Жаңа сабақтар

Шаттыққа толы көңіл-күй

 Өтетін күні, уақыты: 03.12.2021ж сағ: 11:00

Тақырыбы: Шаттыққа толы көңіл-күй                                                                        

Жауаптылар: Дәрібаева Ж. Құрманғалиева А.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті әріптестер мен балалар! Бүгін 3 желтоқсан – Халықаралық  мүгедектер күні. Бұл күн Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мереке  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтауға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аударуға негізделген. Олай болса, балалар бүгінгі «Шаттыққа толы көңіл-күй» атты спорттық ойын сендерге арналады! 

Жүргізуші:   «Балдаурен» кемесімен саяхатқа шығайық,
                        Таңғажайып әлемнің қызығына қанайық
                        Кіршіксіз таза, аппақ мөлдір дәуренге
                        Әсем әнмен, әсем бимен барайық!

  1. Суйеркулова Ақмарал орындауында «Бақытты біздер  баламыз» әні

Жүргізуші: Балалар ойынымызды бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.(Шеңберге тұрамыз)

Жүргізуші: Келесі кезекте тәрбиеленуші балалардан құралған әділқазы алқаларымен таныс болайық.

  1. Мамаева Аружан 2 топ тәрбиеленушісі
  2. Кеңес Темірлан 1 топ тәрбиелеушісі
  3. Әубәкір Айдана 2 топ тәрбиеленушісі
  4. Байбулатов Дәулет 4 топ тәрбиелеушісі

Жүргізуші: Балалар мен сендерді алғашқы кезеңнің ойын шартымен таныстырып өтейін:

  1. Ыстық ұя (кубиктардан ұяшықты жылдамдықпен құрау кім бірінші құрап болған команда жеңіске жетеді)

Жүргізуші:  Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды алдыларыңызда тұрған смайликпен беріп өтсеңіздер.

Жүргізуші:     Сусынымыз қанады, 
                        Өнер, білім, нәрімен. 
                        Әлемдегі баланың, 
                        Дос боламыз бәрімен. 

          Балалардың орындауында флешмоб.

Жүргізуші: Ойынымыздың екінші айнылымы

  • Кім мықты?! (екі команда арқан тартысады және қай команда өзіне қарай тартады сол жеңіске жетеді)

Жүргізуші: Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды берсеңіздер.

Жүргізуші:   Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап, 
                        Самға биік, жалын атып жүр алда. 
                        Жігерің мен сеніміңді оттық қып, 
                        Жас қырандай қанат қағып қиянға. 
                     

  • Байбулатов Дәулеттің орындауында «Тамаша» әні

               Жүргізуші: Ойынның үшінші кезеңі

  • Баскетбол  (Допты ұяшыққа дәлдеп лақтыру, қай команда көп доп салады сол жеңіске жетеді)

                 Жүргізуші: Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды бере кетсеңіздер.

                 Жүргізуші:     Бейбіт елдің ұланы,

                                          Оттай лаулап жанамыз

                                          Бұл бақыттың ұраны

                                          Біз бақытты баламыз

  • Суйеркулова Ақмаралдың орындауында ән

Жүргізуші: Келесі кезеңі

  • Белбеу (екі команда дан бір баладан белдеріне белдік байлап арқамен қарама-қарсы тұрып, алдыға қарай итеріліп, талпыну)

Жүргізуші: Әділқазы алқалары смайликтеріңізді көрсетсеңіздер.

Жүргізуші:   Қайырымды бола білу үлкен іс, 
                      Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп. 
                      Жақсылықты жаса қолдан келсе егер, 
                       Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.  

4. Байбулатов Дәулеттің орындауында ән

Жүргізуші: Бесінші бөлім

  • Асық ату (домалақ шарларды тізіп қойып, шармен ату)

Жүргізуші: Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды көрсете өтсеңіздер.

Жүргізуші: Ойынымыздың соңғы айналымы

  • Қол күрес (екі  командадан бір баладан шығып қол күрестіреді)

Жүргізуші: Әділқазы алқалары өз бағаларыңызды беріп өтсеңіздер.

Олай болса, әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарғанша керемет ән болсын.

5.ән

Жүргізуші: Марапаттау рәсіміне кезек берейік.

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!! 
              Өзін ғана ойлаған, 
              Жамандықтың белгісі. 
              Өзгені де ойлаған, 
              Адамдықтың белгісі. 
Жүргізуші: Осымен спорттық эстафетамызға қатысып, тамашалағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.