Жаңа сабақтар

Конкурс жариялау

12.07.2022 жыл

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тұрақты Хореограф лауазымына орналасуға КОНКУРС жариялайды:

Хореограф маманы – 1 орын тұрақты

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Хореография техникасын шебер меңгерген. Хореография бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін жүргізеді, биге әуес дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды хореография бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын, жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар репертуарының хореографиялық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (хореографиялық, педагогикалық) білім.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Білім туралы құжат көшірмесі.
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  5. Фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
  6. Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.
  7. Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.
  8. Соты болмағандығы туралы анықтама

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ,

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы

бойынша білім бөлімінің «Үстірт» бөбекжайы» жедел басқару

құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Ж.Аймауытов 39Б Тел/факс: 8(72932) 2-63-88

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.