Әскерден сәлем
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің 1 ротасының қатардағы жауынгері Ерасыл Исмайылдың сүйіктісіне жазған хатын оқырман назарына ұсынамыз.


Сымбат, бұл хатым саған арналады.
Сәлем, қалың қалай? Мен де бәрі жақсы. Әскердегі әр күнім, әр сағатым, сені ойлаумен өтіп жатыр. Ендеше, жаным, сенімен өткізген әрбір күнімді сағындым. Айлы түн астында екеуіміз бір-бірімізге қарап, біз мәңгі бірге боламыз деп айтқан сөзің әлі жүрегімде сақтаулы тұр, жаным. Міне, жаным, бұйырса саған жетуіме алты ай қалды. Шыдашы, жаным, бұл өмір шыдамдылықты ұнатады.
Сымбат сен туралы әке-шешеме айтып едім қуанып қалды. Құдай қаласа, әскерден келген соң құда түсеміз бе деп отырмыз. Сен де асыға дайын бол. Үйдегілерің аман ба? Әкең, анаң жақсы ма? Сіңлің қалай? Үлкен қыз болған шығар? Аман болсын. Сәлем деп қой менің атымнан. Өзіңе абай бол жаным. Ауырма ботам сені сағындым. Қатты сүйдім бетіңнен, аман бол!
Қош бол сәлеммен Исмаил Ерасыл Ерланұлы
