Кітап оқу – басты ақпарат көзі
Бүгінде технологияның қарқынды даму кезеңінде көбіміздің көңілімізді, «Баспа материалдарға не болмақ, баспа заманы өткен шаққа айналып кетпей ме?» секілді бірнеше сұрақ мазалаған шығар.
Осы сұраққа жауап табу үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша оқып жатқан 4-курс студенттері ұстазының сұранысымен мини-онлайн сауалнама жүргізіп, осындай сұрақтарға жауап іздеді.
Бұл сауалнамаға 35 респондент, оның ішінде 84,6% әйел, 15,4% ер жынысты 76,9% 18 бен 30 жас аралығындағы жастар қатысты. Осы сауалнама аясында әртүрлі 10 сұрақ қойылды.
Мысалы, «Кітапханаға қаншалықты жиі барасыз?», «Сізді кітап оқуға не итермелейді?», «Қай тілде кітап оқығанды жақсы көресіз?», «Сіз қағаз кітапты, электронды кітапты немесе аудиокітаптарды оқығанды жөн көресіз бе?», «Сіздің сүйікті оқу орныңыз қандай?», «Сізге кітап оқу ұнайды ма?» т.б..
Жауаптарды көріп өз басым қуанып қалдым, себебі, жастардың кітап оқуға деген көңілдері жаман емес, оқуға деген құштарлықтары басым екендігін сауалнама дәлелдеді.
Мысалы, «Сізге кітап оқу ұнайды ма?» деген сұрақ бойынша 85,7% ия десе, 14,3% жоқ деп жауап берген екен, «Қай тілде кітап оқығанды жақсы көресіз?» деген сұраққа жастар өз ана тілдеріне басымдылық танытқан.
Заман ағымы басқа талаптарды бізге келтірсе де, рухани сауаттылығын жас ұрпақ тек ана тілінде қалайтыны мақтанарлық жағдай.
Қазақ тілінде 42,9% болса, орыс тілінде – 42,9%, ал ағылшын тілінде -14,3% жинады.




Жоғарыдағы суреттегі сұраққа келсек, «Сіз қағаз кітапты, электронды кітапты немесе аудиокітаптарды оқығанды жөн көресіз бе?» деген сұраққа жастар басымдылықтың 71,4%-н қағаз кітапқа берсе, 31,4%-ды электронды кітапқа, ал 11,4%-ды аудиокітапқа жинаған. «Сізді кітап оқуға не итермелейді?» деген сұраққа жастар дұрыс жолда екендігі қуантарлық жағдай, яғни 42,9% ақпаратқа қажеттілікті таңдау ғаламтор ақпаратқа толы болса да, жастар басты ақпаратты толыққанды кітап қана бере алатындығын түсінетіндері, басып айтарлықтай мақтаныш екенін мойындаймыз. Сонымен, қорытындысында жастардың кітап оқу әлеуеті саяси бағдарламамен сәйкес келеді десек қателеспейміз.
Жастар рухани әлемін ана тілімен байытса, қосымша екінші орында орыс тілі тізгінін ұстап келеді, одан кейін ағылшын тілінде де оқу сауаттылығын арттырып жүрген жастар баршылық екені анықталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетел филологиясы және аударма ісі
мамандығының оқытушылары
Д.А. Карагойшиева, Г.Н. Искакова
