Жаңа сабақтар

Тақырыбы: «Тотықұс»

ШАУМЕНОВА МИЗАМГУЛ МАХМУДАЕВНА

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті

«Райхан» бөбекжай-бақшасы. ІІ санатты тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Сурет салу»

Тақырыбы:«Тотықұс» ( ұжымдық жұмыс )

Смарт мақсат: Тотықұспен таныстыру және ол туралы түсініктер беру; олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

Міндеттері:

Білімділік: Қылқаламмен суретті әдемі бояуға үйрету.

Дамытушылық: түстерді ажырата алуды, тапсырманы мұқият орындауды үйретуді жалғастыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.

Ресурс: Тотықұс бейнеленген ақ бет, түрлі-түсті бояулар, гуаштар, қылқалам,су құйылған ыдыс, сүлгі.

Әдіс- тәсілдер: Эксклюзивті, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, көрсету.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы сұрақтар қояды:

-Қазір жылдың қай мезгілі? Иә.

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Қыста күн суық,аяз болады, жердің бәріне аппақ қар жауады, адамдар жылы киінеді.

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Аудио дыбыс

-Балалар бұл ненің дауысы? Өзі сондай түрлі-түсті, өзі әдемі, біздің айтқанымызды қайталай білетін жалғыз құс, бұл қандай құс болды екен балалар? Дұрыс айтасыңдар бұл тотықұс.

-Ой балалар қараңдаршы тағы бір дауыс шығатын секілді. Тордағы тотықұсты көрсету.

  • балалар бұл қандай құс болды, тотықұс.

-Балалар тотықұс бұл өз еркімен сөйлей алмайды, Тотықұс ол әлемдегі ең әдемі құстардың бірі. Олар Африка, Америка ,Афстралия елдерінде тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретеді, торда ұстайды. Себебі олар суықты ұнатпайды, жылы жерді ұнатады. Олардың қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, ал аяқтары жүру үшін және бұтаққа қонып отыру үшін керек екен. Біздердің сөйлеген сөзімізді ғана қайталайды, ол билегенді жақсы көреді, қане тотықұстармен билегілерің келеме. Жарайсыңдар. Балалар билейді.

-Тотықұсты қараңдаршы баларлар торда неше тотықұс тұр екен, тотықұс торда жалғызсырап тұр екен, енді осы тотықұстың қасына достарын тауып беремізбе?

  • Олай болса балалар менің қолымда екі түсті тәтті шеколадтар бар, қызыл және көк түсті. Сіздер осы шеколадтарды таңдау арқылы екі топқа бөлінесіздер.

-Ал енді балалар қараймыз, біздің алдымызда тотықұстың суреті берілген , осы үлгіге қарай отырып тотықұсты әдемілеп түстерін сәйкестендіріп бояймыз. Олай болса жұмысымызға кірісейік.Жай музыка жіберіледі.

Ой балалар қандай керемет әдемі тотықұс пайда болды. Енді балалар біздің тордығы тотықұсымыз жалғыз емес, оның екі досы пайда болы, олар сонымен неше тотықұс болды балалар, өте жақсы тотықұс енді жалғызсырамайтын болды, тотықұс сіздерге рахметін айтып жатыр.

Қорытынды:

Балалар сіздерге бүгінгі оқу қызыметі ұнадыма?

Бүгін біз қандай құспен таныстық?

Оның қандай дене мүшелері бар екен?

Қандай түстермен боядық?

Неше дос тауып бердік?

Жарайсыңдар бүгінгі оқу қызыметіне барлықтарыңызда өте жақсы қатынастыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.