«EDU PRESS — SMART TEACHER: AI IN TEACHING»

Білім беру саласына арналған ақпараттық-баспасөз қызметі
«Ақылды Ұстаз: Жасанды Интеллектпен Ынтымақтастық»
Құрметті Ұстаздар! Сіздерді білім беру саласында жаңа дәуірге қадам басуға шақырамыз!
🎯 Мақсатымыз
Білім беру мекемелерін, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды заманауи ақпараттық қолдау, насихат және медиа қызметтерімен қамтамасыз ету.
«ULAGATTY USTАZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал редакциясы ұстаздарға, білім беру ұйымдарына, директорларға, оқушылар мен ата-аналарға арналған заманауи және сұранысқа сай ақпарат тарату қызметін ұсынады.
EduPress – білім беру саласына арналған заманауи баспасөз бен медиа орталық. Біздің қызметтер ұстаздардың кәсіби имиджін көтеріп, мектептердің абыройын арттырып, оқушылардың жетістігін насихаттап, ата-аналарды ақпараттық тұрғыда қолдауға бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінен:
Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан.
Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық.
Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Жасанды интеллектіні дамыту – еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Бұл міндет Қазақстанның болашағымен тікелей байланысты. Еліміз міндетті түрде озық, дамыған болуы қажет.
АҚЫЛДЫ ҰСТАЗ БОЛУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ!
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТТЕР
🌟 Білім беру саласына арналған ақпараттық-баспасөз қызметі
- 🔹 Білім беру саласына бейімделген медиа орталық
- 🔹 Оффлайн + онлайн форматтағы бірегей қызметтер
- 🔹 Жасанды интеллектпен интеграцияланған контент
- 🔹 Жергілікті және халықаралық тәжірибеге сүйенген әдістемелер
🧑🏫 Ұстаздарға
- Дайын цифрлық контент – ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, сабақ үлгілері, әдістемелік жинақтар
- Медиада жеке бет ашу – ұстаздың жетістігі, инновациялық тәжірибесін жариялау
- Подкаст/видео сұхбат – шығармашылық идеяларын бөлісу алаңы
- EdTech тренингтері – жасанды интеллект, онлайн платформаларды меңгеру
🏫 Білім беру ұйымдары мен директорларға
- Имидждік бейнеролик түсіру (мектептің таныстырылым фильмі)
- Мектептік медиа-журнал (ай сайынғы жаңалықтар мен жетістіктер жинағы)
- PR және брендинг (мектептің беделін арттыруға арналған контент)
- Смарт-аналитика – оқушылардың білім сапасы мен жетістіктері туралы графикалық есеп
👩🎓 Оқушыларға
- «Дарынды оқушы» айдары – үздік жетістіктерді БАҚ-та жариялау
- Шығармашылық байқаулар – өлең, эссе, бейнеролик, стартап жобалар
- STEM & IT клубтарына ақпараттық қолдау
- Кәсіби бағдар медиа-жобалар – мамандық таңдауға арналған кеңестер мен сұхбаттар
👨👩👧👦 Ата-аналарға
- Ата-анаға арналған электронды журнал – психология, тәрбие, оқу кеңестері
- Онлайн сұхбат алаңы – педагог, психолог, дәрігерлерден кеңес алу мүмкіндігі
- «Бала жетістігі» айдары – ата-ана пікірін жариялау арқылы баланың мотивациясын көтеру
- Ата-аналар университеті – қысқа курстар (цифрлық сауат, коммуникация, тәрбие әдістері)
«EDU PRESS — SMART TEACHER: AI IN TEACHING»
Білім беру саласына арналған ақпараттық-баспасөз қызметі
«Ақылды Ұстаз: Жасанды Интеллектпен Ынтымақтастық»
Негіздеме: Мектеп кітапханасы – оқу үдерісін ақпаратпен қамтамасыз етудің негізгі орталығы болып табылады. Қазіргі заманда білім беру саласында ақпараттың жедел әрі жүйелі жеткізілуі маңызды. Осыған байланысты мектеп кітапханасы жанынан «EduPress» ақпараттық-баспасөз қызметін ұйымдастыруды ұсынамын.
«ULAGATTY USTАZ» атқаратын қызметтер:
- Білім беру мекемесінің ақпараттарын қабылдау және Республика көлемінде таратылымын ТЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
- Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға қолдау жасау.
- Мұғалімдер әдістемелік тұрғыдан қолдау жасау.
- Кітапхана білім беру процесіндегі ақпараттық орталыққа айналады.
Мақсаты
- Білім беру саласындағы жаңалықтарды, әдістемелік материалдарды оқушылар мен педагогтерге уақтылы жеткізу.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
- Мектептің білім беру кеңістігінде тиімді коммуникация арнасын құру.
- Оқушылар, мұғалімдер, білім мекемесі іс-шаралары туралы ақпараттар жинақтау.
- Апталық ақпараттық таратылымды ұйымдастыру.
- Жасанды интеллект технологияларын пайдаланып тиімді қызмет атқару.
Ұйымдастыру тәртібі
- Білім беру мекеме басшысының ақпарат тарату үшін келісімі.
- Мектеп кітапханашысы «EduPress» қызметінің үйлестірушісі болады.
- Жобаға белсенді оқушылар мен сынып жетекшілері тартылады.
- Ақпараттық материалдар бекітіліп, мектеп әкімшілігіне ұсынылады.
- Ақпарат таратылым үшін «ULAGATTY USTАZ» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал редакциясына жіберіледі.
📢 EDU PRESS – SMART TEACHER
🤖 Ақылды Ұстаз: Жасанды Интеллектпен Ынтымақтастық
✨ Білім беру мекемесінің ақпараттарын қабылдау және Республика бойынша таратылымын ТЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ! ✨
📚 Оқушыларға – шығармашылық алаңы
👩 Мұғалімдерге – әдістемелік қолдау
🏫 Білім мекемесіне – ақпараттық орталық
🔗 Үйлестіруші: Кітапханашы
🤝 Серіктес: «ULAGATTY USTAZ» редакциясы
📌 EduPress – білім беру жаңалығын баршаға жеткізетін тегін қызмет!
