Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Сикимбаева Гульнар Ахметовна
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Тарау: | Таным қуанышы | |
Педагогтің аты-жөні | Сикимбаева Гульнар Ахметовна | |
Күні: | ||
Сынып: | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: |
Сабақтың тақырыбы №3 | Менің талпыныстарым | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары |
Өздігінен білім алуға және шығармашылыққа қызығушылық танытады, өзін-өзі көрсете білуге ұмтылады. | |
Құндылық: | Дұрыс әрекет | |
Қасиеттер: | Мақсаткерлік, ізденімпаздық, жігерлілік. | |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға жақсылыққа талпынудың маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. | |
Сабақтың міндеттері:
|
— «талпыныс» ұғымы туралы түсінік беру.
— алға қойған мақсатына жетуге талпынудың жолдарын үйрету. — мақсаткерлікке, ізденімпаздыққа, жігерлілікке тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Мұғалім «Орманға ойша саяхат» жаттығуын өткізеді. |
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді, |
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
Ф.Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы |
2. Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)
(3-5 мин) |
«Ағаштағы ұлу» аңыз әңгімесін айтып береді.
Аңызды талдау барысында мұғалім мазмұндық желісі бойынша сұрақтар қойып, балалардың жауаптарын тыңдап алады. Талдау кезінде оқушылардың адам үшін алдына мақсат қоюы тиіс, мақсатқа жету үшін қандай қасиеттерді ашу қажет, мақсатқа жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау керектігін ұғатын болады. Сұрақтар арқылы әр баланың ізденімпаздық, жігерлік, мақсаткерлік қасиеттері арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашады. Сонымен қатар өздігінен ізденудің адам өміріне маңыздылығын баса айтады. Сұрақтар: -Ағашқа өрмелеген ұлудың көздегені не деп ойлайсыңдар? -Мақсатқа қол жеткізу оңай ма? Неліктен? -Мақсатшыл адамның бойында қандай қасиеттер болады? -Өзің алдыңа қандай мақсат қойдың? |
Оқушылар сұрақты терең ашу арқылы ұлудың бойындағы талпыныстың, ұмтылыстың күші мақсатқа жетуге деген құлшынысты, жігерлікті үлгі етеді. Ешбір қиыншылыққа, кедергіге қарамастан, тек алға ұмтылу, биікке талпыну, көздеген мақсатқа қол жеткізу нағыз ерліктің, қайсарлықтың, жігерліктің, мақсаткерліктің үлгісі екендігін түсінеді. | Оқулық, 13 бет. №3 сабақ,
Оқулық, презентация, оқушы дәптері. |
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу) (3-4 мин) | Ізденген жетер мұратқа.
Халық нақылы Мұғалім дәйексөзді есте сақтап, мағынасын ашу үшін бірнеше рет қайлалап айтуды ұсынады. Талдау сұрақтары: 1. Өз мақсатына жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың? • Ізденімпаз қасиеттің маңызы неде? • Өз бойыңдағы ізденімпаздық, жігерлік, қайсарлық қасиеттерді байқайсың ба? Айтып бер. Дәйексөзді дәптерге жазуды тапсырады. |
Оқушылар халық нақылының мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады. | Презентация,
оқушы дәптері |
(4-8 мин) |
Мұғалім «Табанды бала» аңыз әңгімесін айтып береді.
