Елбасы – ел тірегі
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ тәрбиешісі: Кумушбекова Гүлнәз
Өтілетін күні, уақыты: 30.11.2021жыл сағат 11:00


Тақырыбы : Елбасы – ел тірегі
Жауаптылар: Кумушбекова Г. Құрманғалиева А.
Мақсаты: Жас ұрпаққа ел басының сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.Тәуелсіз елін шексіз сүюге баулу. Балалардың бойында ұлт-тық рухты патриоттық сезімдерін ұялату. Қазақстан мемлекетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.
(Фанфар)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, әріптестер және балалар!
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!
( Әнұран ойналады )
Жүргізуші:
1991 жылы 1-желтоқсанында жалпы халықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президент болып сайланды.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса — болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
- Ибрай Азаттың орындауында әсем ән
- Тақпақтар
Дәулет: Елі үшін олжа салып қиырдан,
Бұқпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
Назлы: Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреді байрағы
Осы күнге жеткізген Елбасымның,
Тілеймін әрқашан да амандығын.
Темірлан: Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр атадай Елбасы бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
Жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен – дей келе Қызғалдақ тобының орындауында торсық биін тамашалаймыз.
- Торсық биі
Жүргізуші: Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
- Суйеркулова Ақмаралдың орындауында «Ақ тілек» атты әсем ән
Жүргізуші: Күн болып жанайық,
Мөлдір су болып ағайық.
Гүл болып ашылайық,
Терең,терең тыныс алып
Біз демалып алайық
(сергіту сәт)
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап беріңдер келістік пе?
- Елбасы қай жылы президент болып сайланды?
- Біздің астанамыз қай қала?
- Балалар біздің ұлтымыз кім?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Біз қай Республикада тұрамыз?
Жүргізуші: Бақытты боп жүргенім ,сенің арқаң туған жер,
Сенен бақыт тарайды,баршамызға туған жер.
Сарқылмайтын қуатым ,тірегімсің туған жер
Мәңгі соғып тұратын ,жүрегімсің,туған жер.
- Байбулатов Дәулеттың орындауында «Нұр аға» әні
- Хор «Қазақстаным»
Жүргізуші: Елбасының биік болмысын ,көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ – біздер жақсы білуіміз керек. Осымен тұңғыш президент күніне арналған мерекелік концертіміз аяқталды.
