-мәдени мұралар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, атамекен, атакәсіп туралы түсінік беру.
— Оқушылардың ұлттық құндылықтарға, мәдени мұраларға деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал етеді.
— Ата-баба мұрасын асыл қазына ретінде қастерлеуге құрмет тұтуға және олардан тағылым алуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар дөңгелек шеңбер құрып,ортаға жиналады.Мұғалім оларға біздің ата-бабаларымыздың түп қазығы – ауыл екенін, көсіліп жатқан кең даланың қазақ халқының басты байлығы ғана емес, оның сонымен қатар атадан қалған құтты қоныс екендігін де түсіндіреді.Бәрі қосылып «Аяулым» әнін орындайды.
Мәтінмен жұмыс
Берілген мәтінді оқып, оқушылар атамұраның кәсіп ретіндегі бір түрі саятшылық, құсбегілік сияқты дәстүрлерге назар аударады.Мәтін соңындағы сұрақтар жауап бере отырып , олар аңшылықтың өнер екендігіне көз жеткізеді.Әр бала өз аталарының, әкелерінің, ағаларының да жүйрік ат, жақсы ит, құс ілінетін қаршыға, бүркіт тәрізді құстарды ұстап саятшылықпен айналысатыны жөнінде өз ойларын ортаға салады.
Дәйексөз
Қазыбек бидің аталы сөзін оқып, оқушылар қазақ халқының елдігі, ұрпақтар сабақтастығы жайлы өз пікірлеріне орай дәйексөздің мағынасын толығырақ түсіндіреді.
Басымыздың намысы асырмаған елміз,
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз
Адал ниетті ақтай білген елміз
Атаның өсиетін балаға
Баланың өнерін атаға
Айтып, тарта білген елміз.
Қазбек би
Шығармашылық жұмыс
«Атамұра – асыл қазынам» тақырыбында шағын әңгіме құрастырыңдар.Оқушылар өз бетінше өздерінің отбасындағы дәстүр, атамұра ретіндегі құндылықтар туралы әңгімелейді.Әңгіме мәні қысқа да, нұсқа да болуы керек.
Түйіндеме
Дәстүр-ұрпақтан ұрпаққа берілетін халық даналығын түсіндіреді. Халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының ұрпақ тәрбиесіндегі орнына толықталып, мұғалім бата, тілек тәрізді арнау сөздердің адамға жақсылық тілеуі ниетін туындайтынын айтады.
Жүректен жүрекке
Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен қосылып төменде берілген әнді орындайды.Бұл ән оқушыларды өз елі үшін мақтаныш сезіміне бөлейтіндей мәнерінде орындайды.
33- сабақ Таным шаттығы
Мақсаты:
Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін-өзі танудың жалпыадамзаттық ғұмырындағы , жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту.
Міндеттері
-оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарында жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін тексеру;
-оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар туралы алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
-оқушыларды өз еңбегінің жемісін шаттықпен тани алып, өзгелердің еңбегін орынды бағалай алуға тәрбиелеу
Әңгімелесу
-өзін-өзі тану сабақтарының маңыздылығы неде?
-өзіңді және өзгелерді тани отырып, сендер қандай игіліктің, құндылықтың бар екендігіне көз жеткізіңдер?
-жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер керек екен?
-жасампаздық жарасымы дегенді қалай түсінуге болады?
Мәтінмен жұмыс
Бұл мәтінді адам қолымен жасаған игілікті істің жасампаздық күші туралы айтылады.Еңбекпен тапқан адал тиынның адамды зор бақытқа кенелтіп, өмірлік азық болатынына назар аудару қарастарылады. Мұғалім сүйіспеншілікпен қосылған екі жастың ата-анаға деген мейірімін алғысын олардың барша халық үшін орнатқан ғажайып бағынан көруге болатынын мәтін арқылы дәйектейді.
Дәйексөз
Өзін-өзі тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі.
Сара Алпысқызы.
Жүректен жүрекке
Оқушылар сабақтың соңында бір-біріне жақсылық тілеп, төменде берілген Ә.Тәжібаевтің мына өлең жолдарын қосылып оқиды.Олар өлең мәтінінен әр адамның өміріндегі мақсаты мен арманының орындалуы әркімнің өзіне байланысты екендігін ұғындырады.
34-сабақ Таным шаттығы
Мақсаты:
Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің нәтижесін шығармашылық пен қолдана алу және өзін-өзі танудың жалпы адамзат ғұмырындағы , жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсінігін бекіту.
Міндеттері:
-оқушылардың өзін-өзі тану сабақтардың жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін тексеру.
-оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар туралы алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана білу
-оқушыларды өз еңбегінің жемісін шаттықпен тани алып, өзгелердің еңбегін орынды бағалай алуға тәрбиелеу
Шаттық шеңбері
Әр оқушы бір парақ қағазға өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын құндылық туралы жылы сөз айтып,бір-біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл, зор денсаулық тілейді. Мысалы Ақерке – абырой, адалдық.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс жасауда мұғалім алдымен оқушыға қазақ халқының үш биі туралы қысқаша мәлімет береді.Оқушылардың өздері де олар жөніндегі білгендерін ортаға салады. «Әйтеке бидің аталы сөздері» беріледі.
Тапсырма
«Дүниеде кім күшті» атты мәтінді рөлдерге бөліп орындау арқылы балалар кейіпкердің сезімін, күйеніш- сүйенішін өз қабылдауынан өткізеді.Сахналық бұл тапсырманы орындау сонымен бірге оқушылардың топта, ұжымда бірлесе әрекет ете алу іскерліктерін де шыңдай түседі.
Дәйексөз
Өзің үшін үйренсең
Жамандықтан жиренсең
Ашыларсың жылма жыл
Біреу үшін үйренсең
Біреу білмей сен білсең
Білгеніңнің бәрі тұл.
Абай
Шығармашылықпен жұмыс
Ертегіні оқыңдар.Мәтінге сүйене отырып, адамдардың өзара қарымқатынасындағы сыпайылық туралы пікірлесіңдер.Ойларыңды жазба түрде тұжырымдаңдар.
Өзіммен өзім
Оқушылардың зейінінің тұрақтылығын, сабаққа деген ынталарын арттыру және олардың бір сәт демалуын ойластыру мақсатында мұғалім әртүрлі ойындарды, жаттығуларды орындатады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім А.Шамкеновтің «Әр адам» атты өлеңін мәнерлеп оқиды.Оқушылар әр адамның өзіндік қабілеті, арманы мен қиялы табысы мен жеңісі болатынын пайымдайды.Өлеңді оқығанда әр сөзге мән зер салып,оқушылар ақ қара, жаманмен жақсының қосарлана жүретінін түсінеді.
Өте керемет
рахмет сіздерге мен мектеп окушысы ретінде өзіме керекті мәлімет алдым..енді мен өз конспектімді жақсы жаза алам!
Өте керемет көп-көп рахмет
Классно! Я нашла что я хочу! Спасибо вам!
Өте керемет! Қысқа да, нұсқа жазылған екен. Өзіме керегін алдым. Көп-көп рахмет!!!!
жанашырлыкка эссе жазып бериндерш
Жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған сабақ жоспарларын көрғім келеді.
Рақмет сізге, көп көмек жасадыңыз.
Өте жақсы жазылған. Осындай түсінік хаттар барлық сыныптар үшін бар ма. Болса көмектесінізші. Сессияға керек болып тур ед. Рахмет.
Жаңа бағыт бойынша жазылмаған. Әлі кітап бойынша жұмыс істейсіз ғой.