Ұлы дала елі

МУНАЙТБАСОВА НАЗИРА МИНАЙДАРОВНА
Тарих пәні мұғалімі. Педагог-зерттеуші
«АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ
«НОВЫЙ ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КММ

Тақырыбы: “Ұлы дала елі: Тәуелсіздік жетістіктері мен жасампаздыққа толы жылдар”

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.

Жастары жалынжүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адалқызмет етуге ұмтылады». Елбасы Н.Ә.Назарбаев

Біздің тәуелсіз ел болғанымызға – 30 жыл. Елбасы Нұрсұлтан атамыз айтқандай, елдің болашағының көркейіп, гүлденіп одан әрі дамып, өркендеуі біздің қолымызда. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да біз сапалы білім алып, еліміздің дәулетті, жеріміздің сәулетті болуы үшін белсенділік танытып, еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз.

Біз Тұңғыш Президентіміздің орасан еңбегінің арқасында ең бай мемлекетке айналдық, халқымыз да бақытты ғұмыр кешуде.

Кең байтақ еліміз егіске толып, өрісімізден мал кетпейтін, бейбіт те зайырлы мемлекеттің ұрпағы болып отырмыз.

Әлемнің саяси сипаты уақыт өткен сайын күрделеніп тұрса да, тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен тыныштығы бұзылмай, көк байрағымыз биікте желбіреп тұр. Халық үніне құлақ асатын мемлекет құруды қолға алып, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог қалыптастырған Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен күндерге жіті үңіліп, жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде – соның бәрін сараптап, ой елегінен және бір өткізіп, тәуелсіздіктің отыз жылын үш онжылдық белеске бөліп, оған жан-жақты тоқталып, жүйелі талдай келіп: «Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр» деп зор баға бере отырып, түбегейлі қорытынды жасаған.

Мемлекет басшысының «… азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек» деуі тәуелсіздігіміздің тарихи бағасын әділ түрде сипаттауда.

Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас аға, әпкелеріміз болды.

Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды.

Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.

Халықта мақал бар: «Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Тәуелсіздік жолы азаматтық жолы.

Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында хас батырлар қаншама тарихымызда айқын. Батырлар ерлігі біздерге әрқашан өнеге.

Адам да дүниеге патриот болып келмейді. Адамды патриот етіп қалыптастыратын күш: тәлім-тәрбие, сапалы білім, саналы орта және жауапкершілік. Бауыржан Момышұлы ешкім батыр боп тумайды, батырды ситуация жасайды деген қанатты сөзі әрқашан есімізде.

Әрбір азамат мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажет. Отаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін.

Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс.

«Қазақстан- біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді, туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.

Осы орайда Елбасының: «Тәуелсіздікті қорғау үшін біз тірі болуымыз керек, тірі болу үшін ірі болуымыз керек, ірі болу үшін білімді болуымыз керек» деген аталы сөзін әрқашан есімізде тұтамыз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың бойына мемлекетшілдік рухты сіңірмей, мемлекетіміздің мерейі үстем болмайды деген мағынада айтылған сөзі Елбасының аталы сөзіне үйлесіп, Қазақстанның қазіргі саяси жүйесі заман талабына сай дамып келе жатқанын айқындай түседі.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың өзіне тән заман ағымы, кезең тынысы болады.

ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп есептеймін. Еліміздің дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.

Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы – Мен жастарға сенемін» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр.

Ұстаздарымыз үйреткеніндей адамгершілігі мол, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.

Біз бақыттымыз. Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

Біздің міндетіміз – бабалар аманатына адал болып, Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету.

Бүкіл дүниені дүр сілкіндірген мемлекеттер өзінің заманында неге мықты болды? Өйткені олар қандай жағдайда да мызғымас бірлікте ғұмыр кешті. Ендеше, біз бәріміз біргеміз, шайқалмайды іргеміз.

Ел бірлігі – тәуелсіздіктің берік қорғаны. Мен өз елімнің болашағына зор үмітпен қараймын. Алдағы мақсатым, мектепті жақсы бағамен бітіріп, Отаныма еңбек етіп, тәуелсіз елімнің абыройлы азаматы болу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше