Жаңа сабақтар

Сарапшылар: COVID-19 кезінде Орталық Азия елдерінде құқық бұзушылықтар орын алды

Бішкек, Душанбе, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар кеңсесі және Өзбекстандағы жобалар үйлестірушісі сарапшылардың қатысуымен пандемия кезіндегі адам құқықтары жайлы өңірлік конференция өткізді.

Сарапшылардың айтуынша, Орталық Азия елдері халқын COVID-тен тиісті деңгейді қорғауды қамтамасыз етпеген. Сондай-ақ, үйдегі зорлық-зомбылық ушығып, тұтқындар мен басқа да халықтың осал топтарының жағдайы нашарлаған.

«Пандемия кезінде бүкіл әлемде, соның ішінде Еуропа мен Орталық Азияда құқықтық теңсіздік көрсеткіші артты. Барлық елдерде бизнес пен жеке ұйымдар өте қиын жағдайға ұшырады. Гендерлік теңсіздік артып, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі өсті», — деп хабарлады ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кестутис Янкаускас. «Жиналыс бостандығы, сөз бостандығы, шынайы ақпаратқа қол жеткізу бостандығы қай кезде де қажет. Пандемия уақытында жалған ақпарат көп тарады. Адам құқықтарын қорғау мәселелері неғұрлым тез арада шешілсе, біздің қоғам соғұрлым тұрақты болады», — деді елші.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова кейбір кәсіпорындардың қызметкерлері жалақысының төленбеуіне шағымданғанын атап өтті. «Олар осындай құқық бұзушылықтарды тексеруді және жоюды сұрады. Бірақ тексеру бойынша қолданыстағы мораторийге тап болды. Дегенмен, тексеруді электрондық базалар бойынша жүргізуге болады, оларды әзірлеуге мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінген болатын» — дейді Эльвира Әзімова.

«Әйелдерді қолдау орталығының» директоры, қырғызстандық сарапшы Балғақы Досалиева да өз еліндегі мемлекеттік құрылымдардың әрекетін сынға алды. «Қырғызстандағы COVID-19 пандемиясына байланысты сайлау процесін тоқтата тұрдық. Мұның соңы халықтың «пара алуына» әкеліп соқты. Кандидаттар қырғызстандықтарға гуманитарлық көмекті жаппай тарата бастады. Қырғыз Республикасының Конституциялық заңы мен Қырғыз Республикасының «Жергілікті кенештердің депутаттарын сайлау туралы» Заңы саяси партиялар тарапынан жаппай бұзылды», — дейді Балғақы Досалиева.

Тәжікстан мен Түрікменстан билігі «пандемия бізге жетпеді» деп мәлімдеп, теріске шығару позициясын қабылдаған кезде Қазақстан мен Қырғызстан билігі коронавирустың таралуына байланысты жедел шаралар қабылдады. Өзбекстан өз кезегінде төтенше жағдай жариялаусыз карантин енгізді, — деп атап өтті сарапшылар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.