Бердібек Соқпақбаевтың өмірі туралы мәліметтер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№ 266 мектеп-лицейдің 8 сынып ұланы Жәли Гүлзат
Жетекшісі: Мамбетова Майра Нұрбайқызы

Жазып та көрдім мен де өлең,
Жазып та көрдім, қара сөз.
Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
Өлмейді тек дана сөз – деп жазған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді.
Туған өлексі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы.
Әкесі қарапайым малшы болған, оқымаған жан болса да ауыз әдебиеті үлгілерін көп білген дейді. Балаларының анасы көз алдында дүние салды. Ол кезде Бердібек небәрі сегіз жаста болған. Бұғанасы қата қоймаған ол бала күнінен ауыр еңбекке жегілді. Білімге деген сүйіспеншілікті ағасы Сатылған сіңірген. 8 жасында анасынан айырылып, балалық шағынан бастап көп қиындық көрді, ауыр жұмысқа да, аштыққа да төзе білді. Бұл кезеңді «Балалық шаққа саяхат» (1960) әңгімесінде керемет суреттеген.
Бердібек Соқпақбаевтың өмірі қазақ даласындағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келді. Жетімдіктің зардабын шекті. Жергілікті мектепті тәмамдаған соң, әскерге аттанды. Одан кейін, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтты және Мәскеудегі жоғары әдеби курсын оқып бітірді. «Қазақфильм» киностудиясында, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» газет-журналдарында редактор болып қызмет атқарған. Жазушылық жолын 1950 жылы жарық көрген өлеңдер жинағынан бастады. 1951 жылы келесі кітабы «Чемпион» повесі жарияланды. Бердібек Соқпақбаевтың ең танымал туындысы «Менің атым Қожа» хикаяты. Бұл кітап Франция, Польша, Чехословакия, Болгария елдерінде басып шығарылып, әлемнің 68 тіліне аударылған. Оның сценарийі бойынша 1967 жылы «Менің атым Қожа» көркем фильмі түсіріліп, Канн халықаралық кинофестивалінде жүлделі орынға ие болды. Б.Соқпақбаевтың шығармалары көбіне жас балаларға арналған. Оны бала тәрбиесінің күрделі мәселелері үнемі мазалайтын. Жазушының «Он алты жасар чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1953), «Өзім туралы повесть» (1957) хикаяттары жасөспірімдердің ғана емес, ересек оқырмандардың да көңілінен шықты. Соңғы еңбектерінің бірі «Қайдасың, Гауһар?» атты махаббат туралы әңгімесімен, көптеген адамдардың жанын тербетті. Атақты жазушы 1991 жылы 24 шілдеде қала сыртындағы саяжайында қайтыс болды. Бердікбек Соқпақбаевтың өліміне қатысты қоғамда әртүрлі пікірлер бар.
Бір жылдары Азия Африка елдерінің жазушылар одағының делегациялары жиналған конференция Ташкентте өтетін болды. Оған ақын Нұрсұлтан Әлімқұлов пен Бердібек Соқпақбаев екеуін арнайы шақыруын өтініп, біз отарланған кеңестік мемлекетте өмір сүріп жатырмыз , айтатын сөзіміз бар, жеке шақыруларыңызды өтінеміз деп телеграмма жібереді. Ол кездері мұндай нәрсе айту өте қиын болатын. Ол сол кездері көзсіз ерлік болатын .Сол конференциядан кейі ақ КНБ ізіне түсіп алды . Ширек ғасыр өткен соң қала сыртындағы саяжайында асылып өлгенін естідік. Бұл әрине жұмбақ жағдай . Түсінетін адамға өз- өзіне қол салу емес екені әрине белгілі, ол қауіпсіздік комитетінің кегі болатын. Бірде Қазақ кеңестік социалистік республикасының 40 жылдық тойында Балтық жағалауынан келген бір делегация жетекшісі өзінің құттықтау сөзінде қазақтың 2-3 жазушысының атын атап өтеді, оның бірі Мқхтар Ауезов болса, екәншәсә Бердібек Соқпақбаев болды. Сол Бердібек Соқпақбаевпен Балдырған журналының редакциясында бірге жұмыс істедік, – деп есіне алады ақын Қадір Мырза Әли. Ол редакцияға сағат 11 де келіп, 3, үш жарымда үйіне қайтатын. Күніне 3- 4 мақала жазатын. Айына 1 рет қана шығатын журналдың көлемі де шағын болатын. Ол кісінің 11 де келетініне бәрі де үйренген. Бір қасиеті есіктен күліп кіретін. Жалпы ол жайдары адам болатын. Сол күлген, жымиған күйінде орындығына жетіп отыратын. Бір ғажабы жазуы жазуға ұқсамайтын, электрокардиограмма таспасының жазуы секілді, ирек –ирек болып келеді де, шошаң етіп жоғары шығып немесе күрт төмен түсіп жататын әріптері. Оны кей кездері өзі де түсінбейтін. Машинистка апайдың келгенін күтеді. Сол кісі ғана Бердібек ағамыздың жазғанын ажыратып оқи алады .Ол келмей қалса әбден мазасы кетеді жұмысы тоқтайды ,– деп есіне алады Қадір Мырза Али .
Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Бердікбек Соқпақбаев деуге негіз бар. “Балалық шаққа саяхат”, “Менің атым Қожа”, “Өлгендер қайтып келмейді” шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. “Балалық шаққа саяхат” повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.
“Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым? Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп таңданамын”, – деп жазды қаламгер естелігінде.
“Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ. Тақиясын қорыған тазшадай осы сөз қай жағымнан сарп ете қалады деп зәрем ұшып, үрейленіп тұрамын. Балалар, менің қымбатты жан достарым! “Жетім” деген тажалдай суық сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!”, – дейді Бердібек Соқпақбаев “Балалық шаққа саяхат” повесінде.
Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларының шет тілдерге аударылуына елеулі үлес қосып жүргендердің бірі – қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева. Тегіне тартып, елдің аударма ісіне еңбек сіңірді. Бердібек Соқпақбаевтың талай шығармасын орыс тіліне аударды.”Менің атым Қожа” повесін әкемнің көзі тірісінде аударып, өзіне көрсеттім. Бұл менің шығармашылық жұмысымның алдыңғы қатарында болған жұмыс. Әкем аударманы ұнатып, жазған еңбегімді қабылдады. “Балам, шығармашылық жолмен жүре бер, қолыңнан біраз нәрсе келеді” деген әкемнің лебізі бар”, – дейді Соқпақбаева.
“Қай шығарманы алсаңыз да, үлкен шеберлікпен жазылған… Өте ақылды, жүрегі жомарт кісі болатын. Балаларды жақсы көретін. Біздің отбасыда бізбен бірген тұрғанда мен де еркелеп өстім. Анам да әкемнің шығармашылығын сыйлап, бар жағдайын жасап жүрген әйел болатын”, – дейді қызы. “Бердібек марқұм көп ашуланатын. “Балалық шаққа саяхатта” өз мінезі туралы “ыза болсам, күйіп-жанып, дызақтап кетемін. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады” дейтіні бар ғой. Сондай еді марқұм. Басын кесіп алса да, илікпейтін. Сол кішірейе білмегендігінен де барлық сыйлықтан құр қалған болар. Мақтау қағазын да алмай өтті ғой”, – деген бірінші жары Бәшен Баймұратқызы.
Бердібек Соқпақбаев бірінші жарымен екіге айырылған соң бірнеше жылдан кейін Бибігүл есімді қызға үйленген. Одан Әлнұр және Мұхтар деген екі ұл сүйді.
1974 жылы “Өлгендер қайтып келмейді” романы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Бірақ жазушы лауреат атанбаған. Бердібек Соқпақбаев қайтыс болардан аз уақыт бұрын бір топ қаламгер “Халық жазушысы” деген атаққа ұсынылған. Алайда кейін сол атақ алғандар ішінде Соқпақбаевтың есімі болмай шыққан.
Дайындаған: 8 «ж» сынып оқушысы Жали Гулзат
