Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Марғұлан оқулары – 2021: Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өткізілетін уақыты мен орны:
2021 ж. 26–27 қазаны, сағ. 09.00–18.00
Алматы қ., Шевченко к-сі, 28 «Ғылым ордасы»,
кіші конференц-зал, кітапхананың конференц-залы

2021 жылдың 26 қазанында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты ұйымдастырған «Марғұлан оқулары – 2021: Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының салтанатты ашылуы болады.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына орайластырылған.

Конференцияға қатысуға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Түркия, Румыния сияқты жақын және алыс шетелдерден, сондай-ақ Қазақстанның 15 қаласынан жүзден астам ғалым өтінім берді. Жалпы алғанда Еуразия археологиясының әртүрлі мәселелері бойынша 81 ғылыми баяндама тыңдау жоспарлануда.

Жетекші ғалымдар зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелері туралы баяндайтын болады. Конференция археология саласындағы ғылыми қауымдастық арасында ақпаратпен алмасуды бір жолға қою, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанның әлемдік ғылыми ортаға интеграциялануы саласында өзіндік алаңына айналады.

«Марғұлан оқулары – 2021» конференциясы аясында «Қазақстан археологиясы: өзекті мәселелер мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Онда отандық археология ғылымының өзекті мәселелерін келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда: 1) Қазақстан археология ғылымының бүгінгі жағдайы; 2) Қазақстанның археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері; 3) отандық ғылыми кадрларды даярлау мәселесі; 4) Қазақстан археология ғылымының даму перспективалары.

Конференция мен дөңгелек үстел соңында «Қазақстан археологиясын дамыту туралы» қарар қабылдау және конференция материалдарының үш томдық жинағын басып шығару қарастырылған.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.