Жаңа сабақтар

Балалардың күлкісі — көркі, сәні әлемнің!

ДАРИБАЕВА ЖАКСЫГУЛЬ КАЗИЕВНА

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

«№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-нің ән-күй мұғалімі

Тақырыбы: Балалардың күлкісі — көркі, сәні әлемнің!

Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын — сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Өтетін орны, күні, уақыты: Орталық алаң 01.06.2022ж сағ 11:00

Іс-шараның басталуы: (Фанфар) Жүргізуші шығады

Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті қонақтар, әріптестер, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер! Биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.
1 — маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын.
Жас бөбектер, сендерге арналады,
Бүгінгі мерекенің салтанаты.
Өмірдің ең керемет мархабаты

Алдыларыңызда Дәрібаева Жақсыгүл мен Сүйерқұлова Ақмаралдың орындауында «Ертегілер» әні мен «Қызғалдақ» тобының биін қабыл алыңыздар!

  1. Ән «Ертегілер әлемі»+ (лента) биі

Сөз.

Жүргізуші: Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі

Келесі кезекте Калинин Виктор мен Ибраева Динараның орындауында жанға жылулық сыйлайтын «Достық» биін қабыл алыңыздар

  1. Танец на колясках

Сөз.

(Сайқымазақтардың шығуы)

Сайқымазақтардың келуі: Сәлем, балалар! Мерекелерің құтты болсын балақайлар! Бүгін сендердің мерекелеріңмен құттықтап келдік және көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, сендермен бірге өз өнерімізбен бөлісеміз! Қане, ендеше, бәріміз бірге би билейік.

  1. Би «Флешмоб»

Жүргізуші: Балалар көңіл күйлерің қалай ? Бүгінгі мерекеміз сендерге ұнап жатыр ма? Ендеше осы көтеріңкі көңіл-күймен Байбулатов Дәулеттің орындауында «Королевамсың» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар

  1. Ән «Королевамсың»

Сөз.

Сайқымазақтар: Жарайсың, Дәулет! Балалар барлықтарың өнерлі екенсіңдер!Біздің бүлдіршіндеріміздің көңілді биін тамашалауға қалай қарайсыңдар? «Балалық шақ» биін қошеметпен қарсы алыңыздар.

  1. «А ты меня любишь?» би

Сөз.

Жүргізуші: Ғажайып шақ өмірдің бал даурені
Естен кетпес осы кездің ән дәурені
Ертегілер еліндей таңғажайып,
Жоғалмасын балалықтың сән дәурені Келесі кезекте сіздердің құрметтеріңізге «Шапағат» биін қабыл алыңыздар!

  1. «Шапағат» би

Сөз.

Жүргізуші: Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең!

Ендігі кезекте Дәрібаева Жақсыгүл мен Ибраев Азаттың орындауында «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар! (хор)

  1. «Мерекем»

Жүргізуші: Балалар бүгінгі мерекемен бізді құттықтап келген қонақтарымыз бар екен, олай болса қонақтарымыздың бізге арнаған өнерлерін тамашалайық.

Алдарыңызда №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының қызметкерлерін «Маска шоуымен» қарсы алыңыздар.

  1. Маска шоу

Жүргізуші: Балалар сендердің бүгінгі мерекелеріңе бізге тағы да қонақтар келіп қалыпты № 2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының қызметкері Караулова Эльмираның орындауында «Маленькая страна» әнімен қарсы алайық.

  1. «Маленькая страна»

Сайқымазақтар: Балалар, бүгін сендермен өте қызықты мереке болды. Біздің қайтатын уақыт болып қалды. Келесі кездескенше сендер тәртіпті болып жүруге уәде бересіңдер ме?!

Ендеше балалар сау болыңдар!

Жүргізуші: 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған

«Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» атты мерекелік іс- шараға қол ұшын созып, әрбір баланың қуанышы, өз баламның қуанышы деп бағалаған, көпшілікке алғысымызды білдіреміз! Шуақты күндерде, саулықта кездескенше, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.