Жаңа сабақтар

Ахметов Асылбек Талапкалиевич

БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы,

Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББ мектебінің

дене шынықтыру мұғалімі

Ахметов Асылбек Талапкалиевич

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы (сыныптан тыс шара)

Сыныбы: 3

Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру; ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру . Адам жанының да, тәнінің де тазаруы , денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Өтілетін орны: Спорт зал

Көрнекілігі: түрлі түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырықтар, уақыт өлшеуіш

Өткізетін мұғалім: Ахметов Асылбек Талапкалиевич

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

Құрметті ұстаздар , ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Елбасымыздың жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Бізідің оқушыларымыз дені сау, саналы , білімді, өй- өрісі кең , денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын.Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің , жерінің , халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Әр таңды бақытпенен аттырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысуға енді ортаға

«Толағайға» қатысатын

Отбасыларды шақырамыз.

Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын. Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық , қане халқым!

(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)

1- топ «Жасұлан» тобы

2 — топ «Қыран» тобы

3- топ «Бүркіт»

Ал құрметті халайық Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын , сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық

  1. Сейтмуханова А.Ж (оқу тәрбие жұмысының меңгерушісі)
  2. Турешева Г.Б (бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі)
  3. Баисова Г.Е ( бастауыш сынып мұғалімі)
  4. Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ –ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.

Мұғалім: Құрметті жарысқа түскелі тұрган отбасылар, әділқазы алқалары және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

Олар:

1. «Таныстыру» кезеңі

2. «Мұртты кенгуру» сайысы.

3. «Пингвин» сайысы.

4. «Кім жылдам?» сайысы.

5. «Кім көп секіреді?» сайысы.

6. «Арқан тарту» сайысы

7. «Бұрма жол» сайысы

1 — кезең: «Таныстыру»

Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айталы

1топ. «Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: «Біз балауса жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан».

2топ. «Қыран» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз.

Жарыстан біз калмаймыз!»

3топ. «Барыс» тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны: «Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін».

Әділқазылар алқасы 1 кезең бойынша бағаларын беріңіздер.

2 — жүргізуші: 2 кезең: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Ойыншылар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп скінші жаққа келіп берілген есепті шығарады, қайтарда жүгіріп барады да келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді.

Жүргізуші: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

1 — жүргізуші: 3 кезең: «Пингвин» сайысы.

Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айнала қайтар жолда жүгіріп келеді де, келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді. Келесі ойыншы

жалғастырады.

Жүргізуші: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік.

Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

2 — жүргізуші: 4 кезең: «Кім шапшаң?» сайысы.

Анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет (түсіргенге дейін тұрады). Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.

Жүргізуші: Ал енді «Кім шапшаң?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

1 — жүргізуші: 5 кезең «Кім көп секіреді?» сайысы.

Балалар аналарына секіртпемен секіріп барады да, секіртпені береді, ал аналары секіртпені кері айналдырып секіріп барады да, әкелерге секіртпені береді, әкелері аяқтарының астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.

Жүргізуші: Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділқазылар өздеріңізде.

1 – жүргізуші: 6 кезең: «Арқан тарту» сайысы.

Шарты: Әр отбасы бір — бірімен күштерін сынасады.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол —

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады, — демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі..

2-жүргізуші: 7-кезең: «Бұрма жол» сайысы

Шарты: Команда мүшелері әртүрлі жүріс үлгілерін көрсету арқылы балл жинау. Неғұрлым көп жүріс түрлері көрсетілсе, сонша балл алады. Топта әр отбасы мүшесі қатысады.(жыланша, қоян тәрізді, ұлу және т.с.с). Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.

Қорытынды.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші

Құрметті конақтар! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!

«Толағай» әні орындалады.

«Толағай» отбасылар сайысының жоспары

1 «Таныстыру» кезеңі

  1. «Мұртты кенгуру» сайысы.

  2. «Пингвин» сайысы.

  3. «Кім жылдам?» сайысы

  4. «Кім көп секіреді?» сайысы

  5. «Арқан тарту» сайысы

  6. «Бұрма жол» сайысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.