
«Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Елімізде 350 мыңнан астам мұғалім бар. Олар балаларымыздың білім-біліктілігін арттыруда, жас жеткіншектерімізді тұлға жасауда үлкен қызмет жасап жатыр. Сондықтан да мұғалімнің жұмысы шығармашылық жұмыс болуы керек. Ол ешнәрсеге алаңдамауы тиіс.
Осы мәселені зерттей, зерделей келе, әріптестермен ақылдаса келе бұған дейін портфолио жинайтын болса, оны алып тастауды шештік. Өйткені ол қағазбастылыққа, мұғалімнің негізгі жұмысынан алаңдатуға алып келетіні дәлелденді.
✔️Екіншіден қажетсіз тестілеудің көптігі айтылды. Оны да зерделедік. Сондықтан да педагогика-психологияға қатысты тестерді алып тастап, тек мұғалімнің өз пәніне қатысты тесті қалдырдық. Негізгі ұстаным – мұғалімнің жетістігі – оқушының жетістігімен бағалануы керек. Яғни мұғалім неғұрлым оқушыны жетістікке жеткізіп, білімін ұштап жатса, соғұрлым ондай мұғалімдерді іздеп тауып, көтермелеуіміз, қолдауымыз керек», — деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсенбаев.