Жаңа сабақтар

КОНКУРС

16.06.2022жыл

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Бөбек» бөбекжайы» жедел басқаруқұқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бала күтімі демалысындағы тәрбиешінің орнына уақытша әдіскер, хореограф, логопед лауазымына орналасуға КОНКУРС жариялайды:

Әдіскер – 1 уақытша

Хореограф- 1 уакытша

Логопед- 1 уакытша

ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР:

  • жоғары немесе арнаулы орта;

ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

Конкурсқа қатысушылар білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», педагогика және психология негіздерін, «Үстірт» бөбекжайы» МКҚК жарғысын, Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарымен және заңнамалық актілермен, Ішкі еңбек тәртібі ережесін, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды білулері тиіс.

Әдіскер

  • Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортасын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді білуге міндетті.

Логопед

Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.

Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.

Білім беру ұйымдарында «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Кәсіби біліктілігін арттырады.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.

Қажетті құжаттаманы жүргізеді.

Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.

Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

    • Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын;
    • Жас ерекшелік физиологиясын және гигиенасын;
    • Балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әр түрлі жастағы балалардың музыкаға сәйкес би-қимылдарын игеру деңгейін, методикасын, жан дүниесін;
    • Балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білу, балаларды әртүрлі музыкалық (ән салу, би билеу, музыкалық аспаптарда ойнау) әрекеттерге қатыстыруға;
    • Балалармен бірлескен әрекет үлгісін құру: ән салу, би билеу, сахнада және спектакльде ойнауды;
    • Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету негізін;
    • Еңбек заңнамаларының негізін;
    • Еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін, техниалық қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғанысты;
    • Санитарлық ережелер мен нормаларды.
  1. Лауазымдық міндеттері.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық би қимылдарына үйрету мен эстетикалық дамытуды жүзеге асырады.

Балалар билерінің техникасын шебер меңгерген болуы.

Би үйрету сабақтарын, балалар мерекелерін және мәдени- бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, дарынды балаларды таңдайды.

Таңертеңгілік гимнастикаға, дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Балалармен музыкалық-ырғақты қимылды ойындарды ұйымдастыруға қатысады.

Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады.

Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді енгізеді.

Балаларды музыка және хореография бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді.

МДБҰ тәрбиеленушілерінің саздық – хореографиялық даму деңгейін бақылап отырады.

Құқықтары:

ҚР Еңбек кодексінде, ішкі еңбек тәртіптемелерінде қарастырылған құқықтарды иеленеді.

Жауапкершілігі.

Музыка – би сабағындағы балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік арқалайды.

Осы нұсқаулықта айтылатын барлық міндеттердің орындалуына жауапты.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

арнайы мектепке дейінгі педагогика, арнайы психология,

оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:

  1. Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету.
  2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Білім туралы құжат көшірмесі.
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі.
  5. Фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ.
  6. Бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, мінездеме.
  7. Медициналық куәландырудан өтуі туралы анықтама.
  8. Соты болмағандығы туралы анықтама

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН МЫНА МЕКЕН-ЖАЙҒА ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ, БЕЙНЕУ СЕЛОСЫ,

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы

бойынша білім бөлімінің «Бөбек» бөбекжайы» жедел басқару

құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Д.Тәжіұлы 9Б Тел/факс: 8(72932) 2-16-58

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.