Аккумулятор батареяларына (АБ) техникалық қызме т көрсету
«Ақжайық аграрлық техникалық колледжі» МКҚК
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы
өндірістік оқыту шебері: Жумагалиев А.К.
КМ01. Ауыл шаруашылық машиналарды жөндеу және оларға қызмет көрсету электромеханикалық жабдықтарын дайындау.( Өндірістік сабақ)
Сабақтың тақырыбы:
«Аккумулятор батареяларына (АБ) техникалық қызмет көрсету»
Сабақтың түрі: дәстүрлі практикалық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, істеп көрсету, сұрақ- жауап
Пәнаралық байланыс: электротехника, материалтану, техникалық сызу
Сабақта қолданған құрал-жабдықтар: компьютер, проектор.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, технологиялық карталар.
- Өндірістік құрал-жабдықтар: аккумулятор батареясы;
- -электролит, тазартылған су;
- -тығыздық өлшегіш;
- -резина қолғап, халат, көзілдірік
Сабақтың өткізілетін орны: тракторлар мен автомобильдерге техникалық қызмет көрсету шеберханасы
Оқу құралдарын, аспаптарын тексеру
Кіріспе нұсқау
- 1.Электролит деп нені айтады?
- 2.Электр тізбегі деген не?
- 3.Электр қоректендіру көзіне қандай бұйымдар жатады?
- 4.Электр тұтынушыларға не жатады?
- АБ корпусында өндіруші зауыт,жасалған уақыты ж/е АБ маркасы белгіленеді,
- мысалы:
- 6 Т СТ – 75 Т МС Н.
- Бұл сандар мен әріптер келесіні білдіреді:
- 6 немесе 3 сандары – батареядағы аккумуляторлар саны,яғни АБ-ның номиналды кернеуі (12В немесе 6В)
- СТ – стартерлік типті
- 75 – АБ сыйымдылығы, А. сағ
- Т – бак материалы, Т – термопласт,
- Э – эбонит,
- П – асфальтті пластмасса,
- МС – сепаратор материалы, МС –шыныталшықты мипласт,
- РС – шыныталшықты мипор,
- Р – мипор,
- М – мипласт,
- С – шыныталшық,
- Н – батареяның зарядталу түрі, Н – құрғақ зарядталмаған,
- З – құрғақ зарядталған
- Құрғақ зарядталған АБ-ны сақтау жеңіл,оны зарядтап отыру қажет емес, бірақ мах сақтау мерзімі 3 жылдан аспау керек.
АБ маркасын,тығыздық кестесін жасалу жолдарын схема арқылы шешу
Ағымды нұсқау
Аккумулятор батареяларына (АБ) техникалық қызмет көрсету
- Аккумулятор батареясын (АБ) трактордан ажырату үшін:«масса» ажыратқышын айырып, + және – клеммаларынан ағытып аламыз.
- Аккумулятор батареясын сақтық шараларын сақтай отырып,шаң-тозаңнан тазалаймыз.
- Аккумуляторлардың қақпақтарын ашып, элетролиттің деңгейін әйнек түтікшемен тексереміз, сеткіден 10-15 мм жоғары болуы тиіс тексереміз
- Электролиттің тығыздығын өлшеу Толық қуатталған батареялардың тығыздығы 1,28±0,01 г/см ³. 50 % қуаты азайған батареялардың тығыздығы 1,20±0,01 г/см ³. Ал, қуаты толық таусылған батареялардағы электролиттің тығыздығы 1,10±0,01 г/см ³.
- Егер, барлық аккмуляторларда тығыздықтың мөлшері бірдей болса, онда батареялардың толық қутталғанын және ішкі тұйықталудың жоқ екенін көрсетеді.Ішкі тұйықталу бар болса, басқа бөліктеріне қарағанда ақауы бар аккмулятордың электролитінің тығыздығы анағұрлым аз болады( 0,10-0,15 г/см ³).
- Әр түрлі сұйықтықтың тығыздығын өлшейтін ауыстырылатын денсиметрі бар ареометрмен, мысалы, антифриздің тығыздығы 1,0 лен 1,1 г/см ³ немесе электролиттің тығыздығы 1,1 ден 1,3 г/см³.
- Әмбебап ареометр.Өлшеу кезінде қалтқы шыны ыдыстың қабырғасына тимеу керек.Бір уақытта электролиттің температурасын өлшеу керек.Өлшеу нәтижесі +25 ̊ С болу керек.Ол үшін денсиметрдің көрсеткішін қосу немесе шегеру қажет.
«Аккумулятор батареяларына (АБ) техникалық қызмет көрсету»

Қорытынды нұсқау
- Сабақты бағалау арқылы қорытындылау.
- (оқушылар арасында және шебердің бағасы)
- Жақсы жұмыстарға тоқталып, мадақтап көрсету.
- Оқушылардың жұмыстарын бағалау, сараптама жасау.
- Техниканы және құрал-жабдықтарды қабылдап алу.
- Жұмыс орындарын жинау, тазалау.
- Орындалған тапсырманы презентация арқылы
толықтыру.
Бекіту сұрақтары
- 4. Сабақты бекіту мен пысықтау үшін сұрақтар мен тапсырмалар:________минут
- Тапсырмадағы сөйлемдерді берілген сөз тіркестерінің біреуімен аяқтау керек.
1.Электролит жасау үшін … құяды.
- суды қышқылға
- қышқылды суға
- бәрібір
2.Ауа температурасы төмен болғанда электролит тығыздығы … болу керек.
- төмен
- жоғары
- орташа
3.Теріс пластиналар саны оң пластиналардан …
- біреуі кем
- біреуі артық
- тең
4.АБ зарядтау үшін … тоқ қолданады.
- әлсіз
- тұрақты
- айнымалы
5.Электролит тығыздығын … өлшейді.
- амперметр
- ареометр
- омметр
Үйге тапсырма.
«Аккумулятор батареялары (АБ)» құрылысын қайталап келу.
Пайдаланылған әдебиет
- 1.Шпаков Л.И. Электрооборудование тракторов,комбайнов и автомобилей. М.,Высшая школа,1978
- 2.Ждановская Г.В. Электрооборудование технологических установок отрасли.Астана,Арман-ПВ,2008
- 3.Жүнісбеков П. Автомобильдің құрылысы ж/е пайдаланылуы. Астана, Фолиант,2011
