Жаңа сабақтар

Геометриялық пішіндер

Нуржанова Райхан Кумаровна

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылы

«Әсем» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным

Кіріктірілген оқу қызметі: «Тіл дамыту», «математика», «Құрастыру»

Бөлімі: Сенсорика

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді әртүрлі көлемі бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету. Балаларды сөйлей білуге,ойын арқылы білімдерін жетілдіру. Түріне, түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру. Өз бетінше жұмыс жасай білуге машықтандыру.

Қолданған құралдар: әр түрлі ойыншықтар, түрлі түсті шариктер. Машиналар т.б

Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойындар ойнату, көрсету, өлең шумақтарын қайталату.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар бүгін бізде ерекше күн, себебі біздерге қонаққа апайлар келіп отыр.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен,де

Қуанасың сен,де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
Іздену ұйымдастырушы Кіріспе

Балалар бізге қоян қонаққа келу керек еді, жолда келе жатып адасып кеткен сияқты, кәне бәріміз біріміздің артымызға тұрып пойыз болып орманға қоянға барайық. Кәне бәріміз өлеңді қайталайық.

Артқа, жанға қарайық,

Қоянды іздеп табайық.

Ұстап алып қоянды,

Бақшаға алып барайық.

Қоянды алып орманнан бақшаға қайту,

Қоян бақшаға келе жатып адасып қалыппын. Мен сендерге көптеген ойындар алып келдім. Менімен ойын ойнағыларың келеме?

Олай болса көңілді ойын ойнайық.

1-ші ойыным «Түсіне қарап ажырат»

Домалақ шариктерді түстеріне қарай ажыратып ыдыстарға салу. Түстерін пішінін сұрау.

2-ші ойыным «Пішіндерді өз ұяшығына орналастыр»

3-ші ойыным « Салыстыр» Түрлі ойыншықтардың көлемін, пішінін, түсін сұрау.

Балалар допты алақан арасына салу арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

Сергіту.

Добым,добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тарелкені сындырдың.

4-ші ойын «Үй құрастыру» дайындалған үй бөлшектерінен үй құрастырады. Түстеріне және геометриялық пішіндерін атайды.

Қоян.Балалар сендер өте ақылды ,әрі тапқыр балалар екенсіңдер.Өте жақсы ойын ойнадыңдар.Менің сендерге әкелген сыйым бар. Мен енді орманға қайтайын, сау болыңдар.

Балалар пойыз болып тұрып орманға барады.

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.Орманнан қоянды тауып бақшаға алып келеді.

Ия

Түрлі түсті шариктерді алып түстеріне қарай ыдыстарға салады. Түсіне қарай топтастырады.

Пішіндерді өз ұяшығына қарай орналастырады.

Балалар қолдарымен ойыншықтарды ұстап, көлемін түсін анықтайды.Оларды қарап бір-бірімен салыстырады.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын қайталап қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.

Балалар қоянға риза ,жердегі сәбізді қоянның себетіне салып береді.

Рефлексивтік коррекциялаушы Тәрбиеші балалардан бүгінгі сабақтан алған әсерлерін,көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрайды. Бүгін біздер ойын ойнау арқылы пішіндерді танып білдік. Пішіндердің түрін, түсін, көлемін ажыратып айта білуді үйрендік. Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінен алған әсерлерін тәрбиешімен бөліседі

Күтілетін нәтижелер:

Білді: Геометриялық пішіндерді, түстеріне қарай ажырата білуді.

Игерді: пішіндер туралы түсініктерді.

Меңгерді: Көлемін, түрін, пішінін, салыстырып ,топтастырып ажырата білуді меңгерді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.