Ибраева Зейнеп Галбиятовна
Абай облысы, Көкпекті ауданы
“Үшкөмей бастауыш шағын жинақты мектебі “КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Зейнеп Галбиятовна
| Пәні | Әдебиеттік оқу |
| Бөлім: | Қоршаған ортаны қорғау |
| Педагогтің аты-жөні: | Ибраева Зейнеп Галбиятовна |
| Күні: | 19.02. 2025 |
| Сынып: | 4А |
| Сабақтың тақырыбы | №66 Ит-адамның досы |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну |
| Сабақтың мақсаты | Шығармадағы оқиғаға қатысты өз ойын жеткізе алады. Шығармашылық жұмыстарды орындайды. |
| Құндылық және оның мақсаттары: | Әділдік және жауапкершілік: өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін олардың моральдық нормаларға сәйкестігі тұрғысынан талдай білу |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы 5 мин | Сабаққа психологиялық тұрғыдан даярлау Өткенді еске түсір «Топтастыр» Өткен сабақта «Қазақстан көлдері» тақырыбында ақиық ақындарымыздың өлеңдерімен танысқан болатынбыз. Олай болса сол өлең жолдарына тән сипаттамаларды топтастырып -Өте жақсы. «Мәнерлеп жатқа айтамын» әдісі 2-3 оқушы өлеңді жатқа айтады. | Сәйкестікті анықтайды. | Дескриптор: -әр өлеңге тән сипаттамаларды табады -1 ұ. -өлеңді жатқа айтады-1 ұ. | https://wordwall.net/resource/86623523 |
| Сабақтың ортасы 35 мин | -Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялау. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін анаграмманы шешіп көрейік. Ит-адамның досы. «Зымыран сұрақтар» әдісі – Итті неліктен адамның досы деп атаймыз? -Итті неге ата-бабаларымыз қастерлеп, 7 қазынаның бііріне жатқызған? -Егер сендерге үй жануарын асырап алу мүмкіндігі болса қай жануарды асырар едіңдер? -Егер итті асырайтын жағдай туса бойларыңды қандай сезім басар еді? «Қойын дәптер» әдісі Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесің? Аты-жөні Бердібек Соқпақбаев Шығармалары «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Балапан торғай», «Сол бір сапар» Ақпарат жазушы Тыңдалым Б. Соқпақбаев «Көшер кезде» үзінді Оқылым Түсініп оқы. Мәтінді мәнерлеп тізбектей оқу. Сөздікпен жұмыс Середей-сорайған, ұзарған. Басына күн туған-қиыншылыққа тап болған Жұптық жұмыс « Бес кадр» әдісі Мәтінді жұбыңмен оқи отырып, оқиғалар тізбегін кадрларда бейнеле. «Ойлан! Топтас! Ой бөліс!» әдісі 1-топ:Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар. Ит-жеті қазына Итті иесімен қина Жазушы Майлыаяқты қалай суреттеген? Мәтіндегі сипапттаған сөздерді теріп, постер құр. 2-топ: Ойыңмен бөліс Ит иесінің орнында болсаң, Майлыаяқты тастап кетер ме едің? 3-топ: Өзгертіп жаз. Әбекеңнің орнында болсаң, Майлыаяқты тастап кетер ме едің? Сабақты бекіту. «Ақиқат немесе жалған» әдісі 1) Әңгіменің иесі итін тастап кете алмай қатты қиналды. (Ақиқат) 2) Майлыаяқ өте қабаған ит болды. (Жалған) 3) Майлыаяқ қазақи төбет болатын. (жалған) 4) Майлыаяқтың құлақтары салпиған, жүні тықыр, аяқтары сидам болатын. (Ақиқат) 5) Майлыаяқ бұрын қалада еркін өмір сүрген болатын. (Жалған) 6)Майлыаяқ бір сұмдықтың болатынын сезгендей, құйған асты ішпей, ұлуға кірісті.(Ақиқат) 7) Әбекең қолындағы нанды балаларға берді. (Жалған) | Анаграмманы шешеді. Сұрақтарға жауап береді. Автормен танысады. Мәтінді тыңдайды. Оқу түрлерін қолданады. Жаңа сөзбен танысады. Кадрларды толықтырады. Топпен жұмыс жасайды. Тұжырымдарға жауап береді. | Дескриптор: -әріптерді орнына қойып, тақырыпты анықтайды. Дескриптор: -берілген сұрақтарға жауап береді- 1 ұ. -өз сезімдерін бейнелі сөздер арқылы жеткізеді-1 ұ. Дескриптор: -автор туралы деректерді кестеге түсіреді-1 ұ. Дескриптор: -мәтіндегі оқиғалардың ретін анықтап, кадрларға түсіреді-1 ұ. -жұмыстарына таныстырылым жасайды-1 ұ. Дескриптор: -мәтіннің негізгі ойын анықтап, итті сипаттайды-1 ұ. -берілген пікірге ойымен бөліседі-1 ұ. -жаңа сюжеттер қосып, оқиғаны өзгертіп жазады-1 ұ. Дескриптор: -пікірлердің ақиқат, жалған екендігін анықтайды- 1 ұ. | презентация https://wordwall.net/resource/86624742 бейнежазба Таратпа қағаз Постер, маркер кесте https://wordwall.net/resource/86628402 |
| Сабақтың соңы 5 мин | Үйге тапсырма 104-бет жарнама дайындау. Бағалау Кері байланыс «Білім поштасы» | Кері байланыс береді. | ҚБ баға қойылады. |
