Бақ қонған байтақ Бұлақтыкөлім!
Жақсы жайлаған тұрақты төрін.
Көрсең де талай төзіп келесің,
Өмірдің қатал сынақты жолын.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орталау мектебі түлектерінің 30-жылдық мектеп бітіру кездесуіне арнап әзірленген естелік кітабы.
Мектеп түлектерінің естелік кітабы түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсетудің өзіндік мағыналы нәтижесі деп есептеледі. Бұл кітап мектеп кітапханасында оқушыларға өнеге болып жарқын болашаққа үміт сыйлайды. Ал, әрбір отбасының кітап сөресінде құнды тарихи естелік болып ұрпақтарына ата-ананың өмір белесінің шежіресі болып тәрбие береді. Елімізді, білім алған алтын ұя шаңырағын дәріптеп, жетістіктер мен жақсылықтарды бөлісуге мүмкіндік береді.