Умбеталиева Бибинур Срымовна Атырау қаласы N31 мектеп -гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сыныпта сын тұрғысынан
ойлау технологиясын тиімді қолдану
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыру.
Қай заман болмасын адамзат алдында тұрған міндет- ұрпаққа саналы білім беру. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін заман ағымына орай оқу үрдісіне жаңа технологиялар қажетті. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеу үлкен кедергіге әкеледі. Сондай қолданыстағы жаңа технологиялардың бірі-сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Жалпы сыни ойлау деген не?Сыни ойлау сұрақ қою мен шешімін талап ететін проблемалардан тұрады. Мазмұнды сұрақ қою арқылы,мәселені шешуде өзі жолын іздеп тауып,шешімді,саналы дәлелдер айтады. -мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
-жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, «Т» кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.
- Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
-
Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
-
Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болап табылатын ең басты педагогикалық түсінік. Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Тек қабілетті кеңінен өрістетуге ықпал етуші орта оқушы үшін мектеп қана болып табылады. Сондықтан оқушылардың сыни тұрғыда ойлау мақсатында «қалай? қашан? қандай?»деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жүргізу жақсы нәтиже береді. Яғни оқушыларға тапсырманы қалай берем? Қашан берем? қандай тапсырма берем деген сұрақтар басты назарда болу керек деп ойлаймын. Сыни ойлау сабағының құрылымы үш кезеңді қамтиды.
Қызығушылықты ояту
Жаңа ақпаратқа қызығушылығын ояту,танымдық процеске жұмылдырады,актуалдау.Бұл бөлім –білімнің іргетасы.
Екінші кезең -мағынаны тану оқу процесін мазмұнды түсінудің негізгі кезеңі.Осы кезеңде мұғалім шеберлігінің шыңы десек қателеспеспіз деймін .Себебі мұғалім тиімді стратегиялар арқылы оқушы қабылдауын дамытады. Салыстырмалы кестелер,екі жақты күнделік әдісі,инсерт әдістері қолданылады. Ой толғау кезеңінде оқушы пікірлері маңызды болады. Оқушының сыни ойлауын дамыту мүмкіндік бар.Жаңа білімге өзінде бар білім негізінде өтіледі.
Оқушы шығармашылығын арттыруда әр кезеңге орай әдіс-тәсілдер таңдау, қолдану бір жүйеде дамытуға жетелейді.
- Сын тұрғысынан ойлау —ашық қоғам негізі.Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу,сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні-бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.
Сыни ойлауды дамыту технологиясяның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы-білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл жобаның мақсаты- демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауы бар,өзін-өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үдерістерге сыни көзбен қарап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
СТО жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. «Сын тұрғысынан ойлау»- сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті.Бұл технологияның негізінде оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» арнайы пәндерді оқытуда қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолдану» тақырыбын өзекті тақырып ретінде алдым. Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін белгілі міндеттер қойдым. Олар:
- Технологияны оқып меңгеру;
Тәжірибеде қолдану;
Нәтижесін анықтау.
1-ші сатыда 2012-2013 оқу жылында технологиямен таныстым, баяндама әзірленді ;
2-ші сатыда 2013- 2014 оқу жылында сабақтарымда қолдандым, пәндік отырысқа әдістемелік әзірлеме дайындалды ;
3-ші сатыда 2014 -2015 оқу жылына әдебиеттік оқу пәнінен «Шешендік сөз», «Достық» тақырыбында ашық сабақтар жоспарлап өткіздім.
2015-2016 жылы Өзін-өзі тану пәнінен «Сөз іспен көрікті» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:
- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;
Ақпараттарен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;
Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу.
Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы – оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет.
—
Зайтуна Есмаганбетова
Отправлено из Почты Mail.ru