Үлгілі отбасы – Отан тірегі

5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Альберт Фабрис үшін халықаралық отбасы күні жанына жақын қабылдар атаулы даталардың бірі.

Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын атқарып жүргеніне жарты жылдан астам уақыт болған сарбаздың болашаққа қойған жоспары жүйелі. Жауынгер әскерге дейін қол ұстасқан ғашығымен баянды ғұмыр кешуді мақсат тұтады. Ол үшін алдымен жоғары оқу орынына түсіп, колледжден алған білімін әрімен қарай жалғастырмақ. Өйткені, ол келешегінің жарқын болуын әл-ауқатының артып, байқуатты тұлғаға айналуымен сабақтастырады.

  • Біздің үйде алты бала. Төртеуіміздің әкеміз бөлек. Шешем өгей әкемнен екі бала тапты. Шыны керек, өгей әкеммен көп сөзге жоқпын. Мен тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде туған әкем Ресейге кетіп қалды. Әкемнен толықтай қол үзбедік. Арагідік хат жазысып тұрамыз.
    Жалпы, менің ойымша бақытты отбасы құру үшін ең алдымен жар таңдауда қателеспеген жөн. Одан кейін, алған жарыңды аялап ұстауға тиістісің деп ойлаймын. Өйткені, жұбайыңмен сенің араңдағы жылулық балаларға махаббат дарытады. Жалпы, үлгілі отбасы – Отан тірегі деп ойлаймын. Ал үлгілі отбасы болу үшін өмірлік жарыңды зор пайыммен таңдау қажетсің, – дейді қатардағы жауынгер.

Бухгалтер мамандығын меңгерген мерзімді әскери қызметші үшін әзірше қаруластары үлкен бір жанұяға тең. Қазақстанның түкпір-түкпірінен әскерге шақыртылған жауынгерлер бір үйдің баласындай бауырмал. Альберттің қаруластары да отбасы күніне орай ата-аналарын арналған әуезді ән арнап, көңілді отырыс ұйымдастырды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше