Жаңа сабақтар

Ана-бақыт, ана-жыр

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

САДЫКОВА АНАРГУЛ МУКТАРОВНА

БҚО, Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы № 10 ЖОББМ

Сынып жетекшісі

Мектеп А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ
Куратор: Садыкова А
Мерзімі:
Қатысушылар: 7- сынып
Тақырыбы: Ана-бақыт, ана-жыр
Мақсаты : Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту
Күтілетін нәтиже: Баланың анаға деген сйіспеншілігі артады.

Ана еңбегін бағалай алады. Сый-құрмет таныта алады.

Өткізілу формасы: Тәрбие сағаты
Пәнералық байланыс: Әдебиет, өзін өзі тану
Қолданылатын көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар

Тәрбие сағатының өтілу барысы

Жоспары кезеңдері Орындалатын іс- әрекеттер Ресурстар
І

Кіріспе

Атауы: «Ана» сөзін топтастыру

Мақсаты: Оқушыларға ана сөзінің мағынасын ұғындыру

Куратордың іс- әркеті:

а) Тапсырма мақсатын түсіндіру

Оқушының іс- әрекеті

ә) Тапсырма мақсатын біледі.

Қосымша 1
ІІ

Негізгі бөлім

Атауы: «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» нақыл сөзер

Мақсаты: ауызша, ойша талқылап, нақыл сөздер мәнін ашу

Куратордың іс- әрекеті:

а)Берілген тапсырманың орындалу барысын түсіндіру.

Оқушының іс- әрекеті:

а) Тапсырманы тез орындайды.

Атауы: «Менің анам» өлеңді жалғастыр

Мақсаты: ұсынылған өлең жолдарын әрі қарай өздері жалғастыруға үйрету

Куратордың іс- әрекеті:

а)Берілген тапсырманың орындалу барысын,мақсатын түсіндіру.

Оқушының іс- әрекеті:

а) Тапсырманы мақсатын біледі, біріге орындайды.

Атауы: «Аналар-аяулылар, қыздар -қызғалдақтар» ұлдардың мерекелік құттықтауы

Мақсаты: Тақырып аясында ұсылған тапсырманы орындай отырып, сөйлеу әдебін қалыптастыру

Куратордың іс- әрекеті:

а) Тапсырманын орындалуын түсіндіру.

Оқушының іс- әрекеті:

а) Тапсырманы бірге, біріге орындайды.

ІІІ

Кері байланыс

Рефлесия

Атауы: «Ақ тілек»

Мақсаты: тілектерін жолдай отырып, анаға деген құрмет қалыптастыру

Куратордың іс- әрекеті:

а)Сабақты қорытындылау,мадақтау.

ә) Оқушыларды бір- біріне тілек айтуға шақыру.

Оқушының іс- әрекеті:

а) Өз ойларымен бөліседі.

ә) Бір- біріне тілектерін айтады.

Жалпы бағалау:

Тәрбие сағатыныңқандай аспектілері жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болдыма, ойланыңыз

1.

2.

Тәрбие сағаттты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1.

2.

Тәрбие сағат барысында сынып оқушылары туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым.

1.

Қосымша 1

Ана

Қосымша 2

Шарты: нақыл сөздермен танысу

«Ана дегеніміз — Әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол – тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.» Расул Ғамзатов

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

К. Д. Ушинский: «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».

В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя».

Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Қосымша 3

«Менің анам» өлең жолдарын жалғастыру

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.