Әдептілік әліппесі
Астана қаласы әкімдігінің
«Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК
Ермухамбетова Жанар Закарьяновна, педагог-шебер, ПҒМ
«Зерделі бала» авторлық бағдарлама бойынша
қысқа мерзімді сабақ жоспары
| Бөлім: | ІІ бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен | |
| Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Ермухамбетова Ж.З. | |
| Күні: | ||
| Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Әдептілік әліппесі | |
| Сабақтың мақсаты: | Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. | |
Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңлері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
|
Педагог оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. | Оқушылар педагогпен бірге айтады. | Презентация №1 |
|
Педагог балаларға суреттерді таратып, сұрақтар қояды.
-Бұл суреттерден не байқауға болады? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | Суреттер |
|
Педагог: «Мюнстерберг» әдісі бойынша жасырынған сөздерді табайық.
Арплшедрәдептіліктои фывушләдщәліппесіұ қөжлопш «Әдептілік әліппесі» Педагог тақтаға аялдамалар атауы жазылған қоржынды іледі. І. Сынып аялдамасы (қоржынға «Сәлеметсіз бе!» деген сөз салынады) 1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады. 2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру. 3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді. Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады. ІІ. Кітапхана аялдамасы. Диалогты балаларға оқуға береді. Бала: –Сәлеметсіз бе, апай. Кітапханашы: -Сәлеметсіздер ме балалар! Ертегілердегі кейіпкерлерді тыңдап көрейік Көрініс : «Әдептілік әліппесі» Көріністі сахналауды ұсынады. Қоржынға «Рахмет» деген сөз салынды . ІІІ. Асхана аялдамасы: 1. Тамақтану алдында және соңында қол жуылады. 2. Тамақты әркім өз алдынан жеу керек. 3. Дастарқанға алдымен нан қойылады. 4. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 5. Ас ішіп болған соң, «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деген жөн. 6. Тамақтану соңында ас қайырылып , бата беріледі. Ботаның қоржынына «Рақмет». «Ас дәмді болсын!» деген әдеп сөздері салынды . Қоржынға «Ас дәмді болсын» деген сөз салынды. Қоржынға «Кешіріңіз! Мархабат!» деген сөздер салынды . Әдептілік әлеміне барып келдім. Қоржыным толған әдеп сөздер, әдеп сөздерді біледі екен! – Сәлеметсізбе! – Рақмет! – Ас дәмді болсын! Кешіріңіз! Мархабат! |
Оқушылар жасырынған сөздерді табады.
Қоржындарға сөздерді салады. Оқушылар көріністі сахналайды. |
Презентация №2, қоржын суреттері |
|
«Кім көп мақал жазады?» ойыны. Шарты: көру арқылы есте сақтау. Бір рет оқығаны бойынша, есте қалған мақал-мәтелдерді жазу.
1.Бала тәрбиесі бесіктен. 2.Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала. 3.Өзіңді – өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. 4.Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең. 5. Жақсылық еккен алғыс орады. 6.Тыс шықан балаға шайнап берген ас болмас. 7.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. 8.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық. 9.Адам әдебімен көрікті. 10.Әдеп басы- тіл. 11.Әдепті дегенше, әдемі десейші. |
Оқушылар мақал-мәтел жазып жарысады. | Дәптер |
|
Оқушылар екі жұлдыз, бір тілекті өз ойларымен толтырады. | ||
|
«Әдептілік» сөзін, өз түсінігімен көркем сөздермен жеткізу. | Оқушылар орындайды. | Дәптер |
