Ардагерлер тәрбие сағатын өткізді
Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары мен сарбаздары Алматы қаласы «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерлерінің тобы» ардагерлерімен кездесті. Шара өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.




Ардагерлер Ерлан Тоғанбеков, Серік Бекенов, Айтбай Ақтайлақов, Сағын Баймұрзаев, Төленді Наурызбеков, Абдурешит Азизов тарихтың курсанттарға ағалық ақылдарын айтты, әскерде жүріп алған өмірлік сабақ туралы естеліктерімен бөлісті. Әр қонақтың тәжірибесі мол және еліміздің қорғаныс қабілеті мен әскери қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлестері де зор. Олардың әңгімелері жас буынға бейбітшіліктің құндылығын шынайы бағалауға септігін тигізуге көмектеседі.
Аға буынмен ұйымдастырылған мұндай кездесулер олардың әңгімелерін тыңдау ғана емес, сонымен бірге еліміздің кемел, мықты, саналы азаматы болып қалыптасуымызға мүмкіндік береді деген ойларымен бөлісті курсанттар.
Кеш соңында ардагерлер сабақта және жауынгерлік дайындықта үздік курсанттар мен сарбаздарға мадақтама мен естелік сыйлықтар табыстап, ақ баталарын берді.
РЭжБӘИИ баспасөз қызметі
