Атырау қалалық №24 орта мектебінің музыка жетекшісі
Сатбергенова Шынар Нұрмағамбетқызы
Тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем-Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен,бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Оқушылар бойында отансүйгіштік,бірлік,достық адамгершілік. тәрбиені қалыптастыру
1жүргізуші: Қазақ жері қонақжай төрдің жері
Қазақ елі –қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді
2жүргізуші: Тілі бөлек болған мен тілек бір,
Ұлы достық жетелеген жүрек нұр.
Қазақстан бар ұлтқа бір шаңырақ
Шайқалмайтын шаттығымыз тірек бұл.
1жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар және оқушылар!
2жүргізуші: «Ынтымағы жарасқан,туған өлкем-Қазақстан» атты мектепішілік мерекелік кешімізге «Қош келдіңіздер!»
1жүргізуші: 1мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
1995жылдың наурыз айында дүниежүзіне үлгі болып отырған,ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі-Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды.Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға,мәдениеті мен әдебиетін дамытуға,тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Әділдік,бейбітшілік,жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
1жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тұрады: Ұйғыр,Кәріс,Дүнген,Өзбек,Қырғыз,Түркімен,Тәжік,Армян, Әзербайжан,Украин,Белорус,Түрік,Шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тату,дос және бейбіт өмір сүруде.
2жүргізуші: Халқымыздың осы берік бірлігі, басқа халықтармен одақтасып достаса білуі жеңіс.Сондықтан біз бейбіт тыныш,бақытты елде тіршілік етудеміз.
Елдегі тыныштықты халық бейбітшілік дейді.
1жүргізуші: Бейбітшілік құсы,ақ көгершін.
Биік ұшып,самғасын.
Тілегімді елге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ахмет Жұбановтың әні «Ақкөгершін» орындайтын 5а сынып оқушысы Ерланқызы Айкен
2жүргізуші: Қазақ биі «Шаттық» орындайтындар
6 «а» сыныбының Қыздар би тобы.
1жүргізуші: Татар халқының әні «Жаңбыр» орындайтындар 5 сынып»оқушылары Амангелді Бүркіт және Нұрланұлы Рамазан Қайрат Ерқанат.
2жүргізуші: Қазақ биі «Оймақ» орындайтындар
5«б» сыныбының Қыздар би тобы.
1жүргізуші: «Түрік халқының биі» орындайтын 6а сыныбының Қыздар би тобы
2жүргізуші: Эстон халқының әні «У каждого свой музыкальный инструмент» орындайтын 5 сынып оқушылары Төлеген Қарақат.Ерланқызы Айкен.Сайлаубай Жанару
1жүргізуші: : «Өзбек халқының биі» орындайтын 6 «б» сыныбының Қыздар би тобы
2жүргізуші: Қазақ биі «Жайлау» орындайтындар
6 «г» сыныбының Қыздар би тобы.
1жүргізуші: : «Ұйғыр халқының биі» орындайтын 10 «б» сыныптның Қыздар би тобы
2жүргізуші: Шығыс халқының биі орындайтындар
6 «а» сыныбының Қыздар би тобы.
1жүргізуші: Қазақтың халық әні «Дудар-ай» орындайтын
6 «а» сыныбының оқушысы Тілекқабыл Батыр.
2жүргізуші: 1мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігі күні.
Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы,достықты жырлаушы,тыныштықты сақтаушы ел.Елімізде әр ұлттар тату-тәтті өмір сүруде «Бірлігі жоқ ел тозады,бірлігі күшті ел озады» деген қазақ ата-бабамыз.
«Ынтымағы жарасқан,туған өлкем-Қазақстан» атты мектепішілік мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.Қош сау болыңыздар!
—
Зайтуна Есмаганбетова
Отправлено из Почты Mail.ru