БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
ҚР Мемлекеттік орталық музейі
Алматы қ., «Самал-1» ы.а., 44-үй
тел./факс: 2 64-22-00 http://www.csmrk.kz
е-mail: csmrk1986@mail.ru

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінде 2024 жылы 14 ақпанда, сағат 15.00-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Жанымды жаралаған Ауғанстан» көрмесі ашылады.
Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінде ауыр да азапты тоғыз жыл бойы – 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін болды.
Ауғанстанда КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді. 15 526 адам, соның ішінде қазақстандық 924 адам қаза тапты.
333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша), соның ішінде қазақстандық 21 адам хабар-ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті.
Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы 15 ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды. Біздің көрмеміз нақ осылар хақында.
Көрменің мақсаты – Ауғанстан соғысы туралы шындықты жеткізу, жауынгерлер мен жастардың жаңа лек ұрпағын Ауғанстанда шайқасқан солдаттар мен офицерлердің патриоттық үлгісінде тәрбиелеу, сондай-ақ, соғыс саяси проблемаларды шешудің тәсілі емес екендігі туралы ұғымды қалыптастыру.
Экспозицияға Ауғанстанда шайқасқан, құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары (оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері), наградалары мен жеке заттары қойылады. Көрмеге келушілерді, әсіресе, кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері айрықша қызықтырары сөзсіз.
Көрме Қазақстанның «ЖАУЫНГЕРЛІК БАУЫРЛАСТЫҚ» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар Ардагерлері Одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері Одағының белсеңді түрде қатысуымен дайындалды.
Байланыс телефондары: 264 09 66, 264 55 77
ПРЕСС РЕЛИЗ
14 февраля 2024 года в 15:00 в Центральном Государственном Музее Республики Казахстан состоится открытие выставки «Жанымды жаралаған Ауғанстан», посвященная к 35-летию вывода советстких войск из Афганистана.
Советские войска провели девять адски тяжелых лет в Афганистане – с 25 декабря 1979 года по 15 февраля 1989 года.
В составе войск, который находился на территории Афганистана служили около 620 тысяч человек, среди которых 22 тысяч из казахстанцев. Погибли 15 526 человек, в том числе 924 казахстанцев. 333 человек (по данным Генерального штаба Министерства обороны СССР), в том числе 21 казахстанцев попали в плен и пропали без вести.
Но для родных погибших данная война не закончилась с выводом войск 15 февраля 1989 года. Их душевная рана до сих пор кровоточит, и даже время не может ее лечить. Уроки Афганистана побудили каждое государство и каждый народ решить свои вопросы самостоятельно, и на благо своего народа. Потому что, на поле боя погибли не те, кто начали это кровопролитие, а простые солдаты. И наша выставка говорит об этом.
Цель выставки – рассказать правду о войне в Афганистане, воспитать новое поколение солдат и молодежи на патриотическом примере солдатов и офицеров, которые воевали в афганском фронте и довести до каждого, что война – не средство для решения политических проблем.
В экспозиции будут выставлены документальные материалы, награды и личные вещи павших воин и выживших солдат и офицеров из Казахстана (фотографии свидетелей и участников, письма и документы), которые служили в Афганистане. Ожидается, что особый интерес вызовет военная форма и экипировка советских солдат и их противников.
Выставка организована при активном участии Союза ветеранов локальных войн и военных конфликтов”Боевое братство” и Союза ветеранов Афганской войны города Алматы.
Телефоны: 264 09 66, 264 55 77