Табанды бала Аңыз әңгіме Ерте заманда Әлім деген бала өмір сүріпті. Оның әкесі қайтыс болып, жалғыз анасымен қалады. Олар кедей отбасынан еді. Күн артынан күн өте береді. Баланың мектепке барып, оқитын уақыты келеді. Бірақ оны мектепке апаруға еш мүмкіндік болмайды. Алайда Әлім «Мен оқуым керек» деп арланады. Кішкентай Әлімнің көршілері өте бай адамдар еді. Әлім көршісіне келіп: «Сіз үйіңізге қызметші іздеп жүр екенсіз, мені алыңызшы! Еңбегіме көп ақы сұрамаймын, тек қана анда-санда сіздің ұлдарыңыз қалай оқып жатқанын көрсем, жеткілікті», – дейді. Бай тегін жұмысшы тапқанына қуанып, келісе кетеді. Бала байдың үйінде таң атқаннан кеш батқанға дейін бел жазбай жұмыс істейді. Бірақ Әлім мұғалімге көрінбей, оның айтқандарын тығылып тұрып тыңдап алатын еді. Сөйтіп, Әлім оқу мен жазуды үйреніп алады. Бір жылдан кейін өз бетінше сөздерді ажырата алатын болды. Бірақ қайда, немен жазарын білмей, басы қатады. Әлім өзінің анасымен теңіз жағасындағы кішкентай үйде тұратын еді. Теңіз толқыны құм бетін шайып, тегістеп кететін. Әлім қолына таяқ алып, теңіз жағасына келіп, құм бетіне әріптерді жаза бастады. Теңіз толқыны шайып, жазғандарын өшіріп кетеді. Әлім ерінбей қайта жазудан жалықпайды. Енді оған оқитын кітап керек болды. Бір күні байға келіп: «Сіз маған өз кітаптарыңызды оқуға рұқсат етсеңіз, мен тағы да бір жыл ақысыз жұмыс істеуге келісер едім», – дейді. Бай мұндай тегін жұмысшыдан айырылғысы келмей, келісе кетеді. Әлімге ертеден қара кешке дейін жұмыс істеп, түнде оқуға тура келді. Одан бері көп жылдар өтті. Әлім өз мақсатына жетіп, үлкен ғалым болыпты. Адамдар кішкентай Әлімнің табандылығын әлі күнге дейін еске алып отырады екен. Сұрақтар арқылы әр баланың ізденімпаздық, жігерлік, мақсаткерлік қасиеттері арқылы ақиқат құндылығын ашады. Сонымен қатар, мақсатына жету үшін талпынысының маңыздылығын баса айтады. Талдау сұрақтары: • Әлімнің өз мақсатына жетуіне не себеп болды? • Табанды болудың маңызы неде? • Табандылық қандай іс-әрекеттер арқылы көрініс табады? • Өз бойыңнан қайсарлық, жігерлікті көре аласың ба? Айтып бер. |
Оқушылар өсиет әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, бала бойындағы талпыныстың, ұмтылыстың күші мақсатқа жетуге деген құлшынысты, жігерлікті үлгі етеді. | «Табанды бала»
аңыз әңгімесі |
(12-15 мин) |
«Менің қолымнан келеді… » тақырыбында эссе жазуды тапсырады. Эссе жазу кезінде мынадай мәселелерді ескеру ұсынылады:
-басты мақсатың, -өз талпыныстарыңның тізбесі, -өз бойындағы жақсы қасиеттер, -қол жеткізген жетістіктерің, -өзіңе қоятын талаптар. |
Оқушылар тапсырманы орындап, жазған эсселерін сынып алдында оқып, жария етеді. | Оқушы дәптері, оқулық. |
Жобалау қызметі | — | — | — |
(1-2 мин) |
Василий Сухомилинскийдің «Өмірдегі басты нәрсе не?» деп аталатын әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беріп көр.
Оқушы дәптеріндегі №5 тапсырманы орындау ұсынылады. |
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Тапсырма бойынша білгісі келген сұрақтарын қояды. |
Оқулық. 15-бет. №4 сабақ. |
7. Топпен ән айту
(2-3 мин) |
Мұғалім оқушыларға «Бала тілегі» атты рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып, тәлім-тәрбие беретін
Сөзі С.Молдасанұлынікі. Әні Ф.Лұқпанованың әнін топпен айтуды ұсынады. |
Оқушылар мұғаліммен үнтаспаға ілесіп, бірге ән шырқайды. | Экраннан өлеңнің мәтіні көрсетіледі.
Әуені үнтаспадан қойылады. |
8.Сабақтың қорытынды сәті
(1 мин) |
Мұғалім оқушылардың көздерін жұмып, терең тыныс алуын сұрайды. Сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту үшін үнемі алға ұмтылу, талпыныс жасау қажет екенін айтады. | Оқушылар рефлексия жасайды. | Баяу композиция қойылады. |