Жаңа сабақтар

Битуреева Ақжарқын Мырзабековна

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,11.»Жеңіс»мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Битуреева Ақжарқын Мырзабековна

Аннотация

Мұғалімдер үшін сабақ жоспарлауда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану;педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

Мұғалімге көмекші құрал ретінде әдіс-тәсілдердің қолжетімді болуы

бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкескелетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;

мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Аннотация

Для учителей эффективным способом планирования уроков является использование техник; повышение педагогического мастерства; Метод как инструмент для учителя — гарантировать, что доступность методов понимает и использует педагогические подходы в соответствии с обновленной учебной программой по предметам начальной школы; формирование навыков, необходимых учителям для реализации обновленной образовательной программы по предметам начальной школы в контексте обновления содержания среднего образования.

Annotation

An effective way for teachers to plan lessons is to use techniques; improvement of pedagogical skills; The method as a tool for the teacher — to ensure that the availability of methods understands and uses pedagogical approaches in accordance with the updated curriculum for primary school subjects; formation of skills necessary for teachers to implement the updated educational program in primary school subjects in the context of updating the content of secondary education.

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер

  1. Формативті бағалау түрлері
  2. Кері байланыс

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Білім беру саласының дербестігін жақсарту , білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсеңді және инновациялық әдістері мен технологияларды тиымды пайдалануды қажет етеді. Оқытуда жаңашыл әдісті қолдану оқушы үшін де , мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс ықпал етеді . Білім беру жүйесіндегі өзгерістер : «педагогикалық технологиялар », «тәсіл», «әдіс» сияқты ұғымдарды терең менгеруге оқып – үйренуге жетелейді. Бүгінгі таңда , бастауыш сыныптағы пәндер дүниетану , әдебиет сабақтарына ; топқа бөліп оқыту , рөлдік ойын элементтерін , пікір сайыс және басқа дәстүрлі емес түрлері , оқытудың жаңа технологиясы тәжірибеге кеңінен ене бастады . Сондықтан өзім оқыған, үйренген, курстар мен семинарларға қатысу барысында көрген көптеген жаңаша әдіс-тәсілдерді өз іс-тәжірибемде қолдану арқылы олардың тиіміділігіне көз жеткізе отырып, осы тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтауды ұйғардым. Бұл жинақталған әдістемелік құралды«Бастауыш сыныптарда оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» деп атадым.

II.Негізгі бөлім

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.

Мақсаты:

-Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу,формативті бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу;

-Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;

1.Оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер:

«Ассоцияция» әдісі

1-қадам

Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу

2-қадам

Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру

3-қадам

Сол тақырып бойынша жазғандарына тұсаукесер жасау

4-қадам

Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау

2.«Ротация» әдісі

1-қадам

Сұрақ дайындау (1-ден 4-ке дейін) сұрақтарды нөмірленген ватмандарға жазып, аудиторияның әр бұрышына ілу

2-қадам Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу

Әр топ оз сұрақтарына жауап беру

3-қадам

Сағат тілімен орындарын алмастыру

4-қадам

Барлық топтардың жауаптары талқылану

3.«Автор орындығы» әдісі

1-қадам Кез келген жұмысты жазып болғаннан кейін тақтаның алдына үстел қою

2-қадам: Үстелге отырып өз жазғаның аудиторияға оқу

3-қадам: аудиторияны тыңдау. Сұрақтарына жауап беру

4.«Алты телпек» әдісі

Сыныпты алты топқа бөлу

«Ақ телпек» – статистикалық (мәселеге қатысты деректерді таласссыз келтіреді)

«Сары телпек» — сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)

«Қара телпек» — сәтсіздік (оқып жатқан мәселенің сәтсіз тұсын айтады)

«Көк телпек» — аналитикалық (талдау жасайды, топтар не үшін? неге? неге байланысты? Деген сұрақтарға жауап іздейді)

«Жасыл телпек» — шығармашылық (ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамсдар айтады)

«Қызыл телпек» — сезімтал (оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін айтады)

5.«Жүк журналы» әдісі

1-қадам: Сабақ

2-қадамТақырып бойынша болжамды «Жүк журналының сол жағына жазу»

3-қадам Жұмыс жұбын құру

4-қадам Ақпаратты тыңдау барысында жұптың біреуі «Болжам» бөлімімен жұмыс жасап «+» таңбасын болжамның дұрыс-бұрыстығына қарай қойып отырады, ал екіншісі тек жаңа ақпарат жазады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

5-қадам:

«Жүк журналының» екі жағын салыстыру, ақпартты қосу, жазғандарын сыныппен талдауға дайындық

6.«Қара жәшік» әдісі

1-қадам: Қара жәшік дайындалады.

2-қадам: қара жәшікке тақырыпқа қатысты сөз немесе сурет жасырынады

3-қадам:

Қара жәшіктегі заттың түрлі белгілерін біртіндеп оқиды

4-қадам: жасырын зат табылады

7.«Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі

1-қадам

Сабақтың тақыпыбы мен мақсатын ашу

2-қадам Төрт адамнан «үй» тобына бөлу. Әр оп 1,2,3,4 деген өз нөмірлерін алады

3-қадам

Әрқайсына тапсырма үлестіріледі

4-қадам топ ішінде әр оқушыға нөмір беріледі (1,2,3,4)

5-қадам

Үй тобында мәселе талқыланады

6-қадам Белгілі бір уақыттан кейін топтағы оқушылар орнынан тұрады 1 нөмірлер көрші топқа, 2-нөмірлер 3-топқа, 3-нөмірлер 4-топқа, 4-нөмірлер 1-топқа жиналады.

7-қадам

«қонақтар сұрақ қояды» сосын өз топтарына қайтады.

8-қадам

1,2,3-нөмірлер үй тобына келіп , кезек—кезек қонақта не үйреніп келгендерін айтады.

9-қадам: Топ жұмыстарын өзара салыстырады

8.«Қатесін тап»

  1. Жұпқа бөлініңіздер.
  • 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

  • Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

  • Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

  • 9.«Тыңдайтын үшбұрыштар»

    Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

    СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

    ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

    ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).

    10.“3 таяқша” әдісі

    Берілген тақырыпқа байланысты 1сұрақ 1жауап 1идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.

    11.«Сұрақтар жаңбыры»

    Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

    Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

    12.«Коллаж әңгіме»

    Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

    Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

    Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

    2.Формативті бағалау түрлері:

    Формативті бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогресін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады.

    1.«Қолмен белгі беру» әдісі.

    Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді.

    Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

    Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

    Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

    2.«Өзін-өзі бағалау»

    Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.

    3.«Бағдаршам»

    Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамын.

    Мысалы:

    Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

    Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

    Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

    4.2 жұлдыз, 1 тілек.

    Оқушыларды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраймын.

    Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

    Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

    5.Смайликтер

    Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.

    6.Шаршылар

    Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.

    7.Басбармақ

    Оқушылар түсінгендерін қол белгілері арқылы көрсетеді.

    8.«Ойды аяқта». Бұл әдісті мен интерактивті тақтаға суретін слайд түрінде қою арқылы өткіземін. Оқушыларым сол бойынша бүгінгі сабақта не бігені туралы, өзіне қиын болған жай туралы, үйренгені туралы және сабақ барысында қолынан келген, өзі орындай алған тапсырма туралы ойын жүйелейді.

    Нені жақсы түсіндім?

    Маған не қиын болды?

    Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді..

    3.Кері байланыс

    1.Кері байланыс бутерброды

    Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.

    Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:

    а) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;

    б) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ……, себебі ….. Енді/келесі жолы …..

    2.Сабақтарымда қолданатын қосымша дидактикалық көрнекіліктер:

    Бұл көрнекіліктерді қосымша тапсырмалар ретінде оқуыларыма үлестіріп беремін, олар сурет бойынша мысалды тез құрастырып шығарумен қатар оны түсіндіру барысында сөйлеу тілдері дамиды

    Қортыныды

    Қорыта айтқанда, сабақтарда ойын элементтерін неғұрлым жиірек пай-далансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтеді. Кез — келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой — өрісін ойын арқылы дамытады. Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Баланың өмірі, қорша-ған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
    Ойындар — оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.

    Қандай әдіс-тәсілдерді пайдалансақ та оқушының белсенділігін, мақ-сатқа ұмтылуын, ақпаратты өзі іздеп табуын, шапшағаңдығы мен еркін-дігін , шығармашылдығын , көңіл-күйінің көтеріңкі болуын қамтамасыз етуіміз басты назарда болуы тиіс.
    Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда шы-ғармашылық сабақтарды өткізудің алатын маңызы ерекше.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

    2.Сағымбекова Г.«Ойыннан- оқуға». Бастауыш мектеп №3-2002ж.

    3.Төленова Ү. «Ойын- тәрбие құралы». Бастауыш мектеп №10- 2000ж.

    4.Жұмабаева Ә. Е. «Сауат ашу» оқыту әдістемесі.

    5.Жақыпова Г.Ш.» Математика: Мұғалімге арналған нұсқаулық»

    6.«Бастауыш сынып мұғалімеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық»

    7.«Бастауыш сыныпта оқыту: барлық пәндер бойынша» журналдары.


    Зайтуна Есмаганбетова
    Отправлено из Почты Mail.ru

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.