Жаңа сабақтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

ШҚО Семей қаласы ТОО «Бақыт»шағын орталығы

Смагулова Назым Мұратовна тәрбиеші

Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ,ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Жәнеде халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет – жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»деп ұстаздарға жаңа міндет қойған болатын.Сондықтанда әр педагог өзінің білімін жетілдіріп, іздену қажет.

Дарынды,білімді,тәрбиелі тұлға қалыптастыруда біздің бөбекжайымыз білім берудің әдіс-тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгертудеміз.Шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған Триз технологиясы.

Ойын технологиялары:дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық. Моторикасы мен сенсорикасын дамытатын М.Монтессори әдістемесінің элементтерін қолданудамыз.Арнайы бұрыш жасақтап балалардың қызығушылығын арттырудамыз.Балалармен жұмыс жасау — үлкен бақыт.Еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді.Осы сенімнің болуы-ұстаздың бақыты яғни менің бақытым.Мен балабақшада жетінші жыл қызмет етудемін.Балаға тәрбиені өзінің шамасына,жаратылысына қарай беру керек. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалды айта келе,бөбекжайымыздың барша педагогтары бала санасына ұлттық салт дәстүрді дәріптеуде.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор.Педагог кәсіби шеберлікке жету,өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет.Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп ,өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай,кәсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нәтижеге жететінін анық айтамын .Менің алдыма қойған мақсатым ;Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру.Менің мақсатым орындалып ,нәтижеге қол жеткізіп жүрмін. Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.Педагогтар ,тәрбиешілер технологияларды оқып үйрену,меңгеру кезеңінде арнайы курстарға барып кәсіптік біліктіліктерін арттыруда.

Педагогтармен жұмыс жасау барысында көптеген іс-шаралар өткізіліп , жақсы деңгейде бағаланып отырды.Педагогтар арасында байқаулар өткізіліп,бөбекжайымыздың алдыңғы қатарлы тәрбиешілерінен ,жас мамандар тәжірбие алды.Жәнеде ашық оқу қызметтері өткізіліп отырды.Дарынды балалармен жұмыс жүргізілді.Мерекелерге әртүрлі іс-шаралар өткізіп,өнерлі бүлдіршіндерді ауданға,облысқа «Жауқазын»балалар өнер фестивалінің аудандық кезеңіне қатыстырылып байқауға апарып жүлдемен келді.Балалардың шығармашылық жұмыстарын қолөнер шебері байқауларына қатыстырып жақсы жүлделермен оралды.Ханталапай ойынын ойнап «Үздік қойылым» бөлімі бойынша мадақтаулар алып бөбекжайымыздың мерейі үстем болды.Сонымен қатар тәрбиеленушілерімізде аудандық байқауларға қатыстырылып «Әнші балапан», «Астанам бас қалам» , «Ән шырқайық бәріміз» атты байқауларда жүлдемен оралып жатыр.Әрине бұл дегеніміз бөбекжайымыздың жетістікткрі.Біз қуаныштымыз. «Бала тәрбиесі бір өнер,өнер болғанда ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»

Бөбекжайымыздың психологы балалармен жүмыс жүргізіп тренингтер өткізіп отырды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп , бөбекжайымызда орсы тілі пән жетекшісі өз жүмысын жақсы атқаруда.

Педагогикалық еңбек –нағыз шығармашылық еңбек.Педагоггикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.