Цифрлық технологиялар мен көркем еңбек: графикалық дизайын негіздері

“Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі” КММ
Көркем еңбек пәні муғалімі:  Канагатова Анар Берекеновна

Мақсаты: Оқушылардың цифрлық технологияларды пайдалана отырып графикалық дизайн негіздерін меңгеруіне жағдай жасау, шығармашылық қабілетін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және заманауи еңбек нарығына бейімдеу.

Міндеттері: Оқушыларды графикалық дизайн ұғымымен, оның түрлері мен қолданылу салаларымен таныстыру.Цифрлық құралдар (компьютерлік бағдарламалар, онлайн сервистер) көмегімен дизайн жасау дағдыларын қалыптастыру.Түрлі түстердің үйлесімі, шрифт ерекшеліктері, композиция заңдылықтары туралы білім беру.Жобалық және практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту.Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына, топпен бірлесіп жобалар орындауына жағдай жасау.Көркем еңбек пен цифрлық технологияны байланыстыра отырып оқушылардың кәсіби бағдар алуына ықпал ету.

Өзектілігі: Қазіргі қоғамда цифрлық мәдениет күннен-күнге артып келеді. Ақпараттық кеңістікте графикалық дизайн – ең қажетті салалардың бірі. Әлеуметтік желілерден бастап, жарнама, медиа, бизнес, білім беру жүйесіне дейін барлығы көрнекі әрі түсінікті графикалық шешімдерді талап етеді. Сондықтан мектепте осы бағытты оқыту – оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, олардың шығармашылық әлеуетін заманауи талаптарға сәйкес дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мәселе білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға қалыптастыру үшін аса маңызды.

Қазіргі заман – цифрлық технологиялардың қарыштап дамыған дәуірі. Бүгінгі күнде адам өмірінің кез келген саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Білім беру жүйесі де бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Әсіресе мектептегі көркем еңбек пәні дәстүрлі қолөнермен қатар, жаңа технологияларды біріктіру арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын және цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталып отыр. Бұл – уақыт талабы. Өйткені ХХІ ғасырдың оқушысы тек қана сурет салуды немесе қолөнерді меңгеріп қана қоймай, графикалық дизайн, цифрлық бейне, анимация, 3D үлгілеу сияқты жаңа бағыттарды игеру арқылы өз ойын заманауи формада жеткізе білуі қажет.

Графикалық дизайн – өнер мен технологияның тоғысқан саласы. Ол тек сурет салу немесе безендіру ғана емес, идеяны көркем әрі түсінікті етіп жеткізудің әмбебап құралы. Жарнама, әлеуметтік желілер, кітап безендіру, интернеттегі ақпараттық кеңістік – барлығы графикалық дизайн арқылы мәнерленеді. Сондықтан 9-сыныптағы «Көркем еңбек» пәнінде графикалық дизайн негіздерін үйрету оқушылардың болашақ өмірінде кәсіби бағдар алуына да, шығармашылық әлеуетін дамытуына да зор ықпал етеді.

Көркем еңбек сабағында цифрлық технологияларды пайдалану – оқушыларға көрнекілікті жаңа деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, компьютерлік бағдарламалар көмегімен суретті өңдеу, түстерді сәйкестендіру, шрифт таңдау, композиция құру сияқты әрекеттерді тиімді орындауға болады. Бұл оқушылардың тек дәстүрлі бейнелеу өнеріне қызығушылығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар цифрлық ортада өз ойын еркін білдіруге үйретеді. Мұндай сабақтар олардың сыни тұрғыдан ойлауын, эстетикалық талғамын, функционалды сауаттылығын арттырады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше