EduSpark
ПРЕСС-РЕЛИЗ

«EduSpark: Білім мен шабыттың синергиясы» атты қалалық семинар.
Цифрлық, шығармашыл және саналы ұстаз буынына арналған интерактивті семинар-тренинг: эмоция, энергия және тәжірибе.
Өтетін күні: 21 қараша 2025 жыл
Уақыты: 08:30 – 10:30
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы: «EduSpark: Білім мен шабыттың синергиясы»
- Семинар жайлы қысқаша:
Алматы қаласы, Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектепте 21 қараша күні педагогикалық әлемге жаңа қадам басқан жас мамандарға арналған «EduSpark: Білім мен шабыттың синергиясы» атты ерекше форматтағы семинар өтеді.
Бұл шара — дәстүрлі семинардан өзгеше, музыка, эмоция және креативті тәжірибені біріктірген интерактивті алаң болмақ, ұстаздық жолын енді бастаған жас мұғалімдердің кәсіби шабытын оятуға, алғашқы тәжірибесін қолдауға бағытталған.
Басты мақсат:
Жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, эмоционалды интеллектін (EQ) және кәсіби ынтасын арттыру.
Семинар барысында қатысушылар музыка арқылы рухани сергіп, «EduBeats» психологиялық сессиясынан, практикалық ҚМЖ шеберлік сабағынан және педагогикалық брейн-рингтен өтеді.
Негізгі спикерлер мен жүргізушілер:
- Айжан Серікхалиқызы – ДОІЖО, семинар модераторы
- Түсжанова Гүлнара Кәрібайқызы, Саттар Гүлнар Әбдіманатқызы, Серік Құралай Серікқызы, Мансұр Айгерім Тоқтамысқызы, Тоқтарбай Әйгерім Серікқызы – шығармашыл ұстаздар командасы / семинар спикерлары.
- “Visioners” мұғалімдер тобы – ұйымдастырушы топ: Ескермес Ғазиза Серікқызы, Картай Алмагуль.
Семинар қонақтары: Кабдылова Гулжанат Токтарбековна – “Өрлеу БАҰО»АКФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының “Жаратылыстану- математика бағыттағы” кафедрасының аға оқытушысы. Накысбеков Дархан Сатылганович- Алатау аудандық оқу бөлімінің методисті.
Семинар ерекшелігі:
- Әр бөлім музыка, эмоция және педагогикалық тәжірибені ұштастырады;
- Ұстаздардың кәсіби дамуына арналған «Оқытудағы өзгеріс формуласы» тренингтері өтеді;
- Педагогтардың EQ & IQ қабілеттерін дамытатын ойын және шығармашылық элементтер қамтылады;
- Қатысушыларды жаңа серпін мен мотивацияға жетелейтін жанды формат.
Семинар бағдарламасынан үзінділер:
- 08:30 – 09:00 | Қатысушыларды тіркеу
«Visioners» ұстаздар командасы жылы жүзбен қарсы алады. - 09:05 – 09:10 | Кіріспе сөз
Айжан Серікхалиқызы – семинар модераторы, ДОІЖО. - 09:10 – 09:20 | «EduBeats: Мектеп ритмі» психологиялық ахуал
Музыка арқылы әр ұстаздың мектеппен байланысын сезіндіру. - 09:20 – 09:35 | «Ойлы мұғалім – сапалы ҚМЖ: нәтижеге жетудің жаңа формуласы»
ҚМЖ жазудың заманауи тәсілдері мен практикалық әдістері. - 09:35 – 09:40 | «Педагогикалық брейн-ринг: IQ & EQ дуэлі»
Ақыл мен эмоцияның қызықты сайысы. - 09:40 – 10:00 | «Оқытудағы өзгеріс формуласы: Функционалды сауаттылық + Тәжірибе + Шығармашылық»
Сабақ жоспарына жаңа көзқарас. - 10:05 – 10:15 | «Ұстаздың үнсіз тілі – эмоционалды интеллект»
EQ – заманауи ұстаздың басты құзыреті. - 10:15 – 10:25 | «Шабыт сыйлаған семинар – жаңа серпін бастауы»
Сертификат табыстау, қорытынды.
Қорытынды сәт:
Семинар соңында сертификаттар табысталып, жылы диалог пен кофе-брейк ұйымдастырылады.
Шара барысында динамикалық көріністер, музыка мен эмоцияға толы кадрлар, жас ұстаздардың пікірлері мен тәжірибе алмасу сәттері түсірілімге өте тартымды болмақ.
Бұл – қазіргі заман мұғалімінің жаңа бейнесін, мектеп мәдениетінің заманауи тынысын көрсететін ерекше семинар.
Байланыс тұлғасы:
Айжан Серікхалиқызы — семинар модераторы, №196 ЖББ мектеп ДОІЖО
8 777 027 46 03
