Б.Майлиннің әңгімелері – қазақ өмірінің айнасы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 266 мектеп-лицейдің 9 сынып ұланы Муса Ақжан Бақытжанқызы
Жетекшісі: Мамбетова Майра Нұрбайқызы

Біз әйелді әйел сынды қараған халықпыз. Ғабит Мүсірепов.
Бейімбет Майлин қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлес қосқан тұлғаның бірі.1894жылы Қостанай облысы, Таран ауданында, № 8 ауылында дүниеге келген.

Сәби күнінде әкесінен айырылған ол шешесі Гүлғизар мен әжесі Байқастың қолында өсіп, сол кісілерден тәлім-тәрбие алған.Оның жас ұрпаққа тәрбие беретін көптеген шығармалары бар.Мысалға: «Кемпірдің ертегісі», «Рәзия қыз», «Маржан», «Ұлболсын», «шал мен қыз», «Азамат Азаматович», «Шұғаның белгісі». Қарап отырсақ оның көптеген шығармалары қазақ қоғамындағы қыз,әйел тағдыры туралы.
«Шұғаның белгісі».Бұл шығарма жазушының танымал болуына себепші болған туындыларының бірі.Сол кездегі өмірді ащы шындықпен көрсеткен шығарма.Сол заманда ешбір қыз өз сүйгеніне қосыла алмайтындығын,бай мен кедей арасындағы теңсіздікті жақсы айқындап көрсеткен осы «Шұғаның белгісі» шығармасы.Мазмұнына келсек кедей рудан шыққан мұғалім жас бала,бай кісінің қызына ғашық болады.Алайда қыздың әкесі екі ғашықтың бірге болғанын қаламайды.Бұған себеп жас жігіттің кедей болуы.Қыздың әкесі жас жігітті итжеккенге айдатып жіберіп,қызын бай кісіге тұрмысқа беруді көздейді.Ғашығынан алыстаған қыз,сағыныштан туындаған дертке шалдығады.Сонда ғана қыздың әкесі бұрыс іс жасағанын біліп,екі жасты қайта қосуға ұмтылады.Ең өкініштісі ғашығы приставтан келем дегенше қыздың жарық дүниемен қош айтысуы.
Бұл шығармадан әрбір оқырман ұмытылмас әсер алады деп ойлаймын.Себебі жазушының бұл туындысы,өзінің ісіне деген үлкен махаббаттан құралған.Қазақ әдебиетінде көркем проза әлі дамымаған заманда осындай кереметтей шығарма жазу тек Бейімбет Майлиннің қолынан келген.Ол әрбір шығармасында тек шындықты көрсетті.
Қызыл қырғын саяси репрессиясында дым кінәсіз тұтқынға түскен ұлы тұлға,1938жылы 20 ақпанда ату жазасына кесілді.Қазақ әдебиетінде айрықша орын қалдырған Бейімбет Майлин ел есінде мәңгілекке қалмақ.Ақ параққа жазған ойымды Ғабит Мүсіреповтің Бейімбет Майлин туралы айтқан сөзімен қорытындылағым келіп отыр. «Жаратылысында ерекше қарапайым,кішіпейіл және еңбекқор Бейімбет Майлин қазақ әдебиеті тарихында ерекше орынға ие.Ол қазақ әдебиетіндегі реализмнің зергері болған және соңғы тынысына дейін одан айнымаған».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше