ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ САҒАДАТ НҰРМАҒАНБЕТОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ!

ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100 жыл толуын мерекелеу аясында «Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесінің ашылу салтанатын өткізді.

Алғашқы сөз ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызына берілді. Ол Сағадат Қожахметұлының ерлікке толы өмірі жастарға үлгі екенін айта келіп, ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің бір құралы екенін баса айтты.
Ал ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің басшысы Әлжан Ләззат аталған іс-шараның музейлер арасындағы ынтымақтастықты дамуға қосар рөлі зор екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлымен қызметтес болған ардагер, отставкадағы полковник Казбек Владимирұлы Мамсуров Сағадат Қожахметұлы туралы естеліктерімен бөлісті.
Көрмеде Сағадат Қожахметұлының жеке заттары, осы уақытқа дейін жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, әртүрлі әскери-оқу жаттығуларынан және күнделікті өмірдегі отбасымен түскен фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар, қысқы киім үлгісі мен плащы, номер бірінші Халық қаһарманы “Алтын жұлдызының” көшірмесі көрсетілген.

Айта кетейік, аталмыш көрме көрме 2024 жылы Қазақстанның 10-нан астам қаласында (Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Семей, Павлодар, Қостанай, т.б.) ұйымдастырылмақ.


100-ЛЕТ СО ДНЯ РОЖДЕНИЯ НАРОДНОГО ГЕРОЯ САГАДАТА НУРМАГАМБЕТОВА!
Центральный государственный музей РК совместно с Государственным военно-историческим музеем ВС РК провел торжественное открытие выездной выставки «Герой в сердцах народа», посвященной к 100-летнему юбилею первого министра обороны Республики Казахстан, Героя Советского Союза, Халық Қаһарманы, генерала армии Нурмагамбетова Сагадата Кожахметулы.
Первое слово было предоставлено директору Центрального государственного музея РК Рашиде Еримкызы, которая отметила, что жизнь и героизм Сагадата Нурмагамбетова является примером для молодежи, и особо подчеркнула, что выставка, посвященная великому человеку, является одним из способов военно-патриотического воспитания подрастающего поколения.
В свою очередь, директор Государственного военно-исторического музея ВС РК Ляззат Альжан отметила важность подобных меропрятий в развитии сотрудничества между музейными учреждениями. Также своими воспоминаниями о Сагадате Нурмагамбетове поделился коллега генерала, ветеран, полковник в отставке Казбек Владимирович Мамсуров.
На выставке были представлены личные вещи Сагадата Кожахметулы, ранее неопубликованные фотографии, документы и другие ценные экспонаты. Также есть снимки с поля боя в годы Великой Отечественной войны, с военных учений, семейные фотографии, образцы зимней одежды и плаща генерала, а также точная копия «Золотой Звезды» № 1 звания «Халық Қаһарманы», которым был награжден Сагадат Нурмагамбетов.
Стоит отметить, что в 2024 году выездная выставка «Герой в сердцах народа» будет организована в более 10 городах Казахстана (Туркестан, Кызылорда, Актау, Семей, Павлодар, Костанай, и.др)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше