ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНЫҢ  ДӘСТҮРЛІ ХАЛЫҚТЫҚ  ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ

ӨМІРЖАНОВ СӘРСЕНБЕК ҚАУКЕНҰЛЫ
Бейнелеу өнері, сызу және еңбек пәндері мұғалімі
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Рудный қаласы білім
бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ

Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда ұлттық қолөнер дәстүрін меңгеруді, оны сақтап, кейінгі буынға жеткізуді, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды қамтамасыз ету.

Мақсаты: оқушылардың ұлттық таным негізінде білім алуына жол ашу, іскерлік дағдыларын дамыту, қолөнер ісіне баулу.
Міндеттері. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей кешенді міндеттер атқарылады:
° Оқушыларға «Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнері» курсының мақсат-міндеттерін толық түсіндіру;
° Қолданбалы өнер жайлы толық түсініктерін қалыптастыру.
° Қолөнердің түрлерімен таныстыру, қай іске бейім екендігін сабақ барысында айқындау;
° Оқушыларды өздерінің бейім ісіне қарай икемдеу, ісінің нәтижесін көрсете білуге дағдыландыру;
° Сұлулыққа, әсемдікке сүйсіне білуге үйрету, эстетикалық талғамдарын жетілдіру;
° Оқушылардың мәтіннің барлық түрін құрастырып жаза алуына мұрындық болу;
° Өздері қызығушылық танытқан қолөнер түрін жете зерттету, жобалай оқыту
технологиясы арқылы ізденіске, шығармашылыққа жетелеу.
° Бастаған істі аяқтауға үйрету, табандылық қасиеттерін бойларына сіңіре білу;

Оқушылар білуі керек:

  • оқуды;
  • жаза білуді;
  • сурет салуды;
  • берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауды;
  • ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды; 
  • техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды;
  • жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
  • құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
  • түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
  • бұйымды эскизін орындай білуі;
  • шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
  • технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;
    үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.

Оқушылар игеруі керек:

  • Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерінің түрлерін, қысқаша даму сипаты, бүгінгі күнгі қолданыс деңгейін;
  • Ұлттық қолданбалы өнер түрлерінің жасалу ретін;
  • сыныпта жасауға келетін қолданбалы өнер түрлерінің кейбірін жасай алуды;

Оқушының құзіреттілігіне тән талаптар:

  • Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнерін теориялық тұрғыда меңгере отырып, ой-өрістері кеңейеді, ұлттық танымда тәрбиеленеді, ата-баба қолөнерін меңгереді;
  • ою, қию, жапсыру т.б. әрекеттерге бейімделе бастайды.
  • қолөнер түрлерінің кейбірін өз қолынан жасап үйренеді;
  • қолөнер түрлерін жоба негізінде зерттеу нәтижесінде шығармашылық қабілеті артады. «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ»

«Қазақ халқының ұлттық қолданбалы өнері» атты тақырыптың аясы өте кең. Өйткені қолданбалы өнердің өзі сан саланы қамтиды, оның ішкі жанрлық түрлері мол.
Қазақ халқы ертеде көшпелі дәуірді бастан өткере отырып, өзіндік салт-дәстүрге, ұлттық қолөнерге аса бай халық болғаны мәлім. «Қол өнер – мол өнер» деп тегіннен-тегін айтылмаған.
Қолданбалы өнер тарихын зерттеушілер қолөнердің негізгі үш түрін бөліп көрсеткен:
Ағаштан жасалған бұйымдар;
Темірден жасалған бұйымдар;
Мал өнімдерінен жасалған бұйымдар.

Шикізаты ағаш, темір, малдың жүні мен терісі болған бұл қолөнер шеберлерінің өзін ұста, зергер, тігінші, тоқымашы, тері өңдеуші тәрізді, қазіргіше айтсақ, түрлі мамандық түрлеріне бөлген.
Күтілетін нәтиже:
Атадан балаға дәстүр болған қолданбалы өнер түрлерін теориялық әрі тәжірибелік тұрғыда меңгереді. Ұлттық болмысымызды айшықтайтын қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап көруге талпынады, өз істерінің нәтижесін бағалай біледі, өзгелерге үлгі болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолданбалы өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау қай кезеңде болсын өте маңызды мәселе болып саналады. Ел ертеңі болып саналатын оқушыларға қолданбалы өнерді таныту, тарату, насихаттау, сонымен қатар үйрету, меңгерту, оқушы бейімі болса, соны өмірлік кәсіп етуге дейін баулу ата-аналар мен ұстаздар мойнындағы жауапкершілігі аса зор іс екені анық.
Оқушыларға бұл курсты меңгерте отырып, олардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамыз, болашақ өмірге дайындаймыз.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеттерін, жеке бас қабілеттерін дамыту, өзгермелі өмірге тез бейімделуге қалыптастыру, жалпы құзыреттілігін дамыту болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, оқушыға жан-жақты теориялық білім бере отырып, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы басты факторлар білім мазмұны, оқытудағы әдіс-тәсілдер, мектептен тыс қосымша бағдарламалар, оқудағы жетістіктерін бағалау және диагностикалау, ата-аналардың балаларын оқыту мен тәрбиелеудегі белсенділіктері деп саналады.
Біз аталғандардың арасынан оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы оқытудың әдіс-тәсілдері атты факторды қарастырдық. Бұл мәселенің маңыздылығына тоқтала келіп, СТО (сыни тұрғыдан ойлау) әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың игерген теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге баулитындығымызды нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеттік. Оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жаттықтыру оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Тек дәстүрлі сабаққа ғана көңіл бөлмей, пікірталас, рөлдік ойындар, прессконференция, саяхат сабағы, аукцион сабақтар т.б.дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану да оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға жетелейді.
Біз курс арқылы оқушыларды өмірге бейім, қарқынды даму үстіндегі ортада өмір сүруге икемделген, ата-баба дәстүрін ұлықтайтын, салт-дәстүрді ұстанып, қолданбалы өнерді дамытуға үлес қосатын жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра аламыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше