Ұлттық дәстүрді ұлықтаған ұландықтар

Көрісу күнін атап өтуге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің сарбаздары самарқаулық танытқан емес.

Отан қорғаушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қара шаңырағында Наурызнама аясында ұйымдастырылған «Дәстүр тренд» атты шара шымылдығын көрісу амалымен және қара жорға биімен ашып, шырайлы кештің көркін келтірді. Ұландықтардың биіне тамсанған ақжаулықтылар да би билеп, жарысып ән шырқап, арқа-жарқа болып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шараға кітапхана қызметкерлері, әскери техникалық мектептің курсанттары, жергілікті колледждердің студенттері, «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшелері қатысты. Шара басында әскерилер «Ата-дәстүр» әнін шырқап, мереке ажарын ашты. Әсіресе, өзіндік өнерімен жиналған қауымды баурап алған Өскемен қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Марат Сәрсембаев болды. Ол кітапхана қызметкерлерінің көрерменге паш еткен «Бастаңғы», «Бесік әкелу», «Босаға майлау», «Немеурінді» сияқты дәстүрлерге өз үнін қосып, әсем әндерімен айшықтап берді. Кітапхананың бірінші және екінші қабатында көрермендерге арналған дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды. Шара барысында көрермендерге жұмбақ жасырылып, мақал-мәтелдердің жалғасын тап сияқты ойындар ұсынылды. Бұл кезең де Ұлттық ұлан сарбаздары суырылып алға шығып, белсенділік танытып, тәттілерді еншіледі.
Қазақ даналығында сүйенсек, «халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» дейді. Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, оны өскелең ұрпаққа дәріптеу ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Осы орайда, бүгінгі сарбаз күні ертең бір шаңырақтың егесі болмақ. Сондықтан олардың санасына, бойына осындай игі дәстүрлерді сіңіру ізгі амал болып табылады. Амал мерекесі құтты болсын! Бір жасыңыз құтты болсын!

5512 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі
аға лейтенант Д.Мұқанова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше