Жаңа сабақтар

NIS-те білім алу үшін құжат қабылдау жалғасады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін «Өркен» білім грантын тағайындау конкурсын өткізуде. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары қатыса алады. 

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне үміткерлер

10 қаңтарға дейін келесі құжаттарды қабылдау комиссиясына өткізулері тиіс:
— Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
— Сауалнама;
— Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
— Үміткердің 6-сыныптың I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
— Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.

Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге жинақталып, қабылдау комиссиясына ұсынылады.

Құжат қабылдау комиссиясы Алматы  қаласы Қалқаман-2 ш/ауданы Ә.Елібаев к-сі, 2  мекен-жайы бойынша дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс жасайды. Үзіліс уақыты: 12.00-13.00.

7 қаңтар 2023 жыл — мерекелік күн.

Айта кету керек, келушілер ағымын реттеу үшін арнайы онлайн брондау қызметі іске қосылған.

Қабылдау комиссиясына құжаттарын қаңтардың 10-на дейін толық өткізген үміткерлерге кешенді тестілеуге қатысу рұқсатнамасы беріледі. Рұқсатнаманы кешенді тестілеуге келгенде көрсетеді.  Кешенді тестілеу 2023 жылдың 2 және 3 наурызда өтеді.

Тестілеу нәтижелері кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 календарлық күн өткеннен кейін www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Соңғы шешім «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссиямен қабылданады.

Байланыс телефондары: 8 (727) 338-33-00

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.