Жаңа сабақтар

Сейсмология институтында Ата заң күні аталып өтті

Сейсмология институтында «Конституция – Ата заңымыз!» мерекелік шара аясында сенбілік өтті. Шара барысында институт қызметкерлері қаланың тазалығын сақтау мақсатында ғимарат ауласын қоқыс пен қураған тал жапырақтарынан тазартты.
Соңынан қызметкерлер арасында үстел теннисінен турнирге жалғасты.

Институт директоры Дәулет Сәрсенбаев турнир нәтижесі бойынша жеңіске жеткен қызметкерлерді марапаттап, грамота мен сыйлықтарды табыс етті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды құқық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Айжан Төреханова иеленді. Ол өзінің құттықтау сөзінде: «Ата Заңымыз – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі! Кең байтақ Отанымыздың гүлденуі жолында ынтымақ пен бірлікте қызмет ете берейік!» — деп атап өтті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.