Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

Ата-бабамыз әуел бастан Наурыз мерекесіне ерекше даярланған. Көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Наурыз — мезгілдің, жылдың жаңаратын уақыты ғана емес, адамның да жандүниесін тазартатын, не тындырдым деп өткен жылға қайырыла қарайтын тұс.

Тал егу арқылы әр адамның табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласы оянып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады.
Жаңару күніне орай Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлер Әскери институтутының басшылығы және әскери қызметшілері институт аумағына әр түрлі жеміс ағаштарының көшетін отырғызды.
Институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Оралбек Коканов айтып өткендей: “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын көрсетіп айшықтап тұрғандай. Бұны жете түсінген институт әскери қызметшілері мен курсанттары біркісідей тал егуге атсалысып, институт аумағына жасыл желекектерді егіп, суғарды».
Қыстан қалған жердің тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, күн жылынып, көктем келген шақта тал егу игі істердің бірі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше