

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Болашақта ел тізгінін өз қолына ұстайтын жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдау – қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі. Э.Ф. Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі», яғни дұрыс таңдалған мамандық өмірінде жетістікке жеткізетіні анық. Мамандықты дұрыс таңдап, өміріңізде кәсібіңізді игеріп кету үшін алдымен дұрыс оқу орнын таңдап, дәріс беретін оқытушылар құрамын алдын ала біліп, болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білгеніңіз жөн.
Бүгінгі таңда сәулетшілер мен құрылысшыларды, дизайн өнерінің барлық түрлері бойынша мамандарды сапалы даярлайтын бірден бір оқу орны– ҚазБСҚА (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы), 2007 жылдан бастап Халықаралық білім беру корпорациясы. Басты мақсаты – сәулет-құрылыс саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, заман сұранысына ие маман дайындау. Оқыту үдерісі жаңашыл шешімдер қабылдауға және адамдар үшін жайлы, жоғары технологиялық, үйлесімді материалдық өмір сүру ортасын құруға қабілетті креативті маманды қалыптастыруға бағытталған. BIM технологиясы көмегімен– инженер-құрылыс саласында пайдаланылатын, сандық түрде ғимараттардың бір немесе бірнеше нақты виртуалды моделдерін құрастыруға мүмкіндік беретін Autodesk Revit Architecture, Autodesk Revit Structure, AutoCAD Civil 3D, AutoCAD 3D Plant, AutoCAD Map3D, 3D MAX және т.б. бағдарламаларды кеңінен қолданылады. Академияда жұмыс беруші орындармен болашақ мамандарды дайындаудағы бірден-бір стратегиялық әріптес ретінде тығыз жұмыс жасау қолға алынған. Осы мақсатта бітіруші түлектерге арналып жыл сайын «Job Fair» — бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге 37-ден астам құрылыс компаниясы қатысып, ҚазБСҚА, ҚАУ, ҚазБСҚА колледжі, АКС студенттері арасында түйіндемелерді жинап, ашық бос орындарға тағылымдамадан өтушілерді шақырады. Сонымен қатар жоғарғы курс студенттері өндірістік тәжірибені ірі құрылыс компанияларында, жобалау институттарында және ғылыми-зерттеу институттарында өте алады.
ҚазБСҚА профессор-оқытушылар құрамы заман көшіне ілесіп, шәкірттеріне беретін дәріс мазмұнын әрдайым жаңартып, заманауи технологияларды,инновациялық әдістердімеңгеріп, әр сабақта заман талабына сай үш тілді қатар меңгеруге көңіл бөледі. ҚазБСҚА-ның барлық факультеттерінің, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша үш тілді жетік меңгерген 2,3,4 курсында оқитын бакалавриат студенттері үшін «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жарияланып, нәтижесінде Италия, Түркия, Германия, Англия, Франция, Оңтүстік Корея, Польша, Латвия, Литва, Беларуссия, Эстония елдерінің сәулет құрылыс университеттерінде білім ала алады. ҚазБСҚА-ның білім беру жүйесінде мемлекеттік гранттармен қатар көптеген жеңілдіктер қарастырылған, айта кетсек «Scholarships» арнайы шәкіртақысы, бір жылдық оқу ақысын бөліп төлеу. «Scholarships» арнайы шәкіртақысы ақылы негізде білім алатын, бірақ, әртүрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдайы, денсаулығы, қаржылық жағдайы және т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ – ең дарынды ҚазБСҚА студенттеріне, магистранттарына, білім алушыларына 100%, 50%, 25% стипендия тағайындалады. Дәл сондай жеңілдіктер орта мектеп және кәсіби оқу орындары оқушылары арасында өтетін жыл сайынғы пәндік олимпиада жеңімпаздары үшін де беріледі.
Келешекте әсем қаламыз Алматы мен астанамыз Нұр-сұлтан қаласы төріне ұрпаққа әлемдік сәулет өнерінің көрінісі бар ғимараттар ұсынғысы келетін, болашақ сәулетшілер мен құрылысшылар, дизайн маманы — бүгінгі жас түлектер үшін биылғы жыл ерекше. Еске сала кетсек, биылғы түлектердің пікірлері мен тілектерін ескере отырып, грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінде қазақ жастарына өндірістік мәдениет деңгейінің және техникалық прогрестің негізгі сапа көрсеткіші болып табылатын кәсіби құрылысшы, сәулетші болуды армандайтын кез келді деп айтуға әбден болады. Бәсекеге қабілетті, жоғары білімді, кәсіби білікті маман қашан да заман сұранысына ие. Мамандықты дұрыс таңдау – жетестікке жетелер жалғыз жол екенін ұмытпаңыз, жас түлек!
Халықаралық білім беру корпорациясының (ХБК) оқытушылары:
Рысбаева Айман Калиевна, Кобенкулова Жанар Токтакыновна