Жаңа сабақтар

БАЯКОВ АБДИМУТАЛИ ТЕМИРБЕКОВИЧ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

БАЯКОВ АБДИМУТАЛИ ТЕМИРБЕКОВИЧ
Жамбыл облысы, Талас ауданы Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы
орта мектепт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Математикалық сауаттылық дегеніміз – математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің, оқушылар дүниенің ғылыми бейнесін меңгеру.
Ой-өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Қазіргі кезде математика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор.
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді технология.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып тұжырым жасау.Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап естіген-білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.
Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сараланған тапсырмаларды орындауда жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі көп.
Мектепте сабақтан тыс уақытта жүргізілетін техникалық-шығармашылық үйірмелері өзге үйірмелерге ұқсамайтын өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі зор үйірме. Жас техниктер үйірмесін базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерінің дамуымен қатар өздерін-өзі танып білуге, техника әлемін зерделеуге, әртүрлі салалар бойынша қабілеттерін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды. Техникалық шығармашылық үйірмелерінде оқушы тек мұғалімнің үйретуімен модель түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, жасалу, өңделу технологиясына өз ой пікірлері мен ұсыныстарын айтуға дағдыланады. Оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, оның қорытындысын көрсеткісі келеді. Үйірме сабағында өзін еркін сезініп, орындаған жұмыстарынан моральдық қанағат алады. Тапсырманы орындап қана қоймай, өзге оқушыларды да шығармашылықпен жұмыстануға тарта біледі. Осылайша үйірме жұмыстарында оқушы үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші, өзіндік шығармашылық ой-өрісі бар, жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне көтеріледі. Осы белсенділік арқасында оқушы әрбір жұмысын шығармашылық оймен жасап, зерттеп, оған жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берумен қатар, өз бойында келешек кәсіби мамандығын да қалыптастырады.
Техникалық-шығармашылық үйірмелер оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтап, қабілеттерін дамытумен қатар өз-өздерін танып-білуге, техника әлемін зерделеуге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлдем жаңа міндет қойып отыр.
Бүгінгі таңда технология пәнін оқытуда мектепте оқушылар екі топқа бөлінеді. Қыздар үшін көркем еңбек, ұлдар үшін техникалық еңбек.
Қазіргі таңда республикамыздың көптеген мектептері интернет желісіне қосылған. Ұлдарды техникалық еңбекке үйрететін үйірмеде оқушыларды осы интернет желісі арқылы техниканың жетістіктерімен әртүрлі сайттар арқылы таныстыра аламыз. Шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңа технологияларды үйірме барысында пайдаланып отырса, оқушылардың техникалық үйірмеге деген ынтасы мен қызығушылығы артатыны анық.
Үйірме барысында әртүрлі әдістерді қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, олардың шығармашылық қабілетін және өздігінен жұмыс істей алуын жетілдіруге тиіс.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.