«Тәуелсіздік- тұмарым, Мәңгілік ел-тұрағым»
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ тәрбиешісі Ахметова Ақтолқын
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер және балалар! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!


Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік- тұмарым, Мәңгілік ел-тұрағым» атты мерекелік жиынымызды ашық деп жариялаймыз! (Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Қуан жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың – дағы.
- «Мәңгі ел үшін» хор
Жүргізуші: Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік. Дей келе құттықтау сөз мекеменің директоры Қожамқұлова Индира Ермекбаевнаға беріледі.
Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
- Дәрібаева Жақсыгүл мен Ибрай Азаттың орындауында «Қазақ елі» әні
Жүргізуші: Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім – флешмоб
- «Жаса Қазақстан»
Жүргізуші: Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
- Байбулатов Дәулеттің орындауында әсем ән
Жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
- Мамандардың орындауында ұйғыр биі
Жүргізуші: Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
- Хор «Атамекен»
Жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- тұмарым, Мәңгілік ел-тұрағым» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
