Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысыбірқатар әскери бөлімдерде болды




Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев жұмыс сапарымен Гвардейск және Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне барды.
Гвардейск гарнизонында болған генерал-майор М.Көшекбаев инфрақұрылым нысандарын, полигондардың оқу-материалдық базасын, әскери қалашықты, әлеуметтік және мәдени-демалыс мекемелерін аралап көрді. Кіші мамандарды даярлау оқу орталығында оқу-тәрбие процесін тексерді, дайындық сапасына ерекше назар аударды.
Ақтөбе гарнизонында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы 30238 әскери бөлімнің базасында арнайы әскери іс-қимылдарды ұйымдастыру мәселесі бойынша бірлескен штабтық жаттығуды өткізу барысын тексерді.
Бұдан басқа, екі гарнизонда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған әскери шеруге қатысу үшін әскери қызметші әйелдерді іріктеу өткізілді. Әскери бөлімдерге барып, әскери ұжымдардың моральдық-психологиялық ахуалын зерделеу мақсатында әскери қызметшілердің барлық санаттарымен кездесулер өткізілді.
Сапардың қорытындысы бойынша ҚР ҚК ҚК бас қолбасшысы әскери бөлімдер қолбасшылығына әскерлердің күнделікті қызмет іс-шараларын сапалы орындау жөнінде тапсырмалар берді.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі
