САУРАНБЕКОВА АФРИЗА ЖАМАЛБЕКОВНА
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Тараз қаласы, Талас ауданы, Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: | Сауранбекова А | ||||
Пән/Сынып: | Көркем еңбек 4 сынып | ||||
Күні | 14.04.2022ж | ||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Ғарышқа саяхат | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ғарышкер — суретшілер
Ғарышқа саяхат |
||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты | 4.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін шығармашылық әдістермен, арнайы терминологияны пайдаланып, таныстыру | ||||
Оқу мақсаты: | ғарышкер-суретшілердің шығармашылығы, композициядағы тепе-теңдік және«граттаж» тәсілі туралы мәлімет алу | ||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
||||
Уақыты
Кезеңдері |
Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру
3мин Өткен білімді еске түсіру 7 мин |
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады.
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! «Гүлмен тілек» әдісі Жұлдызшалар таңдау арқылы топқа бөлінеді 1. Жер тобы 2 .Шолпан тобы Топ ережесімен танысу «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіреді -Астроном деген кім? — Өздерің білетін шоқжұлдыздарды атаңдар — Адамдар шоқжұлдыздарға қарап нені болжаған? -Космогониялық өрнектер деген не? Оларды ата. — Алғашқы жұлдыздар картасын жасаған кім? — Жетіқарақшы жұлдызы туралы не білесің? Оқушылардың жауаптары тыңдалады Ой қозғау. Бейнеролик көру Көріп болған соң төмендегі сұрақтарға жауап аламын — Ғарышқа ұшқан алғашқы ғарышкер кім? -Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата. — Қазақ ғарышкерлерінен тағы кімді білесің? — Ғарыш кеңістігінде қандай ғаламшарлар бар? |
Оқушылар шеңбер болып тұрып гүлді ұсынып бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады
Жұлдызшаның артына ғаламшардың аттары жазылады сол бойынша топқа бөлінеді Әр топ берілген сұраққа жауап береді Сұрақтарға жылдам жауап береді |
«Жұлдыз
ша» әдісі арқылы бағалау Жасылт түс- Өте жақсы ,сары түс жақсы, Сары түс –талпын Осы бойынша топтар бір –бірін бағалайды |
Гул
Жұлдызшалар Конверт , сұрақ жазылған жұлдыздар Интерактивті тақта |
|
Жаңа білім
10 мин Практикалық тапсырма 15 мин Бекіту 7 мин Кері байланыс 3 мин |
Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқан кезеңінен бері 60 жылдан астам уақыт өттіАдамдар ғарышты игеруді жалғастырып келеді.Жазушылар өзге ғаламшарлықтар туралы қиял – ғажайып оқиғаларды жазса,ғалымдар жаңа ғарыш жобаларын ойлап табады.Ал суретшілерғарышқа арналған суреттер салады.Ғарышкерлердің ішінде де суретшілер бар.
Ғарышға алғаш ғарышкер А. Леонов болды.Ғарыш көрінісінің әдемілігіне тамсанған ол қолына еріксіз қылқалам алған. Ғарышкер- ұшқыш В. Жәнібеков, американдық астронавт Алан Бин ғарыштың суретін салумен айналысқан Ғарыш композициясын жасау үшін композицияны теңестіріп үйрену керек.Салған суретіңдегі заттар тепе- тең орналаспады делік, суретіңді жыртуға немесе өшіруге асықпаКерісінше суретіңді басқа заттармен толықтырып, тепе –теңдікті түзетуге болады. Граттаж – Бояу жағылған қағазға өткір құралмен тырнау арқылы сурет салу әдісі ( жасалу ретін түсіндіремін) Сергіту сәті Сәлем, Сәлем. 1 –тапсырма (топтық) Композицияны теңестір (әр топқа бір суреттен беріледі) Екі оқушы шығып қорғайды 2- тапсырма «Ғарышқа саяхат» тақырыбында граттаж тәсілімен композиция жасайық (Жұптық жұмыс) -Үшкір затпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау — Граттаж жасалу әдісін көрсету Өздік жұмысты тапсырманы орындау барысында жеке-дара көмек көрсетіп, кеңес беремін Оқушылар жұмыстарын сипаттап береді. Сабақты «Дұрыс,Бұрыс» әдісімен қорытындылаймын. «Жер» тобына -Астраном аспан денелерін зерттейді -Жетіқарақшы, Арыстан,Темірқазық бұлар ғаламшарлар -Зымыранды ұшкыш басқарады — Алғашқы ғарышкер Ю.А .Гагарин -Айшық, жұлдыз – өсімдік тектес өрнектер — Граттаж – тырнау арқылы сурет салу — Ғарышта адам салмағын жоғалтпайды «Шолпан» тобына -Байқоңыр – ғарыш айлағы — Ғарыш әлемінде 6 ғаламшарлар бар -Аспан жұлдыздар картасын алғаш жасаған А.Дюрер -Скафандр ғарышкердің арнайы киімі — Алғашқы қазақ ғарышкері А.Айымбетов — Ғарыш тақырыбына сурет салған ғарышкер- суретшілер: В.Жәнібеков, А.Бин, А.Леонов. — Ғарыш әлеміне ғарышкер ұшақпен жетеді Үйге тапсырма: 104-105 бет оқу |
Дискриптор:
Ғарыш туралы мәлімет алады Ғарышкер – суретшілер жайлы біледі Музыка арқылы сергіту сәтін жасайды Дискриптор: Композицияны теңестіре алады, Композицияны граттаж тәсілімен орындайды Топ бойынша өз жұмыстарын қорғайды Әр ооқушыға қолдың макеті беріледіЖауап дұрыс болса жасыл қолды, бұрыс болса көк қолды көтереді Өздеріне ұнаған жұлдызды таңдайды |
Жұлдызша әдісі арқылы
Бағалау Жұлдызша әдісі арқылы бағалау Топтар бір-бірін бағалайды «Жұлдыздар шеруі» әдісі |
Интерактивті тақта
Иллюстациялар А.Леонов «Ғарыш кеңістігіне шығу В.Жәнібеков «Жұмысқа» А.Бин «Ғарыш пейзажы» Тапсырмаға арналған суреттер Гуашь бояуы, Қылқалам, Тырнауға үшкір зат((түйреуіш ,ине ,түс шұқығыш) Қолдың макеті Бағалау парағы Стикерлер |
|