Менің отбасым
Ақмола облысы Білім басқармасы
Шортанды ауданы білім бөлімі Дамса ауылы
“В. П. Кузьмин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Муратай Жаухар
| Пән: Дүниетану
Мектеп: Күні: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым Сынып:1 Мұғалімнің аты – жөні: |
|||
| Сабақ тақырыбы | Менің отбасым | ||
| Оқу мақсаты | 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтір | ||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: отбасы мүшелерін атайды,отбасы мүшелер арасындағы бір-біріне көрсететін қамқорлықты айтады
Көптеген оқушылар: отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіреді Кейбір оқушылар: отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықты көрсетудің қажеттілігін дәлелдейді |
||
| Бағалау критерийлері | -отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіреді;
-отбасы мүшелеріне көрсететін қамқорлық түрлеріне мысал келтіреді |
||
| Тілдік мақсаттар | Сабаққа қатысты терминдер мен сөз тіркестері: Үйіне, өз отбасына, өзінің қауымдастығына қатынасы бойынша өз ойлары мен сезімдерін, уақыт өте келе отбасы мен қоғамдық өмір қалай дамығанын сипаттайды және түсіндіреді
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: – туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны -отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас Талқыланатын мәселелер: – Қандай туыстық атауларды білесің? – Қамқорлық деген не? – Отбасына қалай қамқорлық көрсетесің? -Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасаудың маңызы бар ма? |
||
| Құндылықтарды дарыту | Отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсету, сыйластық, өзара түсіністік, туыстық құндылықтарды қалыптастыру | ||
| Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек:«Постер» қорғауда оқушылар үйдің суретін салып,жолға жақсы адами құндылықтарды көрсететін сөздерді жапсырады | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=_A3nhSzwJ4E оқушылар берілген жағдайға болжау жасайды |
||
| Бастапқы білім | Отбасы мүшелерінің атауларын айта алады | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы | 1.Шаттық шеңберге тұру
(М) Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! -Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Біздің шеңберіміз неге ұқсайды? -Шаңырақ деп нені айтады? – Бір -бірден уығын алып,бір-бірімізге жақсы тілек айтып, шаңырақ құрайық .Міне,біз бір шаңырақтың астында бір отбасы болдық. -Қандай тілек айтамыз? – Отбасымыздың шаңырағы биік болсын! -Енді осы лентаның түстері арқылы топқа бөлінейік: 1топ-ақ 2топ-сары 3топ-көк 2.Ширату жаттығу. (Ж) Тапсырма:Суреттерге мұқият қара. Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгіле. (құстұмсық) (О)-Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің? Жұпта талқылау. Дескриптор: – отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді көрсетеді; – қамқорлық жасау туралы ой қорытады. қ -«Сол қол,оң қол» (әртүрлі қимылды қолданады:келісемін-оң қол,келіспеймін-сол қол) (М)-Балалар,қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақта не туралы айтамыз және сабағымыздың мақсаты қандай болады? (Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады) |
Ақ,сары,көк ленталар |
|
| Сабақтың ортасы
Сергіту сәті |
3.(Ұ) Stop-кадр тәсілі
(М)-Сендер бұл жағдайда не істер едіңдер? Оқушылар берілген жағдайларға болжау жасайды және отбасы жайлы қорытынды шығарады қ -«Сөздік бағалау» (Оқушылардың қажеттілігіне беріледі) (М)«Бұрыштар ойыны» Оң жақ бұрышқа – анасына кім ұқсайды?
5.(Т) «Рөлдік ойын» Тапсырма: Кімнің, кімге және қалай көмектесіп жатқаны көрсет. Өз отбасыңда бір-біріңе қалай көмектесесің? Дескриптор: – кімнің не істейтінін ойластырады; – өзара рөлдерді бөліседі; -дайын рөлдерді ойнайды; қ -«Бас бармақ» 6.(Т) «Постер қорғау» «Ойлан-Жұптас-Бөліс»талдау тәсілі Тапсырма: «Армандағы үйді» салу Отбасы бақытты болу үшін қандай құндылықтар болу керек. -осы сөздердің ішінен ең маңыздысын тауып,үйге апаратын жолға жабыстыр. -өз жауаптарыңды дәлелде қ – «Үш шапалақ» |
Бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=_A3nhSzwJ4E «Армандағы үй» желім,15 сөз жазылған карточка махаббат, қайырымдылық, тәккәпар,сұлулық, мақтаншақтық,ақыл- дылық, пайдалық,ақымақтық, мейірімділік,ашуланшақтық,достық, нәзіктік, өшпенділік, дөрекілік,тыныштық |
|
| Сабақтың соңы | «Бес саусақ» тәсілі:
-Бүгінгі сабақта не білдің? -Не үйрендің? -Отбасы мүшелеріне қандай қамқорлық көрсетесің? – Қамқорлық деген не? -Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасаудың маңызы бар ма? кері байланыс Рефлексия:жүрекшелерге өз отбасына тілек жазып,мына «Армандағы үйге» жабыстыр |
||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап
отырсыз? Тапсырмаларды оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып, саралауды жоспарлап отырмын. Барлық оқушылар: Қимылды “Бұрыштар” ойын арқылы отбасы мүшелерін атайды.”Шира- ту жаттығулар”, “Stop-кадр”тәсілдер арқылы отбасы мүшелер арасындағы бір-біріне көрсететін қамқорлықты айтады. Тиімді кері байланыс беру арқылы оқу мақсатына қол жеткізу үшін оқушыларды алға жетелеймін Көптеген оқушылар: Топтық жұмыс нәтиже- сінде ”Рөлдік ойын”тәсілі арқылы көптеген оқушы-лар отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқор-лықтың маңызын түсінді-реді.Оқушылар орындай-тын істер:ережелер,қамқор-лық және қаншалықты маңызға ие екендігіне көз жетеді. Кейбір оқушылар: «Постер қорғау» Жоғары деңгейдегі оқушыларды ойлануға, терең білім алуға ынталан-дыру мақсатында әр бір отбасы мүшелері үшін отбасылық өмірдегі сый-ластық,сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз
Өзара бағалау,өзіндік бағалау,мұғалімнің комментарийлері арқылы бағалау-«Оң қол,сол қол», «Бас бармақ», «Үш шапалақ» «Сөздік бағалау» (оқушылардың қажеттілігіне беріледі) кері байланыс «Бес саусақ» |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті және белсенді іс-әрекет түрлері кезінде денсаулық сақтау элементтерін қолдану,қауіпсіздік шараларын ескеру. |
|
| Сабақ бойынша рефлексия | |||
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ) ? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||
