Жаңа сабақтар

ІЗІМ ТОЙҒАН ОСПАНҚЫЗЫ

Ақтөбе мектеп интернатының 1968 жылғы түлегі – ІЗІМ ТОЙҒАН ОСПАНҚЫЗЫ

Ақтөбе мектеп интернатында оқыған жылдары биге деген бейімділігім дамып, болашаққа жол сілтеуші болғаны сөзсіз. Осы жылдар арасында: К. Ещанов, Қ. Қалбиева, Ағадилов; А. Ерасилов директорлық қызмет атқарды.

Торғай Сафина, Қансұлу Меңсейітова, Тұрсын Жағалтаева. Хамза Саламатова, Байназар Қоңырбасов ұстаздарым әлі есімде.

Ал, біздің 10 «А»  сыныбына 1 сыныптан тәрбиеші болған Тауанова Ынтазар Байгелдіқызымен 2021 жылы өмірден өткенше анамыздай араласып тұрдық. 

   Біздің сыныптың ұл-қыздары денсаулық, білім және ауылшаруашылық  салаларында абыройлы еңбек атқарды.

Классымыздың Естеқұлов Қаңтарбай Ақтөбе мединститутын бітіріп, елінде қапыда өмірден өтіп кеткенше хирург дәрігер болып қызмет етті. 2019 жылы балалары әкелерін еске алу дастарханына шақырды, класстың атынан бір машинамен бардық. Қаңтарбайдың еліне сыйлы, абройлы қызметкер болғанына көз жеткізіп, балаларына рақметімізді айтып, қайттық.

Маралова Қалила Облыстық мұрағат директоры, Дощанова Дариға Ақтөбе мединститутының қаржы саласында бас маман, Ниязова Зауреш (БТИ)  бас маманы қызметтерін атқарды.


ІЗІМ ТОЙҒАН ОСПАНҚЫЗЫ

ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі (1987ж.),  өнертану кандидаты (2005ж.), өнертану профессоры (2018ж).

Ақтөбе мектеп интернатының 1968 жылғы түлегі.

1968 жылы 10 «А», 10 «Б», 10 «В» аталынған 3 бірдей сынып бітіріп, шықтық,

 9668-1969 Ақтөбе облыстық филармониясының «Арайлы Ақтөбе» атты белгілі әні Геннадий Шульганың ансамблінде биші болып жұмыс істедім.

1969 жылы Алматы қаласындағы Республикалық эстрада және цирк өнері студиясының хореография бөлімін тамамдап, балет артист мамандығын алдым, 1971 жылдан 1995 жылға дейін сахнада биледім.

    Шығармашылық бағытым — қазақ би фольклорына арналды. Сахнадан кейінгі ғылыми-педагогикалық жолда да ұлттық би негізгі тақырыбыма айналды.

      Фольклорлық «Шертер» (1994ж.), «Сазген» (1981ж.), мемлекеттік «Алтынай» халық би ансамбльдерінің құрылып, репертуарын қалыптастыруында көшбасшы болдым.

    Орындаушы ретінде фольклорлық билердің алғашқы үлгілері сахналанды («Шертер» ансамблімен), «Қазақтың этно-фольклорлық билері» атты бағдарлама («Сазген» ансамблімен), Фолклорлық билер («Алтынай» би ансамблімен), ал, жүргізуші-лектор ретінде «Атадан-Мұра» (Астана академиялық филармониясының «Шалқыма» би ансамблімен) көрерменге ұсынылды.

      1994-1999 жылдар Мемлекеттік кино және театр институтында (бүгінгі Т.Қ. Жүргеноа атындағы өнер академиясы) белгілі балетмейстер Б. Аюхановтың сыныбы бойынша режиссер хореограф маманығына ие болдым.

2001-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы академиясы жанындағы Мемлекеттік М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының театр бөлімінде ізденуші, 2005 белгілі ғалым Бағыбек Құндақбайұлының жетекшілігімен «Қазақ биінің даму белестері (Мемлекеттік «Салтанат» және «Алтынай» би ансамбльдерінің шығармашылық негізінде) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды.

       1994 жылдан, әуелі мектеп-гимназиядан басталған оқытушылық қызметім әлі де жалғасуда. Бүгінгі күні Қазақ ұлттық хореография академиясының «Режиссура» кадерасында профессор болып жұмыс атқарамын. Осы академия жанынан 2019 жылы «Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасын» құрып, жетекшілік етемін.

     «Уақыт және би өнері» (2008, екінші басылымы 2016жж.), «Мемлекеттік «Алтынай» би ансамблі» (2010ж.) ғылыми монаграфиялар, «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» (2012ж.), «Қазақ және шет ел хореография өнерінің тарихи даму кезеңдері» (2017ж.), оқулықтар мен «Қазақ биі» анықтамалығының авторымын.

Марапаттарым:

ХІІ Бүкіл дүниежүзі жастар мен студенттер фестивалінің дипломанты (1985ж.).

ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі (1987ж.).

Ветеран труда (1990ж.).

«Ы. Алтынсарин» медалі (2014ж.).

«Шертер» этно-фольклорлық ансамблінің 45 жылдық мерейтойлық медалі

Ғ. Жұбанов атындағы Ақтобе облыстық филармониясының 75 жылдық мерекелік медалі (2019ж.).

«Еңбек даңқы» төсбелгісі (2021ж.).

«Халық алғысы» мерекелік медаль (ҚР Президентінің жарлығымен 14.09.2020ж.).

Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хаты( 05.09. 2021ж),

«Ерен еңбегі үшін» медалі (ҚР президент жарлығы 02.122021ж.).Ізім Т.О.   12.06.2022 жыл.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.