Жаңа сабақтар

Үй жануарлары

БҚО, Орал қаласы «№ 47 ЖОББМ» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі. Педагог-модератор
Гатауллина Марина Махабатовна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Таным: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Үй жануарлары түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттерін слайд арқылы көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттері, құрылыс материалдары, құрт жасауға дайындалған сүзбе.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Тәрбиеші: Балалар, «Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтар мен амандасып алайық.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!

Шаттық шеңбері: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Көп танысты көреміз,

Алдымыздан кезіккен,

Бәріне де ізетпен.

Иіліп сәлем береміз.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Қыс мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?

Раяна: Өктем үн жоқ өзінде,

Мұз қабағын түйіпті.

Қысылатын біз емес,

Қыс та бізге сүйікті.

Айару: Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жол аппақ түске енді,

Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.

Абулхайыр: Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр мақтанып.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Ендеше, балалар тыңдайықшы, ненің даусы шығады?

-Дұрыс айтасыңдар, үй жануарларының дауыстары екен. Осы жануарлар үй жануарлары деп аталады.

-Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?

-Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, лағым,қошақаным.

Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, кім тапқыр екенін білейік.

1.Қамыс құлақ, тоқсан тұяқ,

Мінсең қанат,сүті дәрі, еті-тамақ. (Жылқы)

2.Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы.

Ойын болып көкрегі,

Аула оның тұрағы. (Лақ)

3.Екі найзасы бар,

Екі айнасы бар.

Төрт аяғы бар,

Төрт таяғы бар. (Сиыр)

-Жарайсыңдар, балалар! Ендеше балалар бойымызды сергітіп алайық.

(Музыка әуенімен бойларын сергіту)

Балалар үй жануарларының пайдасы өте зор. Үй жануарларынан ет, сүт өнімдерін, жүндерінен киім тоқиды. Мына суреттегі сүт өнімдерін атайық (сүт, ірімшік,май, ет, құрт) Ендеше балалар бүгінгі оқу қызметімізде құрт жасап үйренеміз. Балаларға құрт жасауға дайындалған сүт өнімдерін көрсете отырып, құрт жасауды үйрету.Балалардың жұмыстарын қадағалау.

Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді мынадай мақал-мәтелдермен аяқтағым келіп тұр:

1.Нар жолында жүк қалмас.

2.Қой семізі қойшыдан.

3.Ат ұстаған азабынан құтылады.

(балаларға қайталату) Міне, осындай мақал-мәтелдерді жаттап жүрейік. Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерді жұлдызшалармен мадақтаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.